Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидаларын бекіту және "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 390 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 7 қыркүйектегі № 772 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.09.2023 № 772 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5), 22-2) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.10.2022 № 850 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 24-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі бекітілсін";

      көрсетілген қаулымен бекітілген Білім беру грантын беру ережесінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру ережесі";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын берудің тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 4), 5) және 6) тармақшалары алынып тасталсын;

      5-5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-5. Конкурсқа қатысу үшін кемінде 50, ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін кемінде 70, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша кемінде 55 балл, оның ішінде бейінді пән бойынша кемінде 7 балл (әрбір шығармашылық емтихан бойынша кемінде 10 балл), ал қалған пәндер бойынша - кемінде 4 балл жинау қажет.";

      6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде:

      1) "Алтын белгі" белгісімен марапатталған адамдардың;

      2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар адамдардың;

      3) тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайтын жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың) (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстарының және спорттық жарыстардың (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңімпаздарының, сондай-ақ өздері таңдаған мамандықтары олимпиаданың, конкурстың немесе сәйкес келген жағдайда, жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы Президенттік, республикалық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (бірінші, екінші және үшінші дәрежелі дипломдармен марапатталған) жеңімпаздарының басым құқығы бар.

      6-1. Білім беру гранттарын алуға арналған конкурсты өткізу кезінде көрсеткіштер бірдей болған жағдайда жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысына сәйкес тиісті білім беру ұйымдарында окуына болатын жағдайда I және II топтағы мүгедектердің, жеңілдіктері мен кепілдіктері бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдардың, бала кезінен мүгедектердің, мүгедек балалардың және үздік білімі туралы құжаттары (куәліктері, аттестаттары, дипломдары) бар адамдардың басым құқығы бар.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде білім беру гранттары аттестаттың, куәліктің немесе дипломның жоғары орта балдары бар тұлғаларға беріледі.

      Балдардың көрсеткіштері бірдей болған жағдайда және басым құқығы болмаған кезде, сондай-ақ аттестаттың, куәліктің немесе дипломның орташа балдары бірдей болғанда бейіндік пән бойынша алған балдары ескеріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар үшін, I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар, жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін конкурс көрсетілген санаттар арасындағы бекітілген мемлекеттік білім беру тапсырысының жалпы көлемінен бекітілген квоталар бойынша өткізіледі.

      Білім беру грантын алуға арналған конкурсқа қатысушы тұлғалар үшін бекітілген қабылдау квотасы барлық өтініш білдірілген мамандықтарға қолданылады.";

      8-1-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Халықаралық келісімдер бойынша келген шетелдік тұлғаларға білім беру гранттарын конкурстық тағайындаудан кейін қалған бос білім беру гранттарын тағайындау бойынша шешімді Комиссия қабылдайды.";

      8-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-2. Комиссия шешімінің негізінде білім беру саласындағы уәкілетті органның бұйрығы шығарылады және білім беру грантын тағайындау туралы куәлік ресімделеді.

      Білім беру гранты иегерлерінің тізімі бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.

      Білім беру грантын иеленуші өзі жоғары оқу орнына қабылданғанға дейін одан бас тартқан жағдайда, білім беру грантын беру туралы куәліктің күші жойылады, ал білім беру гранты осы Ережеде белгіленген тәртіппен беріледі.";

      8-5 және 8-6-тармақтар алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 8-7-тармақпен толықтырылсын:

      "8-7. Жоғары білім алу процесінде босаған бос білім беру гранттарын беру жазғы және қысқы каникул кезеңінде конкурстық негізде бар бос орындарға мынадай тәртіппен жүзеге асырылады:

      1) ақылы негізде білім алушы жоғары оқу орны басшысының атына одан әрі білім беру гранты бойынша оқуға өтініш береді;

      2) жоғары оқу орны өтінішті конкурстық негізде қарап, ғылыми кеңесінің шешімімен бірге ағымдағы жылғы 5 тамыз бен 15 қаңтарға дейінгі мерзімде шешім қабылдау үшін оны білім беру саласындағы уәкілетті органға жібереді. Білім алушының өтінішіне оқу кеңесінің шешімімен қоса, үміткердің сынақ кітапшасынан немесе транскриптінен үзінді, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі және жоғары оқу орнынан шығарылған білім беру гранты иегерінің куәлігі (түпнұсқа) қоса беріледі;

      3) білім беру саласындағы уәкілетті орган түскен жылын ескере отырып, оқыту мамандығы, нысандары мен мерзімдері бөлінісінде құжаттарды қарайды және мәселе оң шешілген жағдайда білім беру грантын беру туралы бұйрық шығарады;

      4) білім беру саласындағы уәкілетті орган бұйрығының негізінде білім беру грантын беру туралы куәлік ресімделеді;

      5) білім беру грантын беру туралы берілген куәлік негізінде жоғары оқу орнының басшысы білім беру гранты бойынша одан әрі оқуға бұйрық шығарады.";

      "Маманды ауылдық жерге жұмысқа жіберу және өз бетімен жұмысқа тұру құқығын беру тәртібі" деген 3-бөлім алынып тасталсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 наурыздағы
№ 390 қаулысымен
бекітілген

Маманды жұмысқа жіберу, бюджет қаражаты есебінен шеккен шығыстарды өтеу, өз бетінше жұмысқа орналасу құқығын беру, мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде білім алған Қазақстан Республикасының азаматтарын жұмыспен өтеу жөніндегі міндетінен босату немесе олардың міндетін тоқтату қағидалары

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады