"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 сәуірдегі № 215 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне төтенше жағдай мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер енгізілсін:

      1. "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2003 ж., № 3, 18-құжат; 2006 ж., № 2, 14-құжат; 2007 ж., № 9, 67-құжат; 2008 ж., № 6-7, 27-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; 2011 ж., № 5, 43-құжат; 2013 ж., № 14, 72-құжат; 2014 ж., № 7, 37-құжат; 2015 ж., № 1, 2-құжат; 2017 ж., № 11, 29-құжат; 2018 ж., № 24, 93-құжат):

      1) 4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Төтенше жағдай кезінде және осыған байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайында қолданылатын шаралар мен уақытша шектеулер";

      2) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "15-бап. Төтенше жағдай енгiзiлген кезде қолданылатын негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер

      1. Төтенше жағдай енгiзiлген кезде оның қолданылуы кезеңiнде мынадай негiзгi шаралар мен уақытша шектеулер көзделеді:

      1) қоғамдық тәртiптiң сақталуын, аса маңызды мемлекеттiк және стратегиялық объектiлердiң, сондай-ақ халықтың тыныс-тiршiлiгiн және көлiк қызметiнiң жұмыс iстеуiн қамтамасыз ететiн объектiлердiң күзетілуін күшейту;

      2) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде жүрiп-тұру еркiндiгiне, оның iшiнде көлiк құралдары қозғалысының еркiндiгiне шектеу белгілеу;

      3) жеке тұлғалардың жеке басын куәландыратын құжаттарын тексеру, оларды жеке қарап-тексеру, олардың алып жүрген заттарын, көлiк құралдарын қарап-тексеру;

      4) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерге немесе Қазақстан Республикасының аумағына кiруге, сондай-ақ олардан шығуға шектеу белгiлеу;

      5) жиналыстарды, митингiлер мен демонстрацияларды, шерулер мен пикетке шығуды, ойын-сауық, спорттық және басқа да бұқаралық iс-шараларды, сондай-ақ баланың туылуына, үйлену тойына, қайтыс болуға байланысты отбасылық салт-жораларды өткізуге тыйым салу немесе шектеу;

      6) ереуiлдерге және заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұрудың немесе тоқтатудың өзге де тәсілдеріне тыйым салу;

      7) жарылғыш, радиоактивтi, сондай-ақ химиялық және биологиялық қауiптi заттарды пайдаланатын заңды тұлғалардың қызметiн тоқтата тұру;

      8) егер төтенше мән-жайларға байланысты материалдық және мәдени құндылықтардың жойылуының, ұрлануының немесе бүлiнуiнiң нақты қаупi болса, оларды қауiпсiз аудандарға көшiру;

      9) төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде ол қолданылатын бүкiл кезең iшiнде сайлау және республикалық референдумдар өткiзуге тыйым салу;

      10) үкiметтiк байланысты қоспағанда, байланыс желiлері мен құралдарының қызметін тоқтата тұру.

      2. Төтенше жағдай енгізілген және осыған байланысты туындаған әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыс жағдайы кезеңінде елдің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес салық, бюджет, кеден, банк, еңбек заңнамасының, монополияға қарсы заңнаманың, халық денсаулығы мен денсаулық сақтау жүйесі, мемлекеттік сатып алу, валюталық реттеу туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау, мемлекеттік мүлік саласындағы, бәсекелестікті қорғау, мемлекеттік бақылау және қадағалау, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру мәселелері жөніндегі заңнаманың қолданылу ерекшеліктері белгіленуі мүмкін.";

      3) 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "21-бап. Төтенше жағдайдың қолданылуын тоқтатудың құқықтық салдары

      1. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында қабылданған және жеке тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарын уақытша шектеуге байланысты нормативтік құқықтық актілер төтенше жағдай енгізілген мерзім ішінде ғана қолданылады және осы Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған актілерді қоспағанда, төтенше жағдайдың тоқтатылуымен бiр мезгiлде ол туралы арнайы хабарландырусыз-ақ күшiн жояды.

      Осы Заңның 15-бабының 2-тармағына сәйкес қабылданған құқықтық актілердің ережелері, егер Қазақстан Республикасы Президентімен немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша актілердің өзінде өзгеше қолданылу мерзімі белгіленбесе, төтенше жағдайдың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін қолданылады.

      2. Төтенше жағдайдың қолдануын тоқтату төтенше жағдай режимiн бұзу туралы iстер бойынша әкiмшiлiк iс жүргiзудiң тоқтатылуына әкеледі.".

      2. "Құқықтық актілер туралы" 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2016 ж., № 7-I, 46-құжат; 2017 ж., № 14, 51-құжат; № 16, 56-құжат; 2018 ж., № 10, 32-құжат; № 14, 44-құжат; № 16, 53-құжат, 55-құжат; № 19, 62-құжат; 2019 ж., № 2, 6-құжат; № 15-16, 67-құжат):

      46-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы белгілі бір мерзімге тоқтатыла тұруы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуын тоқтата тұру осы тармақтың екінші бөлігінде көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке нормативтік құқықтық актімен жүзеге асырылады.

      Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданылуы "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.".

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2020 жылғы 15 наурыздан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Президенті

О проекте Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам чрезвычайного положения"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 16 апреля 2020 года № 215

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан "О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам чрезвычайного положения".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Проект

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН
О внесении изменений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам чрезвычайного положения

      Статья 1. Внести изменения в следующие законодательные акты Республики Казахстан:

      1. В Закон Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2003 г., № 3, ст. 18; 2006 г., № 2, ст. 14; 2007 г., № 9, ст. 67; 2008 г., № 6-7, ст. 27; 2009 г., № 8, ст. 44; 2010 г., № 7, ст. 32; 2011 г., № 5, ст. 43; 2013 г., № 14, ст. 72; 2014 г., № 7, ст. 37; 2015 г., № 1, ст. 2; 2017 г., № 11, ст. 29; 2018 г., № 24, ст. 93):

      1) заголовок главы 4 изложить в следующей редакции:

      "Глава 4. Меры и временные ограничения, применяемые в условиях чрезвычайного положения и возникшей в этой связи кризисной ситуации в социально-экономической сфере";

      2) статью 15 изложить в следующей редакции:

      "Статья 15. Основные меры и временные ограничения, применяемые при введении чрезвычайного положения

      1. При введении чрезвычайного положения на период его действия предусматриваются следующие основные меры и временные ограничения:

      1) усиление охраны общественного порядка, охраны особо важных государственных и стратегических объектов, а также объектов, обеспечивающих жизнедеятельность населения и функционирование транспорта;

      2) установление ограничений на свободу передвижения, в том числе транспортных средств, в местности, где введено чрезвычайное положение;

      3) проверка документов, удостоверяющих личность физических лиц, личный досмотр, досмотр находящихся при них вещей, транспортных средств;

      4) установление ограничений на въезд в местность, где введено чрезвычайное положение, или на территорию Республики Казахстан, а также выезд из них;

      5) запрещение или ограничение проведения собраний, митингов и демонстраций, шествий и пикетирований, зрелищных, спортивных и других массовых мероприятий, а также семейных обрядов, связанных с рождением, свадьбой, смертью;

      6) запрещение забастовок и иных способов приостановления или прекращения деятельности юридических лиц;

      7) приостановление деятельности юридических лиц, в которых используются взрывчатые, радиоактивные, а также химически и биологически опасные вещества;

      8) эвакуация материальных и культурных ценностей в безопасные районы в случае, если существует реальная угроза их уничтожения, похищения или повреждения в связи с чрезвычайными обстоятельствами;

      9) запрещение проведения выборов и республиканских референдумов в течение всего периода действия чрезвычайного положения в местности, где оно введено;

      10) приостановление деятельности сетей и средств связи, за исключением правительственной связи.

      2. Для обеспечения экономической безопасности страны в период введения чрезвычайного положения и возникшей в связи с этим кризисной ситуации в социально-экономической сфере в соответствии с актами Президента Республики Казахстан могут быть установлены особенности действия налогового, бюджетного, таможенного, банковского, трудового, антимонопольного законодательства, законодательства о здоровье народа и системе здравоохранения, государственных закупках, валютном регулировании, в сфере социальной защиты граждан, государственного имущества, по вопросам защиты конкуренции, государственного контроля и надзора, реализации международных обязательств страны.";

      3) статью 21 изложить в следующей редакции:

      "Статья 21. Правовые последствия прекращения действия чрезвычайного положения

      1. Нормативные правовые акты, принятые в целях обеспечения режима чрезвычайного положения и связанные с временным ограничением прав и свобод физических лиц, а также прав юридических лиц, применяются только в течение срока, на который введено чрезвычайное положение, и утрачивают силу одновременно с прекращением действия чрезвычайного положения без специального о том уведомления, за исключением актов, принятых в соответствии с пунктом 2 статьи 15 настоящего Закона.

      Положения правовых актов, принятых в соответствии с пунктом 2 статьи 15 настоящего Закона, действуют до окончания срока действия чрезвычайного положения, если по согласованию с Президентом Республики Казахстан или по его поручению с Администрацией Президента Республики Казахстан в самих актах не установлен иной срок действия.

      2. Прекращение действия чрезвычайного положения влечет прекращение административного производства по делам о нарушении режима чрезвычайного положения.".

      2. В Закон Республики Казахстан от 6 апреля 2016 года "О правовых актах" (Ведомости Парламента Республики Казахстан, 2016 г., № 7-I, ст. 46; 2017 г., № 14, ст. 51; № 16, ст. 56; 2018 г., № 10, ст. 32; № 14, ст. 44; № 16, ст. 53, 55; № 19, ст. 62; 2019 г., № 2, ст. 6; № 15-16, ст. 67):

      пункт 1 статьи 46 изложить в следующей редакции:

      "1. Действие нормативного правового акта или его отдельных норм может быть приостановлено на определенный срок. Приостановление действия нормативного правового акта или его отдельных норм осуществляется отдельным нормативным правовым актом, за исключением случаев, предусмотренных частью второй настоящего пункта.

      Действие нормативного правового акта или отдельных его норм может быть приостановлено в случае и порядке, предусмотренном пунктом 2 статьи 15 Закона Республики Казахстан от 8 февраля 2003 года "О чрезвычайном положении".".

      Статья 2. Настоящий Закон вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на правоотношения, возникшие с 15 марта 2020 года.

      Президент
Республики Казахстан