"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен "Қазқұрылысжүйесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасымен (келісу бойынша) бірлесіп, осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 18 наурыздағы № 183 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының "Мемлекеттік резиденциялар дирекциясы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының балансынан "Қазқұрылысжүйесі" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүлік
Р/с № | Мүліктің атауы | Өлшем бірлігі | Саны | Түгендеу нөмірі |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
---|---|---|---|---|
"Гараж" объектісі | ||||
1. | Гараж (Б литері) | дана | 1 | С00024840 |