"Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламенті туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 маусымдағы № 385 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 355 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.06.2022 № 355 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 10 желтоқсандағы № 1300 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 44, 443-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң Регламентiнде:

      8-1-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Үкімет құзыретіне кіретін және Қазақстан Республикасы Президентінің атына жіберілетін бастамалар болған кезде орталық атқарушы органдар оларды Кеңсенің қарауына енгізуді қамтамасыз етеді.";

      15-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "15. Тиісті шешім қабылдау үшін Үкімет басшылығының атына бастамашылық тәртіппен жіберілетін хат-хабарды мемлекеттік органдар мынадай жағдайларда енгізеді:

      1) егер мәселені шешу Қазақстан Республикасының Президентімен келісуді талап етсе;

      2) егер мәселені шешу Үкіметтің тікелей құзыретіне кіретін болса, енгізіп отырған мемлекеттік орган оны өзінің өтінішінде көрсетеді;

      3) орталық атқарушы органдардың арасында тұжырымдамалық сипаттағы (бірінші басшылар орынбасарларының қатысуымен өткен ведомствоаралық кеңестің хаттамасын, мемлекеттік органдардың бірінші басшылары қол қойған келіспеушіліктерді жою жөніндегі хаттаманы қоса бере отырып) және қаржылық қамтамасыз ету мәселелері бойынша еңсерілмес келіспеушіліктер болған кезде;

      4) егер мәселені шешу мемлекеттік органдар арасындағы үйлестіруді талап етсе.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменения и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 июня 2020 года № 385. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 2 июня 2022 года № 355.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 02.06.2022 № 355.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2002 года № 1300 "О Регламенте Правительства Республики Казахстан (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 44, ст. 443) следующие изменение и дополнение:

      в Регламенте Правительства Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      пункт 8-1 дополнить частью третьей следующего содержания:

      "При наличии инициатив, входящих в компетенцию Правительства и направляемых на имя Президента Республики Казахстан, центральные исполнительные органы обеспечивают их внесение на рассмотрение Канцелярии.";

      часть первую пункта 15 изложить в следующей редакции:

      "15. Корреспонденция, направляемая в адрес руководства Правительства в инициативном порядке для принятия соответствующего решения, вносится государственными органами в следующих случаях:

      1) если решение вопроса требует согласования с Президентом Республики Казахстан;

      2) если решение вопроса входит в непосредственную компетенцию Правительства, на что указывается вносящим государственным органом в его обращении;

      3) при наличии непреодолимых разногласий между центральными исполнительными органами концептуального характера (с приложением протокола межведомственного совещания с участием заместителей первых руководителей, протокола по устранению разногласий, подписанного первыми руководителями государственных органов) и по вопросам финансового обеспечения;

      4) если решение вопроса требует координации между государственными органами.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин