Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Өндірістердің, жұмыстардың, пайдасына міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөніндегі агенттер меншікті қаражаты есебінен міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын, еңбек жағдайлары зиянды жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы" 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1562 және "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 856 қаулысы.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2) "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат):

      14-қосымшада:

      реттік нөмірі 1-жолдың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3)

Сот сараптамасы орталығының сот медицинасы бөлімшелеріндегі, психиатриялық және наркологиялық сараптама бөлімшелеріндегі жұмысы үшін


БЛА-дан 60 %



  ";

      реттік нөмірі 2-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Сот сараптамаларының әр түрін жүргізу бойынша біліктілік куәлігі бар сарапшыларға


сараптаманың 2 түрі – БЛА-дан 50 %; сараптаманың 3-тен 5 түріне дейін – БЛА-дан 75 %; 5 түрден астам – БЛА-дан 100 %



  ";

      реттік нөмірі 4-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4.


Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы


Қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психоэмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемшарттары осы қаулыға 21-қосымшаға сәйкес белгіленеді



Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері: сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сарапшы, мейіргер, зертханашы, медициналық тіркеуші, санитар


БЛА-дан 150 %

Сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сараптамамен тікелей айналысатын мамандарға


  ";

      көрсетілген қаулыға 21-қосымшада:

      реттік нөмірі 6-жол және реттік нөмірі 6-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

6  

Патологоанатомиялық бюролардың (бөлімшелердің), Сот сараптамалары орталығының мамандары:

Мәйітті ашуға байланысты жұмыс, патогендік флорамен байланыста болу қаупі, қайтыс болған науқастардың, қаза тапқан және өлтірілген адамдардың туысқандарымен қарым-қатынас жасау кезіндегі психоэмоциялық ширығу.
Зор шыдамдылық таныту және аса зейінді болу, айыпталушылармен, жәбірленушілермен, маскүнемдік, нашақорлық, уытқұмарлық сияқты созылмалы аурулармен ауыратын адамдармен және басқа да адамдармен қарым-қатынастың күрделілігіне байланысты жүйке-эмоциялық ширығу.


1)  

сот-медициналық, сот-наркологиялық, сот-психиатриялық сарапшы, мейіргер, зертханашы, медициналық тіркеуші, санитар

  ".

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 30.06.2023 № 528 (01.07.2023 бастап қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений и дополнения в постановления Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2013 года № 1562 "Об утверждении перечня производств, работ, профессий работников, занятых на работах с вредными (особо вредными) условиями труда, в пользу которых агентами по уплате обязательных профессиональных пенсионных взносов за счет собственных средств осуществляются обязательные профессиональные пенсионные взносы" и от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 15 декабря 2020 года № 856.

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2021.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 30.06.2023 № 528 (вводится в действие с 01.07.2023).

      2. Настоящее постановление вводится в действие с 1 января 2021 года и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин