Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А.Мамин |
Жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы
2009 жылғы 2 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Әзербайжан Республикасының Үкіметі арасындағы Азаматтардың өзара визасыз жол жүрулері туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2019 жылғы 14 қазанда Бакуде жасалған хаттама ратификациялансын.