"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 27 ақпандағы № 106 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

"Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, № 50-51-52, 326-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасының Үкіметі:

      1) Қазақ тілі əліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі ұлттық комиссия құрсын;

      2) 2025 жылға дейін қазақ тілі әліпбиін латын графикасына кезең-кезеңімен көшіруді қамтамасыз етсін;

      3) 2021 жылғы 15 маусымға дейін Қазақ тілінің латын графикасына негізделген емле қағидаларын бекітсін;

      4) осы Жарлықты іске асыру жөнінде өзге де, оның ішінде ұйымдастырушылық жəне заңнамалық сипаттағы шаралар қабылдасын.";

      жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиі осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы Жарлық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ.Тоқаев

  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2021 жылғы
№ Жарлығына
ҚОСЫМША
 
  Қазақстан Республикасы
Президентінің
2017 жылғы 26 қазандағы
№ 569 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН

Латын графикасына негізделген қазақ тілінің әліпбиі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады