"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 944 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 17 тамыздағы № 704 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.08.2023 № 704 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 8 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 531-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу қағидасында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:

      "1-1. Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу жөніндегі мемлекеттік қызмет "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерін аккредиттеу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 12 мамырдағы № 196 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20626 болып тіркелген) сәйкес көрсетіледі.";

      5-тармақ алып тасталсын;

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Аккредиттеуді өткізу тәртібі";

      9 және 10-тармақтар алып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Аккредиттеуді жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган бекітетін ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілерінің қызметін бағалау әдістемесіне сәйкес бағалау жүргізіледі.";

      12-тармақ алып тасталсын;

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Аккредиттеу туралы куәліктің мерзімі өткенге дейін оның қолданысы мынадай:

      1) заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;

      2) куәліктің қолданысын тоқтату туралы субъектінің жазбаша өтініші болған;

      3) аккредиттеу туралы куәлікті алған субъекті (жеке тұлға) қайтыс болған (белгілі бір салада жұмыспен байланысты арнайы құқықтан айырылуына негіз болған соттың әрекетке қабілетсіз деп тану туралы шешімі заңды күшіне енген) жағдайларда тоқтатылады.";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Қорытынды ережелер";

      15 және 16-тармақтар алып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений и дополнения в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 "Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 944. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 17 августа 2023 года № 704.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 17.08.2023 № 704 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 8 июня 2011 года № 645 "Об утверждении Правил аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" (САПП Республики Казахстан, 2011 г., № 41, ст. 531) следующие изменения и дополнение:

      в Правилах аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности, утвержденных указанным постановлением:

      заголовок главы 1 изложить в следующей редакции:

      "Глава. 1. Общие положения";

      дополнить пунктом 1-1 следующего содержания:

      "1-1. Государственная услуга по аккредитации субъектов научной и (или) научно-технической деятельности оказывается согласно приказу Министра образования и науки Республики Казахстан от 12 мая 2020 года № 196 "Об утверждении Правил оказания государственной услуги "Аккредитация субъектов научной и (или) научно-технической деятельности" (зарегистрирован в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 20626).";

      пункт 5 исключить;

      заголовок главы 2 изложить в следующей редакции:

      "Глава 2. Порядок проведения аккредитации";

      пункты 9 и 10 исключить;

      пункт 11 изложить в следующей редакции:

      "11. При осуществлении аккредитации проводится оценка в соответствии с методикой оценки деятельности субъектов научной и (или) научно-технической деятельности, утверждаемой уполномоченным органом.";

      пункт 12 исключить;

      пункт 14 изложить в следующей редакции:

      "14. До истечения срока свидетельство об аккредитации прекращает свое действие в случаях:

      1) реорганизации или ликвидации юридического лица;

      2) наличия письменного заявления субъекта о прекращении действия свидетельства;

      3) смерти (вступления в законную силу решения суда о признании недееспособным, на основании которого субъект лишается специального права, связанного с занятием в определенной сфере) субъекта (физического лица), получившего свидетельство об аккредитации.";

      заголовок главы 3 изложить в следующей редакции:

      "Глава 3. Заключительные положения";

      пункты 15 и 16 исключить.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин