"Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 193 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 1 қыркүйектегі № 753 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.09.2023 № 753 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 мамырдағы № 296 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2017 ж., № 19, 140-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы көші-қон процестерін реттеудің үлгілік қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үлгілік қағидаларға сәйкес облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары көші-қон процестерін басқаруды және еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз ету, қауіпсіздігін нығайту және көшіп-қонушылардың әлеуметтік-экономикалық құқықтарын іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында көші-қон процестерін реттеу қағидаларын әзірлейді, оларды тиісті жергілікті өкілді органдар бекітеді.";

      4-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының халықты жұмыспен қамту туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастар мен олардың отбасы мүшелерінің шекті саны.";

      6, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Өңірдегі көші-қон процестерін реттеу үшін жергілікті атқарушы органдар көші-қон мәселелері жөніндегі уәкілетті органға:

      өңірдің тиісті аумағын қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыруға арналған өңірлерге жатқызуға (жатқызбауға);

      шетелдік жұмыс күшін, оның ішінде этникалық қазақтар мен бұрынғы отандастар қатарынан тартуға квотаны ұлғайтуға (қысқартуға);

      қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың орта мерзімді кезеңге немесе алдағы жылға арналған өңірлік квоталарын ұлғайтуға (қысқартуға) қатысты ұсыныстар енгізеді.

      7. Қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квоталарына сәйкес жүзеге асырылады.

      8. Халықтың кетуі халықтың көбею қарқынына қарағанда көп болған кезде көші-қон процестерін реттеу білікті жұмыс күшін тартуға және оларға жедел әлеуметтік бейімделуге жәрдем көрсетуге, қандастарды, әсіресе, жастарды кәсіптік оқытуға және қайта даярлауға бағытталған іс-шаралар әзірлеу арқылы да жүзеге асырылады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2017 года № 296 "Об утверждении типовых правил регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 марта 2021 года № 193. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 1 сентября 2023 года № 753.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 01.09.2023 № 753 (вводится в действие после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 25 мая 2017 года № 296 "Об утверждении типовых правил регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице" (САПП Республики Казахстан, 2017 г., № 19, ст. 140) следующие изменения:

      в типовых правилах регулирования миграционных процессов в областях, городах республиканского значения, столице, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. В соответствии с типовыми правилами местные исполнительные органы областей, городов республиканского значения и столицы в целях обеспечения управляемости миграционных процессов и экономического роста, укрепления безопасности страны и создания условий для реализации социально-экономических прав мигрантов разрабатывают правила регулирования миграционных процессов, которые утверждаются соответствующими местными представительными органами.";

      подпункт 3) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "3) региональная квота приема кандасов – предельное число кандасов или кандасов и членов их семей, прибывающих для постоянного проживания в регионы, определенные Правительством Республики Казахстан, которые обеспечиваются мерами государственной поддержки, предусмотренными участникам активных мер содействия занятости в соответствии с законодательством Республики Казахстан о занятости населения.";

      пункты 6, 7 и 8 изложить в следующей редакции:

      "6. Для регулирования миграционных процессов в регионе местные исполнительные органы в уполномоченный орган по вопросам миграции населения вносят предложения, касающиеся:

      отнесения (исключения) соответствующей территории региона для расселения кандасов и переселенцев;

      увеличения (сокращения) квоты на привлечение иностранной рабочей силы, в том числе из числа этнических казахов и бывших соотечественников;

      увеличения (сокращения) региональных квот приема кандасов и переселенцев на среднесрочный период или предстоящий год.

      7. Расселение кандасов и переселенцев осуществляется в соответствии с региональными квотами приема кандасов и переселенцев в порядке, определяемом Правительством Республики Казахстан.

      8. При оттоке населения, превышающем темпы воспроизводства населения, регулирование миграционных процессов осуществляется, в том числе путем разработки мероприятий, направленных на привлечение квалифицированной рабочей силы и оказание им содействия в ускоренной социальной адаптации, профессиональное обучение и переподготовку кандасов, особенно молодежи.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин