"Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 383 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2019 ж., № 1, 6-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларында:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) әлеуметтік төлемдер – Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасына сәйкес төленетін міндетті зейнетақы жарналары, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін әлеуметтік аударымдар, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) –кәсіпкерлік қызметті дара кәсіпкер ретінде тіркеусіз жүзеге асыратын, Кодекстің 774-бабында белгіленген шарттарға сәйкес келетін жеке тұлғалар;";

      7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) мемлекеттік кірістер органы – өз құзыреті шегінде бюджетке салықтар мен төлемдердің түсуін қамтамасыз етуді, Қазақстан Республикасында кедендік реттеуді, Қазақстан Республикасының заңнамасында осы органның қарауына жатқызылған әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу және ашу жөніндегі өкілеттіктерді жүзеге асыратын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де өкілеттіктерді орындайтын мемлекеттік орган;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) "Жеке тұлғалар" мемлекеттік дерекқоры (бұдан әрі – ЖТ МДҚ) – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жеке тұлғалар туралы ақпаратты тіркеу мен сақтаудың азаматтық халді сәйкестендіру және анықтау үшін жеткілікті бірыңғай жүйесі.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) төлеушi қайтаруды талап ететiн сома төлеушiнің тұрақты тiркелген жері бойынша тиiстi бюджетке, МӘСҚ, ӘлМСҚ мен БЖЗҚ-ға аударылған сомаға сәйкес келмеген;".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2019 года № 4 "Об утверждении Правил уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2020 года № 383.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2019 года № 4 "Об утверждении Правил уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата" (САПП Республики Казахстан, 2019 г., № 1, ст. 6) следующие изменения:

      в Правилах уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата, утвержденных указанным постановлением:

      в пункте 2:

      подпункт 1) изложить в следующей редакции:

      "1) социальные платежи – обязательные пенсионные взносы, уплачиваемые в соответствии с законодательством Республики Казахстан о пенсионном обеспечении, социальные отчисления, уплачиваемые в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном социальном страховании", отчисления на обязательное социальное медицинское страхование, уплачиваемые в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном социальном медицинском страховании;";

      подпункт 5) изложить в следующей редакции:

      "5) плательщики единого совокупного платежа (далее – плательщики) –физические лица, осуществляющие предпринимательскую деятельность без регистрации в качестве индивидуального предпринимателя, которые соответствуют условиям, установленным статьей 774 Кодекса;";

      подпункт 7) изложить в следующей редакции:

      "7) орган государственных доходов – государственный орган, в пределах своей компетенции осуществляющий обеспечение поступлений налогов и платежей в бюджет, таможенное регулирование в Республике Казахстан, полномочия по предупреждению, выявлению, пресечению и раскрытию административных правонарушений, отнесенных законодательством Республики Казахстан к ведению этого органа, а также выполняющий иные полномочия, предусмотренные законодательством Республики Казахстан;";

      подпункт 10) изложить в следующей редакции:

      "10) государственная база данных "Физические лица" (далее – ГБД ФЛ) – единая система регистрации и хранения информации о физических лицах Министерства юстиции Республики Казахстан, достаточная для идентификации и определения гражданского состояния.";

      подпункт 1) пункта 13 изложить в следующей редакции:

      "1) сумма, требуемая плательщиком для возврата, не соответствует сумме, перечисленной в соответствующие бюджеты по месту постоянной регистрации плательщика, ГФСС, ФСМС и ЕНПФ;".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин