"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Экономика институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Экономика институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
5) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Философия, саясаттану және дінтану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
6) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен;
7) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің "Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны болып қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы ғылыми зерттеулер жүргізу, ғылым қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру саласында қызметін жүзеге асыру;
2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті органы болып айқындалсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындардың жарғыларын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;
2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзілсін:
1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 4-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Үкіметінің 03.06.2022 № 361 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 19.08.2022 № 581 қаулыларымен.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |