Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 951 қаулысы.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны заңнамада белгіленген тәртіппен қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.

      2. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган;

      2) кәсіпорын қызметінің негізгі мәні білім беру жүйесі мен білім беру процесін әдіснамалық және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету (мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары, оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары) болып айқындалсын.

      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) кәсіпорынның жарғысын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне бекітуге енгізсін;

      2) кәсіпорынды "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамында мемлекеттік тіркеуді;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О некоторых вопросах Министерства образования и науки Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2020 года № 951.

      В соответствии с подпунктом 4) статьи 11 Закона Республики Казахстан от 1 марта 2011 года "О государственном имуществе" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать в установленном законодательством порядке республиканское государственное казенное предприятие "Национальная академия образования имени И. Алтынсарина" Министерства образования и науки Республики Казахстан путем преобразования в республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальная академия образования имени И. Алтынсарина" Министерства образования и науки Республики Казахстан (далее – предприятие).

      2. Определить:

      1) уполномоченным органом по руководству соответствующей отраслью (сферой) государственного управления в отношении предприятия Министерство образования и науки Республики Казахстан;

      2) основным предметом деятельности предприятия методологическое и научно-методическое обеспечение системы образования и образовательного процесса (государственные общеобязательные стандарты образования, учебные планы, учебные программы).

      3. Министерству образования и науки Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке обеспечить:

      1) внесение на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устава предприятия;

      2) государственную регистрацию предприятия в некоммерческом акционерном обществе "Государственная корпорация "Правительство для граждан";

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 19.08.2022 № 581.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин