2006 жылғы 12 қаңтардағы Еуразия даму банкін құру туралы келісіммен бекітілген Еуразия даму банкі жарғысының 14-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.06.2024 № 480 қаулысымен.2. "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және "Еуразия даму банкінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 2 ақпандағы № 27 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 қарашадағы № 744 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақ алып тасталсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |