1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 26 мамырдағы № 323 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамасының жобасы мақұлдансын.

      2. 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттамаға қол қойылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2020 жылғы 26 мамырдағы
№ 323 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысын тоқтату туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің үкіметтері

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар 1992 жылғы 13 наурыздағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің үкіметтері арасындағы келісілген салық саясатының қағидаттары туралы келісімнің қолданысы тоқтатылды деп есептейді.

2-бап

      Осы Хаттама оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардын орындағаны туралы соңғы хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы мемлекеттер басшылары кеңесінің, үкіметтер басшылары кеңесінің, сыртқы істер министрлері кеңесінің және Экономикалық кеңесінің рәсімдері қағидаларының 7-қағидасының 9-тармағында белгіленген тәртіппен орыс тілінде жасалды.

      Әзербайжан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін
      Армения Республикасының Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін
      Беларусь Республикасының Түрікменстан Үкіметі үшін
      Үкіметі үшін
      Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының
      Үкіметі үшін Үкіметі үшін
      Қырғыз Республикасының Украинаның Үкіметі үшін
      Үкіметі үші
      Молдова Республикасының
Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады