Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 49, 626-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 29 шілдедегі № 485 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 желтоқсандағы № 1266 қаулысымен бекітілген |
Мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, төраға
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі, төрағаның орынбасары
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік қызметтер саясатын дамыту департаментінің директоры, хатшы
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің ерекше білім қажеттіліктері бар тұлғаларға білім беру мәселесі бойынша штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қазақстан Республикасы "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасының мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Шымкент қаласы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қостанай облысы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Қызылорда облысы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
Маңғыстау облысы әкімінің мүгедек адамдардың мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі (келісу бойынша)
"Үміт" есту қабілеті шектеулі мүгедектерді қолдау орталығы" қоғамдық қорының директоры (келісім бойынша)
"Әділет" мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Үміт-Надежда" тірек-қозғалыс аппараты бұзылған мүгедек-азаматтарды қолдау қоғамы" қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Дос" тәуелсіз өмір орталығы мүгедектерінің қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Сенiм" бүйрек мүшесін ауыстырған мүгедектер және гемодиализдегі науқастар қоғамы" республикалық қоғамдық бірлестігі төрағасының орынбасары (келісу бойынша)
"Шарасыздар" мүгедектердің қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Қайрат Иманалиев атындағы мүмкіншілігі шектеулі адамдардың құқығы жөніндегі комиссиясы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Айналайын" балалар мен жасөспірімдер орталығы "Жастар клубы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Мүгедек әлемі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Altyn Time мүгедектер қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Бір біртұтас" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Павлодар облыстық мүгедектердің ерікті қоғамы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Ақтөбе облысының мүгедектер одағы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Шанс" мүгедектерді оңалту орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Qamqor plus" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Жан Дос" мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
Талдықорған қаласындағы "Ерлік" қимыл қозғалысы кем мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Dayr" қоғамдық қорының төрағасы (келісу бойынша)
"Бақытты Шаңырақ мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасылары тұрақты даму, қолдау және көмек көрсету Қайырымдылық Қоры" қоғамдық қорының төрағасы (келісу бойынша)
"Инклюзивті сарапшылар қауымдастығы – қалаға құқық" республикалық мүгедектер қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісу бойынша)
"Қазақ зағиптар қоғамы" қоғамдық бірлестігі орталық басқармасының төрағасы (келісу бойынша)
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің мүгедектер мәселелері жөніндегі сараптамалық тобының төрағасы (келісу бойынша).