1994 жылғы 27 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (Жалпы бөлім) 193-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Алматы ЗТО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі (БСН: 180840018472) қатысу үлесінің 100 пайызын ұстаушы "Алматы халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамына "Алматы ЗТО" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлесінің 100 пайызын "Joint Technologies" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (БСН: 140540015707) пайдасына иеліктен шығару жөнінде мәміле жасауға рұқсат берілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |