Италия Республикасының Ломбардия провинциясында орын алған жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне Италия Республикасының Ломбардия провинциясында ресми ізгілік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасының және басқа да мемлекеттердің аумағындағы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жою үшін 2020 жылға арналған нақтыланған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің төтенше резервінен Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің айырбастау күнгі ресми бағамы бойынша 100 000 (жүз мың) еуроға баламалы сомада қаражат бөлсін.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі көрсетілген қаражатты заңдамада белгіленген тәртіппен арнайы банктік шотқа аударуды қамтамасыз етсін:
Bank nаmе: Banca Intesa Sanpaolo Spa;
Bank address: Filiale di Via del Corso, 226 - Roma;
Payee's name: Presidenza del Consiglio dei Ministri. Dipartimento della Protezione Civile;
IB AN no: IT84Z0306905020100000066387;
SWIFT code: BCITITMM.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |