Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;
2) 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді қамтамасыз етсін;
3) 2021 жылғы 15 маусымға дейін Қазақ тілінің латын графикасына негізделген емле қағидаларын бекітсін;
4) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, оның ішінде ұйымдастырушылық жəне заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдасын.";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы № Жарлығына ҚОСЫМША |
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН |