Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.06.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 7) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ әлемде COVID-19 таралуы салдарынан санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылсын.
1-1. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 01.07.2020 № 417 қаулысымен.2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі енгізілетін шектеулер туралы шекаралас мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы белгіленген тәртіппен хабарласын.
3. Осы қаулы шекаралас мемлекеттерге хабарлағаннан кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі уақытша жабылған автомобиль өткізу пункттерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 369 қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:
1) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 369 қаулысымен.2) Ресей Федерациясымен шекара арқылы өткізу пункттері:
Қондыбай | Қостанай облысы |
Ақбалшық | Қостанай облысы |
Қызыл жар | Солтүстік Қазақстан облысы |
Найза | Павлодар облысы |
Жезкент | Шығыс Қазақстан облысы |
Байтанат | Шығыс Қазақстан облысы |
Қоянбай | Шығыс Қазақстан облысы |
Орда | Батыс Қазақстан облысы |
Шаған | Батыс Қазақстан облысы |
Қарашатау | Ақтөбе облысы |
4) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы өткізу пункттері:
Целинный | Түркістан облысы |
Сырдария | Түркістан облысы |