ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі
"Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 286 Жарлығы 1-тармағының 2) тармақшасына және 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысымен бекітілген Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды, фармацевтикалық көрсетілетін қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу қағидаларының 19-тарауын қолдану кезінде 13-тармақтың, 20-тармақтың 4), 10) тармақшаларының, 21-тармақтың 5) тармақшасының қолданылуы Қазақстан Республикасында төтенше жағдай қолданылатын кезеңге тоқтатыла тұрсын.
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жүктелсін.
4. Осы қаулы 2020 жылғы 1 сәуірден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 7 сәуірдегі № 182 қаулысына қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 731 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.