"Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 23 ақпандағы № 88 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 27-28, 168-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың резервтерін пайдалану қағидаларында:

      4-тармақтың бірінші бөлігінің 1-1) тармақшасы алып тасталсын;

      24-тармақтың сегізінші бөлігі алып тасталсын;

      26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган ұсынылған өтінішхаттың негізінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың шұғыл шығындарға арналған резервтерінде көзделген қаражат шегінде ақша бөлу мүмкіндігі не мүмкін еместігі туралы қорытынды береді.

      27. Мемлекеттік органның өтінішхатына оң қорытынды болған кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасын заңнамада белгіленген тәртіппен осы мемлекеттік орган дайындайды.

      Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның шұғыл шығындарға арналған резервтерінен ақша бөлу туралы шешімінің жобасына осы мемлекеттік орган бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақша бөлу туралы оң қорытындысының көшірмесін қоса береді.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның тиісті қаулысымен қаражат бөлінген мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе тиісті жергілікті атқарушы органның резервтерінен бөлінген қаражатты тиісті қаулыларда көрсетілген мақсаттарға шұғыл шығындарға пайдалануды және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді.".

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 23 февраля 2021 года № 88.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 апреля 2015 года № 325 "Об утверждении Правил использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 27-28, ст. 168) следующие изменения:

      в Правилах использования резервов Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 1-1) части первой пункта 4 исключить;

      часть восьмую пункта 24 исключить;

      пункты 26 и 27 изложить в следующей редакции:

      "26. Уполномоченный орган по исполнению бюджета на основании представленного ходатайства дает заключение о возможности либо невозможности выделения денег в пределах средств, предусмотренных в резервах на неотложные затраты Правительства Республики Казахстан и местных исполнительных органов.

      27. При положительном заключении на ходатайство государственного органа проект решения Правительства Республики Казахстан или соответствующего местного исполнительного органа о выделении денег, соответственно, из резервов Правительства Республики Казахстан или местного исполнительного органа на неотложные затраты подготавливается данным государственным органом в установленном законодательством порядке.

      При этом к проекту решения Правительства Республики Казахстан или соответствующего местного исполнительного органа о выделении денег, соответственно, из резервов Правительства Республики Казахстан или соответствующего местного исполнительного органа на неотложные затраты данный государственный орган прилагает копию положительного заключения уполномоченного органа по исполнению бюджета о выделении денег.

      Государственный орган, которому выделены средства соответствующим постановлением Правительства Республики Казахстан или местного исполнительного органа, обеспечивает использование выделенных средств из резервов Правительства Республики Казахстан или соответствующего местного исполнительного органа на неотложные затраты на цели, указанные в соответствующих постановлениях, и достижение конечных результатов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин