Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 249 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 8 қыркүйектегі № 775 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2023 № 775 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
  2020 жылғы 24 сәуірдегі
№ 249 қаулысымен
бекітілген

Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 14.05.2020 № 296 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен наградтау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Елбасы медалі" – осы Қағидаларда көзделген талаптарды табысты орындағаны үшін жеңімпаздарға патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін берілетін ерекшелік белгісі;

      2) әкімші – он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған ұйым;

      3) бағдарлама – он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін іріктеу және ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шаралар;

      4) орталықтар – білім беру ұйымдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер және әкімші осы Қағидаларда көзделген міндеттерді іске асыру үшін айқындаған өзге де заңды тұлғалар;

      5) тәлімгерлер – қатысушыларға әдістемелік қолдау көрсететін орталықтың қызметкерлері.

      3. "Елбасы медалі" ерекшелік белгісінің құрылтайшысы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қоры болып табылады.

      4. Бағдарламаны қаржыландыру республикалық, жергілікті бюджеттердің қаражатынан және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден жүзеге асырылады.

2-тарау. Қатысушыларды наградтау тәртібі

      5. "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен наградтауға осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көрсетілген деңгейлердің бірінің талаптарын табысты орындаған он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастар ұсынылады.

      6. Әкімші "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен наградтау үшін он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі балалар мен жастардың қызметін ұйымдастыру және іріктеу тәртібін, бағдарламаның деңгейлері мен қатысушыларға қойылатын талаптарды, бағдарламаның ұйымдық құрылымын, бағдарламаның кадрлық құрамын және оның міндеттерін айқындайтын бағдарлама туралы ережені бекітеді.

      7. Бағдарламаға қатысу қызметтің мынадай бағыттарын қамтиды:

      1) "Спорт және физикалық даму" – әртүрлі спорт түрлерімен секцияларда және/немесе білім беру ұйымдарында, сондай-ақ өз бетінше шұғылдану;

      2) "Таланттар мен дағдылар" – әлеуметтік және практикалық дағдыларды дамытуға, үйірмелерге, курстарға, тренингтерге, практикумдарға бару арқылы таланттарды ашуға, зияткерлік, шығармашылық, ғылыми-техникалық конкурстарға, олимпиадаларға, көрмелерге, жарыстарға қатысуға және өз бетінше оқуға бағытталған сабақтар;

      3) "Кітап оқу" – ұсынылған әдебиеттер тізбесінен "Қазақ әдебиетінің алтын қоры", "Әлемдік әдебиеттің алтын қоры", "Тұлғалық өсу мен өзін-өзі дамытуға арналған кітаптар, ғылыми-көпшілік әдебиеттер" атты үш бөлім бойынша кітап оқу;

      4) "Ұлттық мұра" – ұлттық спорт түрлерімен айналысу, ұлттық мәдениеттегі, ас әзірлеудегі, сәндік-қолданбалы өнердегі таланттар мен дағдыларды дамыту не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен бір кітапты қосымша оқу. Қатысушы осы бағытты алғашқы үш бағыттың бірімен үйлестіре алады;

      5) "Волонтерлік" – мұқтаж адамдарға, қоршаған ортаға және жануарларға тегін қызмет көрсету және азаматтық қатысудың басқа да нысандары арқылы көмек көрсетуге бағытталған қызмет;

      6) "Туристік жорықтар" – туған өлкені зерттеуге және патриотизмді дамытуға бағытталған экскурсиялар;

      7) "Еңбек практикасы" – нақты өндіріс жағдайында әртүрлі кәсіпорындарда және кез келген салада жұмыс істеу.

      8. Жеңімпаздар "Елбасы медалі" ерекшелік белгілерінің үш түрімен наградталады: қола, күміс және алтын.

      9. "Елбасы медалі" қола ерекшелік белгісімен алты ай ішінде мынадай талаптарды орындаған 14 (он төрт) жастан асқан қатысушылар наградталады:

      1) "Спорт және физикалық даму", "Таланттар мен дағдылар" және "Волонтерлік" бағыттар бойынша – үш ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;

      2) "Кітап оқу" бағыты бойынша – барлық үш бөлімнен кемінде үш кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен бір кітап оқу;

      3) "Ұлттық мұра" бағыты бойынша – үш ай бойы аптасына кемінде бір сағат оқу не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен қосымша бір кітап оқу;

      4) "Туристік жорықтар" бағыты бойынша – екі күндік экскурсиялар.

      10. "Елбасы медалі" күміс ерекшелік белгісімен он екі ай ішінде мынадай талаптарды орындаған 15 (он бес) жастан асқан қатысушылар наградталады:

      1) "Спорт және физикалық даму" және "Таланттар мен дағдылар" бағыттары бойынша – бір бағыт бойынша үш ай және басқа бағыт бойынша алты ай (таңдауы бойынша) ішінде аптасына кемінде бір сағат;

      2) "Волонтерлік" бағыты бойынша – алты ай бойы аптасына кемінде бір сағат;

      3) "Кітап оқу" бағыты бойынша – барлық үш бөлімнен кемінде алты кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен екі кітап оқу;

      4) "Ұлттық мұра" бағыты бойынша – үш немесе алты ай бойы аптасына кемінде бір сағат не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен қосымша бір кітап оқу;

      5) "Туристік жорықтар" бағыты бойынша – үш күндік экскурсиялар.

      11. "Елбасы медалі" алтын ерекшелік белгісімен он сегіз ай ішінде мынадай талаптарды орындаған 16 (он алты) жастан асқан қатысушылар наградталады:

      1) "Спорт және физикалық даму" және "Таланттар мен дағдылар" бағыттары бойынша – бір бағыт бойынша алты ай және қатысушының таңдауы бойынша басқа бағыт бойынша тоғыз ай бойы аптасына кемінде бір сағат айналысу;

      2) "Волонтерлік" бағыты бойынша – бір жыл бойы аптасына кемінде бір сағат;

      3) "Кітап оқу" бағыты бойынша – барлық үш бөлімнен кемінде тоғыз кітап, оның ішінде "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен үш кітап оқу;

      4) "Ұлттық мұра" бағыты бойынша – алты немесе тоғыз ай бойы аптасына кемінде бір сағат не "Қазақ әдебиетінің алтын қоры" бөлімінен қосымша бір кітап оқу;

      5) "Туристік жорықтар" бағыты бойынша – төрт күндік экскурсиялар;

      6) "Еңбек практикасы" бағыты бойынша – кемінде бес күн.

      12. Бағдарламаға қатысуға ниет білдірушілер әкімші айқындаған интернет-ресурста тіркеледі және өз қалауы бойынша тиісті деңгейде қатысуға өтінімді орналастырады. Өтінім осы Қағидалардың 9, 10 және 11-тармақтарында көрсетілген жасы бойынша талапқа сәйкес келмеген жағдайда қабылданбайды.

      13. Өтінімді тіркегеннен кейін қатысушыға тұратын өңіріне не оқу орнына сәйкес орталық пен тәлімгер, сондай-ақ таңдалған деңгейге сәйкес нормативтер мен қатысудың жеке графигі ұсынылады.

      14. Жеке графикке сәйкес тәлімгер қатысушыға талаптарды орындау бойынша нұсқау береді, сондай-ақ консультативтік және әдістемелік қолдау көрсетеді.

      15. Талаптарды орындау нәтижелері бойынша қатысушы журналға (күнделікке) мынадай ақпарат енгізеді:

      1) спорттық, шығармашылық қызмет, сондай-ақ ұлттық спорт түрлерімен айналысу, ұлттық мәдениеттегі, ас әзірлеудегі, сәндік-қолданбалы өнердегі таланттар мен дағдыларды дамыту туралы – тәлімгер растаған тұрақты жеке есептер және жеке графикке сәйкес прогресс туралы белгілер;

      2) кітап оқу туралы – жеке графикке сәйкес белгілі бір кезеңде оқылған мазмұнға өзінің көзқарасын баяндай отырып, тәлімгер растаған қысқаша эссе не бейнеролик;

      3) волонтерлік қызмет және экскурсияларға қатысу туралы – тәлімгер растаған күн сайынғы қысқаша есеп, оның ішінде акцияның атауы мен нәтижелері, фото не бейнеоролигі бар қосымшалар;

      4) еңбек практикасы туралы – еңбек практикасын өткен жерден қысқаша есеп және растау.

      16. Спорттық қызмет бойынша талаптар Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінің нормативтерін тапсыру кезінде орындалған болып есептеледі. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы тестілерінің нормативтерін бағдарлама деңгейлері бойынша бөлуді әкімші жүргізеді. Мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін әкімші бөлек талаптарды көздейді.

      Қатысушының таңдалған деңгейден өтуі журналды (күнделікті) жеке графикке сәйкес толтыру және тәлімгердің барлық бағыттар бойынша растауы кезінде аяқталған болып саналады.

      Тәлімгердің "Спорт және физикалық даму", "Таланттар мен дағдылар", "Ұлттық мұра" бағыттары бойынша бағалауына қатысушының қол жеткізген нәтижесі көрсетіліп, қысқаша бейнеролик қоса беріледі.

      17. Бағдарламаның қорытындыларын шығару үшін әкімші кемінде 7 адамнан тұратын наградтау жөнінде комиссия құрады. Наградтау жөніндегі комиссияның құрамына білім беру саласындағы уәкілетті органның, мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, әкімшінің өкілдері, сондай-ақ жұртшылық өкілдері кіреді.

      18. Наградтау жөніндегі комиссияның функциялары:

      1) наградтауға үміткерлердің құжаттарын қарау;

      2) наградтауға үміткерлердің нәтижелерін бағалау;

      3) үміткерлерді "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен наградтау туралы шешім қабылдау.

      19. Наградтау жөніндегі комиссияның шешімі ашық дауыс беру арқылы қабылданады және егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп саналады.

      Кандидатқа қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда ол оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда наградтау жөніндегі комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Наградтау жөніндегі комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді.

      20. Наградтау жөніндегі комиссияның шешімі және "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен наградтауға ұсынылғандардың тізімдері әкімшінің және білім беру саласындағы уәкілетті органның интернет-ресурстарында орналастырылады.

      21. "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен наградтау рәсімін әкімші жыл сайын желтоқсан айында Нұр-Сұлтан қаласында білім беру саласындағы уәкілетті органмен, облыс орталықтары мен республикалық маңызы бар қалаларда – жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізеді.

      22. Бірдей дәрежелі "Елбасы медалі" ерекшелік белгісімен қайталап наградтауға жол берілмейді.

      23. Балдары тең болған жағдайда "Елбасы медалі" ерекшелік белгісінің иегерлері Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен білім беру гранттарын алуға, сондай-ақ жоғары білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша білім алушылардың құрамына қабылдануға басым құқыққа ие болады.

      Әкімші өз шешімімен "Елбасы медалі" ерекшелік белгісінің иегерлерін көтермелеудің қосымша шараларын белгілейді.

On approval of the Rules for awarding children and youth of fourteen to twenty-nine years old with a merit badge for their shown patriotism and social activism

Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan No. 249 of April 24, 2020. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 08.09.2023 No. 775

      Unofficial translation

      Footnote. Abolished by the Decree of the Government of the Republic of Kazakhstan dated 08.09.2023 No. 775 (effective after ten calendar days after the date of its first official publication)

      In the implementation of subparagraph 5-2) of Article 4 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 27, 2007 On Education, the Government of the Republic of Kazakhstan hereby RESOLVES:

      1. To approve the attached Rules for awarding children and youth of fourteen to twenty-nine years old with a merit badge for their shown patriotism and social activism.

      This resolution shall take effect upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication.

      Prime Minister
of the Republic of Kazakhstan
A. Mamin

  Approved
by Resolution No. 249
of the Government
of the Republic of Kazakhstan
dated April 24, 2020

Rules for awarding children and youth of fourteen to twenty-nine years old with a merit badge for their shown patriotism and social activism

      Footnote. The rules as amended by the Resolution of the Government of the Republic of Kazakhstan dated May 14, 2020 No. 296 (shall be enforced upon expiry of ten calendar days after the date of its first official publication).

Chapter 1. General Provisions

      1. These Rules for awarding children and youth of fourteen to twenty-nine years old with a merit badge for their shown patriotism and social activism (hereinafter - the Rules) have been developed in accordance with subparagraph 5-2) of Article 4 of the Law of the Republic of Kazakhstan dated July 27, 2007 On Education and define the procedure for awarding children and youth of fourteen to twenty-nine years old with the “Elbasy Medal” badge of merit for their shown patriotism and social activism.

      2. The following concepts shall be used in these Rules:

      1) Elbasy Medal - a badge of merit for shown patriotism and social activism, awarded to the winners for the successful fulfillment of the requirements provided for by these Rules;

      2) administrator - an organization determined by the Government of the Republic of Kazakhstan for the implementation of measures on awarding a badge of merit for the shown patriotism and social activism of children and youth of fourteen to twenty-nine years old;

      3) program - events for the selection and awarding of a badge of merit for patriotism and social activism shown by children and youth of fourteen to twenty-nine;

      4) centers - educational organizations, non-governmental organizations, public associations and other legal entities authorized by the administrator to implement the tasks provided for by these Rules;

      5) mentors - employees of the center who provide methodological support to the participants.

      3. The founder of Elbasy Medal badge of merit is the Foundation of the First President of the Republic of Kazakhstan - Elbasy.

      4. The program is financed from the funds of the republican, local budgets and other sources not prohibited by the legislation of the Republic of Kazakhstan.

Chapter 2. Procedure for awarding the participants

      5. Children and youth of fourteen to twenty-nine years old who have successfully fulfilled the requirements of one of the levels indicated in paragraphs 9, 10 and 11 of these Rules, shall be nominated to be awarded the Elbasy Medal merit badge.

      6. The administrator shall approve the regulations on the program defining the procedure for selecting and organizing the activities of children and youth of fourteen to twenty-nine years old to be awarded the Elbasy Medal, the levels of the program and requirements for participants, the organizational structure of the program, the working team of the program and its tasks.

      7. Participation in the program shall include the following activity areas:

      1) "Sports and physical development" - practicing various sports in sections and (or) in educational institutions, as well as independently;

      2) "Talents and skills" - classes aimed at developing social and practical skills, disclosing talents through attending clubs, courses, trainings, workshops, participation in intellectual, creative, scientific and technical competitions, Olympiads, exhibitions, contests and self-study;

      3) “Reading books” from the list of recommended literature in three sections “Golden pool of Kazakh literature”, “Golden pool of world literature”, “Books for personal growth and self-development, popular science literature”;

      4) "National heritage" - practicing national sports, developing talents and skills in national culture, cuisine, arts and crafts, or additional reading of one book from the section "The Golden Pool of Kazakh Literature". The participant can combine this area with one of the first three areas;

      5) "Volunteering" - service to the community aimed at helping those in need, helping the environment and animals through the provision of free services and other forms of civic participation;

      6) "Walking Tours" - excursions aimed at studying the native land and development of patriotism;

      7) "Labor Practice" - work at various enterprises and in any area in real production.

      8. Winners shall be awarded with three types of the Elbasy Medal: bronze, silver and gold.

      9. The bronze Elbasy Medal merit badge shall be awarded to participants aged 14 (fourteen) who have fulfilled the following requirements within six months:

      1) in the areas of "Sports and Physical Development", "Talents and Skills", "Volunteering" - at least one hour of classes per week for three months;

      2) in the "Reading books" area - reading at least three books from all three sections, including one book from "The Golden Pool of Kazakh Literature" section;

      3) in the "National Heritage" area - at least one hour of classes per week for three months, or an additional reading of one book from "The Golden Pool of Kazakh Literature" section;

      4) in the "Walking Tours" area - two-day excursions.

      10. The silver Elbasy Medal badge of merit shall be awarded to participants aged 15 (fifteen), who have fulfilled the following requirements within twelve months:

      1) in the areas of "Sports and Physical Development", "Talents and Skills" - at least one hour of classes per week for three months in one area and six months in another area at the participant's choice;

      2) in the "Volunteering" area- at least one hour of classes per week for six months;

      3) in the "Reading books" area - reading at least six books from all three sections, including two books from "The Golden Pool of Kazakh Literature" section;

      4) in the "National Heritage" direction - at least one hour of classes per week for three or six months, or reading one additional book from "The Golden Pool of Kazakh Literature" section;

      5) in the "Walking Tours" area - three-day excursions.

      11. The gold Elbasy Medal merit badge shall be awarded to participants aged 16 (sixteen) , who have fulfilled the following requirements within eighteen months:

      1) in the areas of "Sports and physical development", "Talents and skills" - at least one hour of classes per week for six months in one area and nine months in another area at the choice of the participant;

      2) "Volunteering" - at least one hour of classes per week for one year;

      3) in the "Reading books" area - reading at least nine books from all three sections, including three books from "The Golden Pool of Kazakh Literature" section;

      4) in the "National Heritage" area - at least one hour of classes per week for six or nine months, or reading an additional one book from "The Golden Pool of Kazakh Literature" section;

      5) in the "Walking Tours" area - four-day excursions;

      6) in the "Labor Practice" area - at least five days.

      12. Those wishing to participate in the program shall register on the Internet resource determined by the administrator and place an application for participation in the appropriate level at their discretion. The application shall be rejected if it does not meet the age requirements specified in paragraphs 9, 10 and 11 of these Rules.

      13. After the application registration, the participant shall be offered a center and a mentor in accordance with the region of residence or place of study, as well as standards and an individual schedule of participation according to the selected level.

      14. In accordance with the individual schedule, the mentor shall conduct instruction with the participant on fulfillment of the requirements, and also provide advisory and methodological support.

      15. Basing on the requirements met, the participant shall enter the following information into the log (diary):

      1) on sports, creative activities, as well as practicing national sports, developing talents and skills in the national culture, cuisine, arts and crafts - regular individual reports and progress marks in accordance with an individual schedule, confirmed by a mentor;

      2) on reading books - a short essay or video, confirmed by a mentor, stating his attitude to the content of what he read over a certain period in accordance with an individual schedule;

      3) on volunteering and participation in excursions - a brief daily report, confirmed by the mentor, including the name of the action and the results, with a photo or video attached;

      4) on labor practice - a brief report and confirmation from the place of practice.

      16. The requirements for sports activities shall be considered fulfilled when passing the test standards of the First President of the Republic of Kazakhstan - Elbasy. The administrator shall distribute the test standards of the First President of the Republic of Kazakhstan - Elbasy by program levels. For persons with disabilities, the administrator shall provide for separate requirements.

      Passing by a participant of the selected level shall be considered completed with the log (diary) filled out in accordance with the individual schedule and confirmation by the mentor in all areas.

      A short video of the participant with a demonstration of the achieved result shall be attached to the assessment of the mentor in the areas of "Sports and Physical Development", "Talents and Skills", "National Heritage".

      17. To sum up the results of the program, the administrator shall form an awards committee of at least 7 members. The awards committee shall comprise representatives of the authorized body in education, the authorized body for the state youth policy, the administrator, as well as representatives of the public.

      18. Functions of the awards committee:

      1) examination of the documents of the applicants for the award;

      2) evaluation of the performance results of the applicants for the award;

      3) making a decision on awarding applicants with the Elbasy Medal merit badge.

      19. The decision of the awards committee shall be adopted by open vote and considered legitimate if at least two-thirds of its members are present at the meeting.

      Positive conclusion shall be adopted on the candidate if the majority of those present voted for him. In the event of equality of votes, the chairman of the awards committee shall cast the deciding vote. The decisions of the awards committee shall be recorded in the minutes.

      20. The decision of the awards committee and the lists of the nominees for the Elbasy Medal shall be posted on the Internet resources of the administrator and the authorized body in education.

      21. The ceremony of awarding the Elbasy Medal badge of merit shall be held by the administrator annually in December in the city of Nur-Sultan together with the authorized body in education, in regional administrative centers and cities of republican status - together with local executive bodies.

      22. Repeated awarding with the Elbasy Medal merit badge of the same value shall not be allowed.

      23. In the event of equality of points, holders of the Elbasy Medal, in accordance with the procedure established by the legislation of the Republic of Kazakhstan, shall have the preferential right for educational grants, as well as enrollment as students under the state educational order for training highly educated professionals.

      The administrator shall establish by his decision additional measures to encourage Elbasy medal holders.