Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамасының жобасы мақұлдансын.
2. 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 323 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері
төмендегілер туралы келісті:
Тараптар 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысы тоқтатылды деп есептейді.
Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардын орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер басшылары кеңесінің, үкіметтер басшылары кеңесінің, сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің рәсімдері қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен орыс тілінде жасалды.
Әзербайжан Республикасының Үкіметі үшін |
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін |
Армения Республикасының | Тәжікстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Беларусь Республикасының | Түрікменстан Үкіметі үшін |
Үкіметі үшін | |
Қазақстан Республикасының | Өзбекстан Республикасының |
Үкіметі үшін | Үкіметі үшін |
Қырғыз Республикасының | Украинаның Үкіметі үшін |
Үкіметі үші | |
Молдова Республикасының Үкіметі үшін |