"Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 258 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 716 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 40, 531-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Маманды жұмысқа жіберу, өз бетімен жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған азаматтарды жұмысын өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Педагогтік, медициналық, ветеринариялық және ауыл шаруашылығы мамандықтары бойынша ауыл жастары қатарынан шыққан азаматтарға берілетін квота шегінде оқуға түскен азаматтар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын (бұдан әрі – ЖОО) бітіргеннен кейін кемінде үш жыл ауылдық жерде орналасқан тиісінше мемлекеттік білім беру ұйымдарында, мемлекеттік медицина ұйымдарында, ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органдар бөлімшелерінде, мемлекеттік ветеринария ұйымдарында және меншік нысанына қарамастан, аграрлық бейіндегі ұйымдарда жұмысын өтейді.";

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Заңда көзделген жұмысты өтеу жөніндегі міндет:

      1) жұмысты өтеу жөніндегі міндеттің орындалуына байланысты;

      2) тиісті құжаттармен расталған, білім алушының (жас маманның, философия докторының (РhD)) қайтыс болуына байланысты;

      3) жұмысты өтеу мерзімі кезінде I және II топ мүгедектігі белгіленген жағдайда;

      4) Заңда және осы Қағидалардың 27-тармағында көзделген жағдайларда жұмысты өтеу жөніндегі міндетінен босатылуына байланысты бюджет қаражаты есебінен жұмсалған оқытумен байланысты шығыстар қайтарылмай тоқтатылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 390 "Об утверждении Правил направления специалиста на работу, предоставления права самостоятельного трудоустройства, освобождения от обязанности или прекращения обязанности по отработке гражданами, обучавшимися на основе государственного образовательного заказа", и внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 апреля 2020 года № 258. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2023 года № 716.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.08.2023 № 716 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 марта 2012 года № 390 "Об утверждении Правил направления специалиста на работу, предоставления права самостоятельного трудоустройства, освобождения от обязанности или прекращения обязанности по отработке гражданами, обучавшимися на основе государственного образовательного заказа", и внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 23 января 2008 года № 58 "Об утверждении Правил присуждения образовательного гранта" (САПП РК 2012 г., № 40, ст. 531) следующие изменения:

      в Правилах направления специалиста на работу, предоставления права самостоятельного трудоустройства, освобождения от обязанности или прекращения обязанности по отработке гражданами, обучавшимися на основе государственного образовательного заказа, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Граждане, поступившие на обучение по педагогическим, медицинским, ветеринарным и сельскохозяйственным специальностям в пределах квоты, предоставляемой гражданам из числа сельской молодежи, отрабатывают соответственно в государственных организациях образования, государственных медицинских организациях, в подразделениях государственных органов, осуществляющих деятельность в области ветеринарии, в государственных ветеринарных организациях и организациях независимо от формы собственности аграрного профиля, расположенных в сельской местности, не менее трех лет после окончания организации высшего и (или) послевузовского образования (далее-ВУЗ).";

      в пункт 28 внесено изменение на государственном языке, текст на русском языке не меняется.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин