"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық бұйымды сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 13 шілдедегі № 439 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 ақпандағы № 48 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 09.02.2021 № 48 қаулысымен.
      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2020 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді сатып алуды және шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасуды, сондай-ақ медициналық бұйымды сатып алуды ұйымдастыруды жүзеге асыратын бірыңғай дистрибьютор туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 қарашадағы № 1781 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бірыңғай дистрибьютор туралы";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. "СҚ-Фармация" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі:

      1) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сатып алу;

      2) дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтер;

      3) шарттар, ұзақ мерзімді шарттар жасасу;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмек шеңберінде медициналық бұйымдарды сатып алуды ұйымдастыру;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органның тапсырмасы бойынша дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу үшін ақшалай қаражат түрінде бағытталған гуманитарлық көмекті қабылдау бойынша бірыңғай дистрибьютор болып айқындалсын.".

      2. Осы қаулы 2020 жылғы 3 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А.Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 2009 года № 1781 "О едином дистрибьюторе, осуществляющем в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного социального страхования закуп лекарственных средств, медицинских изделий, услуг по хранению и транспортировке лекарственных средств, медицинских изделий и заключение договоров, долгосрочных договоров, а также организацию закупа медицинских изделий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 июля 2020 года № 439. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 9 февраля 2021 года № 48

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 09.02.2021 № 48.
      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 03.07.2020.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 7 ноября 2009 года № 1781 "О едином дистрибьюторе, осуществляющем в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного социального страхования закуп лекарственных средств, медицинских изделий, услуг по хранению и транспортировке лекарственных средств, медицинских изделий и заключение договоров, долгосрочных договоров, а также организацию закупа медицинских изделий" следующие изменения:

      заголовок изложить в следующей редакции:

      "О едином дистрибьюторе";

      пункт 1 изложить в следующей редакции:

      "1. Определить товарищество с ограниченной ответственностью "СК-Фармация" единым дистрибьютором по:

      1) закупу лекарственных средств, медицинских изделий;

      2) закупу услуг по хранению и транспортировке лекарственных средств, медицинских изделий;

      3) заключению договоров, долгосрочных договоров;

      4) организации закупа медицинских изделий в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи и медицинской помощи в системе обязательного медицинского страхования;

      5) приему по поручению уполномоченного органа в области здравоохранения гуманитарной помощи, направленной в виде лекарственных средств и медицинских изделий, а также денежных средств для приобретения лекарственных средств и медицинских изделий.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 3 июля 2020 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин