"Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 20 желтоқсандағы № 868 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 21 маусымдағы № 492 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 21.06.2023 № 492 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 маусымдағы № 906 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Үкіметтік борыштың және жергілікті атқарушы орган борышының лимитін, мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерліктерін беру лимиттерін айқындау ережесінде:

      3-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-2. Үкіметтік борыш лимиті жоспарланып отырған қаржы жылына арналған республикалық бюджетті әзірлеу барысында көзделген теңгенің АҚШ долларына есептік бағамына қатысты валюталарды айырбастаудың нарықтық бағамы өзгерген, мемлекеттік бағалы қағаздарды дисконтпен шығарған жағдайларда, сондай-ақ бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шетел валютасындағы шотына түскен үкіметтік сыртқы қарыздардың сомасына асырылуы мүмкін.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 "Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 20 декабря 2020 года № 868. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 июня 2023 года № 492.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.06.2023 № 492 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 15 июня 2009 года № 906 "Об утверждении Правил определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства" следующее изменение:

      в Правилах определения лимита правительственного долга и долга местного исполнительного органа, лимитов предоставления государственных гарантий и поручительств государства, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3-2 изложить в следующей редакции:

      "3-2. Лимит правительственного долга может быть превышен в случаях изменения рыночного курса обмена валют по отношению к расчетному курсу тенге к доллару США, предусмотренному в ходе разработки республиканского бюджета на планируемый финансовый год, выпуска государственных ценных бумаг с дисконтом, а также на сумму правительственных внешних займов, поступивших на счет в иностранной валюте центрального уполномоченного органа по исполнению бюджета.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин