Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттерін уақытша жабу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 155 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 29 маусымдағы № 449 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.06.2022 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 55-бабының 7) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ әлемде COVID-19 таралуы салдарынан санитариялық-эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес санитариялық-эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі автомобиль өткізу пункттері уақытша жабылсын.

      1-1. Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 01.07.2020 № 417 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі енгізілетін шектеулер туралы шекаралас мемлекеттерге дипломатиялық арналар арқылы белгіленген тәртіппен хабарласын.

      3. Осы қаулы шекаралас мемлекеттерге хабарлағаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 30 наурыздағы
№ 155 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасының кейбір учаскелеріндегі уақытша жабылған автомобиль өткізу пункттерінің тізбесі

      Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 369 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттері:

      1) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 369 қаулысымен.

      2) Ресей Федерациясымен шекара арқылы өткізу пункттері:

Қондыбай

Қостанай облысы

Ақбалшық

Қостанай облысы

Қызыл жар

Солтүстік Қазақстан облысы

Найза

Павлодар облысы

Жезкент

Шығыс Қазақстан облысы

Байтанат

Шығыс Қазақстан облысы

Қоянбай

Шығыс Қазақстан облысы

Орда

Батыс Қазақстан облысы

Шаған

Батыс Қазақстан облысы

Қарашатау

Ақтөбе облысы

      3) Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 10.06.2020 № 369 қаулысымен.

      4) Өзбекстан Республикасымен шекара арқылы өткізу пункттері:

Целинный

Түркістан облысы

Сырдария

Түркістан облысы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады