Италия Республикасының Ломбардия провинциясына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 21 мамырдағы № 317 қаулысы.

      Италия Республикасының Ломбардия провинциясында орын алған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Италия Республикасының Ломбардия провинциясында ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 100 000 (жүз мың) еуроға баламалы сомада қаражат бөлсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген қаражатты заңдамада белгіленген тәртіппен арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:

      Bank nаmе: Banca Intesa Sanpaolo Spa;

      Bank address: Filiale di Via del Corso, 226 - Roma;

      Payee's name: Presidenza del Consiglio dei Ministri. Dipartimento della Protezione Civile;

      IB AN no: IT84Z0306905020100000066387;

      SWIFT code: BCITITMM.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

Об оказании официальной гуманитарной помощи провинции Ломбардия Итальянской Республики

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 мая 2020 года № 317.

      В связи со сложившейся ситуацией в провинции Ломбардия Итальянской Республики Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан выделить Министерству иностранных дел Республики Казахстан из чрезвычайного резерва Правительства Республики Казахстан, предусмотренного в уточненном республиканском бюджете на 2020 год для ликвидации чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера на территории Республики Казахстан и других государств, средства в сумме, эквивалентной 100000 (сто тысяч) евро, по официальному курсу Национального Банка Республики Казахстан на день; конвертации для оказания официальной гуманитарной помощи провинции Ломбардия Итальянской Республики.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить перечисление указанных средств на специальный банковский счет:

      Bank паше: Banca Intesa Sanpaolo Spa;

      Bank address: Filiale di Via del Corso, 226 - Roma;

      Payee's name: Presidenza del Consiglio dei Ministri. Dipartimento della Protezione Civile;

      IB AN no: IT84Z0306905020100000066387;

      SWIFT code: BCITITMM.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить контроль за использованием выделенных средств.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин