Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұлық Ұлыс" – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1059 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Ұлық Ұлыс" – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 12 желтоқсандағы № 842 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1059 қаулысымен бекітілген |
"Ұлық Ұлыс" – Алтын Орданың 750 жылдығына дайындық және оны мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспары
Р/с№ | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі |
Қаржылан дыру көлемі (мың теңге) | Қаржыландыру көзі |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Ғылыми-зерттеу, талдамалық сүйемелдеу | ||||||
1. | Отандық ғалымдардың қатысуымен республикалық ғылыми конференция өткізу | республикалық ғылыми конференция | БҒМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
Тарихи-мәдени мұра объектілерін реставрациялау және салу | ||||||
2. | "Жошы хан" кесенесіне таяу туристік кешен салуға арналған эскиздік жобаны, ЖСҚ әзірлеу | эскиздік жоба, ЖСҚ | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл |
44 000 | жергілікті бюджет |
3. | "Жошы хан" кесенесіне таяу туристік кешен салу | туристік кешен | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 800 000 | Қарағанды облысы әкімінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі № 37 ө өкімімен бекітілген Қарағанды облысы бойынша жұмыспен қамту жол картасы |
4. | Алаша хан кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу | ғылыми-реставрациялық жұмыстар, аумақты абаттандыру | МСМ | 2020 жыл | 11 835 | 033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу" кіші бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
5. | Ұлытау өңірінің тарих және мәдениет ескерткіштерінің тізімін қалыптастыру және ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұра тізіміне енгізу жөніндегі мәселені пысықтау | Ұлытау өңірінің тарихи және мәдени ескерткіште рінің қалыптастырылған тізімі | МСМ | 2020 – 2022 жылдар | – | талап етілмейді |
6. | "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі визит-орталығының құрылысын аяқтау | пайдалануға енгізу | МСМ | 2020 жыл | 149 999 |
республикалық бюджет |
7. | "Ұлытау" визит-орталығының аумағын абаттандыру | пайдалануға енгізу | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 180 000 | жергілікті бюджет |
8. | "Ұлытау" ұлттық тарихи-мәдени және табиғи қорық-музейі визит-орталығының экспозициясын құру | экспозиция | МСМ | 2020 жыл | 67 267 |
республикалық бюджет |
9. | Ұлытау тарихи-өлкетану музейінің құрылысын аяқтау | пайдалануға енгізу | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 130 000 | жергілікті бюджет |
10. | Сарайшық қалашығында ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізу | ғылыми-реставрациялау жұмыстары | МСМ | 2020 жыл | 29 595 |
033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу" кіші бюджеттік бағдарламасы |
11. | Жошы хан кесенесінде ғылыми-реставрациялық жұмыстар жүргізу | ғылыми-реставрациялық жұмыстар, аумақты абаттандыру | МСМ | 2020 жыл | 32 060 |
033 "Мәдениет және өнер саласындағы бәсекелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің іске асырылу тиімділігін арттыру" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Тарихи-мәдени мұра ескерткіштерін қалпына келтіру, салу"кіші бюджеттік бағдарламасы |
Ақпараттық қамтамасыз ету | ||||||
12. | Мемлекеттік ақпараттық тапсырыстың тақырыптық бағыттарының тізбесіне Алтын Орданың 750 жылдығын ақпараттық сүйемелдеуді енгізу | МСМ-ге ақпарат | АҚДМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
13. | kazakhstan.travel интернет-ресурсында "Алтын Орда" модулін құру | модуль құру |
"Kazakh Tourism" | 2020 жыл |
30 600 | 043 "Ұлттық туристік өнімді қалыптастыру және оны халықаралық және ішкі нарықта ілгерілету" бюджеттік бағдарламасы, 100 "Қазақстанның туристік имиджін қалыптастыру" кіші бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
14. | Шет елдердегі мекемелердің сайттарында "Ұлық Ұлыс (Алтын Орда)" 750 жылдығы және Ұлытау туристік бағыттары туралы материалдарды жариялау |
тақырыптық айдарларды толтыру | СІМ, МСМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
15. | Отандық және шетелдік БАҚ-та тақырыптық материалдарды, пікірлерді жариялау мақсатында танымал тұлғалар, медиа тұлғалар, зерттеушілер қатарынан отандық және шетелдік спикерлер пулын қалыптастыру; Алтын Орданың тарихы туралы жарияланымдарды әлеуметтік желілерде жариялау | спикерлер пулы, БАҚ-тағы, оның ішінде әлеуметтік желілердегі жарияланымдар | АҚДМ, СІМ, МСМ | 2020 жыл | – | талап етілмейді |
16. | 2020 жылға арналған "Бірыңғай республикалық медиа-жоспар" аясында Алтын Орданың 750 жылдығын мерекелеу жөніндегі іс-шараларды БАҚ-та жариялау | мақалалар, сюжеттер, ақпараттық материалдар | АҚДМ | 2020 жыл | – | 033 "Мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде |
Турмаршруттарды әзірлеу, туристерге жайлылық үшін жағдай жасау | ||||||
17. | "Талдысай" шатқалы аумағында кемпингтік тұрақтарды, туристік соқпақтарды, маршруттарды құру | кемпингтік тұрақтар | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | 15 000 | жергілікті бюджет |
18. | Ұлытау ауылының маңында туристерді қабылдау үшін этноауыл құру (ипподром, қонақжай үйлер) | этноауыл | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл |
130 000 |
жеке |
Көлік-логистикалық инфрақұрылым | ||||||
19. | Жол бойындағы сервис объектілерін орналастыруға арналған алаңдарды дайындай отырып, "Қызылорда – Жезқазған" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау мәселесін пысықтау | МСМ-ге ақпарат | ИИДМ, Қарағанды, Қызылорда облыстарының әкімдіктері | 2020 – 2025 жылдар | – | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
20. | Тарихи-мәдени мұраның негізгі объектілеріне (Жошы хан, Алаша хан кесенелері, Зыңғыртас петроглифтері, Тоқтамыс хан, Едіге хан мазарлары, Алтын шоқы, Хан Ордасы төбелері, Кененбай су қоймасы) жету үшін Жезқазған – Ұлытау бағытындағы қиыршық тас автомобиль жолдарының жетіспейтін учаскелерін салып, көлік құралдарының тұрағын және жол бойындағы сервис объектілерін орналастыру үшін алаңдарды дайындау | МСМ-ге ақпарат | ИИДМ, Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл | – | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
21. | Модульдік павильондарды дайындау және орнату (Теректі Әулие, Алаша хан, Хан Ордасы, Бесқамыр, Болған ана) | павильондар | Қарағанды облысының әкімдігі | 2020 жыл |
2 500 | жергілікті бюджет |
22. | Ұлытау ауданын интернетпен және тұрақты мобильді байланыспен қамтамасыз ету | тұрақты мобильді байланыс |
ЦДИАӨМ, | 2020 жыл | – | көзделген қаражат шегінде |
23. | "Алматы – Жезқазған" және "Нұр-Сұлтан – Жезқазған" бағыттары бойынша жолаушылар пойыздарында жылжымалы құрамды жаңарту және қызмет көрсету сапасын арттыру | жаңартылған вагондар |
ИИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), | 2020 жыл | – | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
24. | Аптасына кемінде 2 рет жиілікпен, субсидияланатын Алматы – Жезқазған – Алматы авиарейсінің іске қосылуы күтілуде | жаңа авиарейстерді іске қосу | ИИДМ, Алматы қаласы және Қарағанды облысының әкімдіктері | 2020 жыл | 221 000 | "Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде |
Іс-шаралар жоспарын іске асыруға қажетті жалпы шығыстар, оның ішінде | 1 843 856 | |||||
Республикалық бюджет | 321 356 | |||||
Жергілікті бюджет | 371 500 | |||||
Қарағанды облысы бойынша жұмыспен қамту жол картасы | 800 000 | |||||
"Нұрлы жол" бағдарламасы шеңберінде | 221 000 | |||||
Жеке инвестициялар | 130 000 |
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
АҚДМ | – | Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі |
БАҚ | – | бұқаралық ақпарат құралдары |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі |
ЖСҚ | – | жобалау-сметалық құжаттама |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
"Kazakh Tourism" ҰК" АҚ | – | "Kazakh Tourism" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
МСМ | – | Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
СІМ | – | Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі |
ЦДИАӨМ | – | Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі |
ЮНЕСКО | – | Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымы |