Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі;";
көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру тетігі осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына 1-қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысымен бекітілген |
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігі
1. Қызметін өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлік субъектілерін (бұдан әрі – ЖКС) қолдау үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі мен "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ-ның (бұдан әрі – АНК) 2018 – 2021 жылдары екінші деңгейдегі банктерді (бұдан әрі – ЕДБ) қаржыландыруының жалпы көлемі 1 трлн теңгеге дейін.
"Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚДБ) жобалары ҚДБ-ның өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылады.
2. Стратегиялық міндеттер
Стратегиялық міндеттер:
1) өңдеу өнеркәсібінде және агроөнеркәсіптік кешенде өндірісті кеңейту;
2) ішкі нарықты отандық өндірушілердің тауарларымен және көрсетілетін қызметтерімен толықтыру.
3. Нысаналы индикаторлар
Нысаналы индикаторлар:
1) қарапайым заттар экономикасының тауарлары бойынша импорт үлесін 2022 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға төмендету;
2) қарапайым заттар экономикасы өнімдерін шығаруды 2022 жылға қарай 2018 жылғы деңгейден 20 %-ға өсіру.
4. ЕДБ-ға және АНК-ге қаражат беру шарттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша жылдық 11 %-ға дейінгі 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға өтеу мерзімі 10 жылға дейінгі ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.
ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.
Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды ең жоғары сатып алу лимиті 104 млрд теңгеден аспауы тиіс, АНК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауы тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда, пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.
АНК облигацияларын ең жоғары сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауы тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешенде өндіруге және қайта өңдеуге жұмсалуы тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешенде өндіруге және қайта өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АНК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі.
ЕДБ-ның, лизингтік компаниялардың (бұдан әрі – ЛК) және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:
1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өңдеу;
2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру;
3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалуы тиіс.
ЕДБ-мен, ЛК-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру мен қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқығы бар.
Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге 30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады.
Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингіне кемінде 200 млрд теңге жұмсалды. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде (бұдан әрі – тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингінің жалпы көлемінің кемінде 20 % мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингін қамтамасыз етеді.
ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.
ҚДБ және ЛК қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді.
ҚДБ үшін жобаларды қаржыландыру лимиті 200 млрд теңгеден аспайтын болады.
ҚДБ импортқа тәуелділікті азайтуға және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған маңызды жобаларға кредит беруді жүзеге асырады.
Бұл ретте ҚДБ жобаларына кредит беру Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.
Аванстық қорландыру алған жағдайда, облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі, ол ЕДБ мен АНК шотына түскен күннен бастап 12 айдан аспауы тиіс.
Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.
Бұл ретте ЕДБ, ЛК мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының және қаржы лизингінің 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жібере алады. Бұл шектеу ЕДБ, ЛК мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу саласындағы жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға және қаржылық лизингіне қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.
5. Осы тетіктің шарттары бойынша кредиттер беруді және қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-ға, ЛК-ға және АНК-ға қойылатын талаптар:
ЕДБ және АНК меншікті капиталының ең төменгі мөлшері 50 млрд теңгеден кем болмауы тиіс.
Меншікті капитал мөлшері жөніндегі талап өз қаражаты есебінен кредит беруді жүзеге асыратын ЕДБ-ге қолданылмайды.
ЕДБ, ЛК және АНК:
1) қарыз алушы бастама жасаған кредит беру немесе қаржылық лизинг шарттарының өзгеруіне байланысты;
2) ЖКС-қарыз алушының кредиттік келісімдер немесе қаржылық лизинг шарттары бойынша міндеттемелерін бұзуының/бұзуларының салдарынан алынатын;
3) кепіл нысанасына тәуелсіз бағалау жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты алып тастауға байланысты;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, кредитпен немесе қаржылық лизингпен байланысты қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.
Басқа банктен/басқа лизингтік компаниядан қайта қаржыландыруға, сондай-ақ қатысу үлестерін сатып алуға жол берілмейді.
6. Осы тетік бойынша ЖКС-ні қаржылық қолдау шараларын іске асыратын "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" акционерлік қоғамы және оның аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – қаржы агенттігі) осы тетік бойынша оператор болып табылады. Қаржы агенттігінің көрсетілетін қызметтерінің ақысын "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына (бұдан әрі – "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидалары) сәйкес бөлінген республикалық бюджет қаражаты есебінен кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган төлейді.
7. ЖКС қаржыландыру шарттары:
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасында айқындалған және осы тетікке қосымшаға сәйкес Басым жобалар бойынша кредит беруге және қаржылық лизингке арналған тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) сәйкес экономиканың басым салаларында жобаларды іске асыратын тиімді кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері ЖКС-ның нысаналы тобы болып табылады. Бұл ретте жобаның нысаналы мақсатын растау үшін барлық экономикалық қызмет түрлерiнiң жалпы жiктеуiшiнің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) нақты бір түріне байланыстырылған тізбенің кемінде бір тауар түрін шығару жеткілікті. Көрсетілетін қызметтер саласы үшін ЭҚЖЖ түрлеріне жатқызу сәйкестік өлшемшарты болады.
Жобаларға 10 млрд теңгеден астам сомаға кредит берген жағдайда, тиісті салалық орталық уәкілетті органның оң қорытындысы қажет;
ЖКС үшін номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайды;
ЖКС үшін кредит беру валютасы – теңге;
кредит беру/қаржылық лизинг, субсидиялау және кепілдік беру мерзімін, 10 жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды бере алады.
Жағдайын нашарлататын мән-жайлар туындаған жағдайда, ЖКС сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе кредит бойынша негізгі борышты өтеу бойынша кредит мерзімі ұзақтығының жартысынан аспайтын мерзімге жеңілдікті кезең/кейінге қалдыру алуы мүмкін. Бұл ретте мұндай мән-жайлардың туындағаны Мемлекет басшысының және Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті шешімдерімен және/немесе уәкілетті органдардың құжаттарымен расталуы тиіс.
Бұл ретте:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнім (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, акцизделетін тауарлар шығаруды көздейтін;
2) кредиттік бюро деректеріне сәйкес кредит беру немесе кредиттік өтінімді беру сәтінде күнтізбелік 90 күннен артық мерзімі өтіп кеткен несиелік берешегі бар;
3) қаржыландыруды және қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;
4) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 10 ақпандағы № 52 бұйрығында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6058 болып тіркелген) және (немесе) "Банктік және сақтандыру қызметінің, бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушылары қызметінің және бағалы қағаздар рыногында лицензияланатын басқа да қызмет түрлерінің, жинақтаушы зейнетақы қорлары мен акционерлік инвестициялық қорлар қызметінің мақсаттары үшін оффшорлық аймақтардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2008 жылғы 2 қазандағы № 145 қаулысында (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5371 болып тіркелген) көрсетілген, оффшорлық аймақтарда тіркелген, сондай-ақ қатысушылары және (немесе) акционерлері оффшорлық аймақтарда тіркелген ЖКС жобалары қаржыландырылмайды;
5) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан астам пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға (әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияны, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы шарт шеңберінде құрылған ЖКС қоспағанда) тиесілі кәсіпкерлер/индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері, сондай-ақ меншік нысаны жеке мекеме ретінде ресімделген ЖКС және коммерциялық емес ұйымдар қаржыландырылмайды.
Қарыз алушыны ЕДБ, ЛК және АНК өз қаражаты есебінен агроөнеркәсіптік кешенде қайта өңдеу және өндіру жобалары бойынша айналым қаражатын 100 % толықтыруға қаржыландырған жағдайда тетік шеңберінде жобаларды мынадай іріктеу өлшемшарттары қосымша қолданылады:
1) салықтық берешегінің болмауы;
2) кредиттерге/қаржылық лизингке қызмет көрсету жөніндегі ағымдағы төлемдер бойынша есеп айырысуларды жүргізу мақсатына қаражат жұмсауына жол берілмейді.
8. Кредит/қаржылық лизинг мақсатына байланысты қарыз алушыларға қойылатын талаптар:
1) 100 % инвестициялық мақсаттарға: жұмыс органының/қаржы агенттігінің субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 3 (үш) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту немесе кірісті 10 %-ға өсіру;
2) қарыз алушының бір жобасы шеңберінде инвестициялық мақсаттарға және айналым қаражатын толықтыруға 50 %-дан аспайтын мөлшерде: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 2 (екі) қаржы жылынан кейін жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін және/немесе өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) сақтау/ұлғайту және/немесе кірісті 10 %-ға өсіру (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды тетіктің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді);
3) айналым қаражатын 100 % толықтыруға: жұмыс органы/қаржы агенттігі субсидиялау және/немесе кепілдік беру туралы шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жылдың қорытындысы бойынша жұмыс орындарын және/немесе салық төлемдерін сақтау/ұлғайту, өндіріс көлемін (ақшалай мәнде) ұлғайту және кірісті 10 %-ға өсіру (салық төлеуден босатылмаған кәсіпорындар салық төлемдерін ұлғайтуды тетіктің талаптарына сәйкес қамтамасыз етеді);
4) көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге: жұмыс орындарын сақтау/ұлғайту және нақты көлем индексі деңгейін сақтау.
9. ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Өңдеу өнеркәсібіндегі, агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін қызметтер және қайта өңдеу бойынша ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:
Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.
ЖКС-нің ЕДБ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.
Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 % ЖКС төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын болады.
Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша инвестициялық жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын ЖКС төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.
Осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінің қолданысы 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
Инвестицияларға жұмсалған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 жылдан аспайды.
Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттерді мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан аспайды.
Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.
10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:
Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттерге кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі:
3 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 50 %-ынан;
3 млрд теңгеден асатын 5 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит сомасының 30 %-ынан аспайды.
Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.
Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің кредиттері бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.
Кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобалардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі.
11. Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіру және өңдеу бойынша іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 436 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17741 болып тіркелген) бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларымен (бұдан әрі – Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау) регламенттеледі.
Осы тармақ шеңберінде ЕДБ, ЛК және АНК беретін кредиттер және қаржылық лизинг бойынша пайыздық мөлшерлемелерді субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жергілікті атқарушы органдарға ағымдағы трансферттер беру жолымен жүзеге асырылады.
12. Қаржы агенттігі:
1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті немесе қаржылық лизингті нысаналы пайдаланылуын мониторингтеуді;
2) ЕДБ-ға, АНК-ге және ЛК-лер бойынша қаржылық лизинг ұсынылған қаражатты мақсатты және уақтылы қаржыландыру жөнінде ақпарат жинау мен талдауды жүзеге асырады.
ЕДБ-ға, АНК-ге берілген қаражаттың және ЛК-лер бойынша қаржылық лизингтің мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдаланылуын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ЛК және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.
Бөлінетін қаражаттың экономикалық нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қаржы агенттігіне ЖКС келісімі болған жағдайда салық құпиясы болып табылатын мынадай:
салық салуға жатпайтын кірістерді ескере отырып, жиынтық жылдық кіріс туралы ақпаратты;
шетелдік көздерден алынатын, салық салынатын кіріс туралы ақпаратты;
өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша шығыстар туралы ақпаратты;
қызметкерлердің есептелген кірісі бойынша шығыстар туралы ақпаратты;
таза кіріс туралы ақпаратты;
қызметкерлердің (адамдардың) саны туралы ақпаратты;
бір қызметкерге шаққандағы орташа айлық жалақы туралы ақпаратты;
салық төлемдерінің сомалары туралы ақпаратты береді.
ЕДБ, ЛК және АНК "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде қаржы агенттігіне есеп жіберіп тұрады.
Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ЕДБ, ЛК және АНК-нің ішкі саясатына сәйкес ЕДБ, ЛК және АНК ЖКС кредиттері мен қаржылық лизингін мониторингтеуді жүргізеді.
Басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымша |
Басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесі
* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.
*** Үйінділерден алынған тас көмір.
Өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер жобаларының шеңберіндегі кредиттер бойынша субсидиялауға арналған тауарлар тізбесі
* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучинск-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары) іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.
** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.
*** Үйінділерден алынған тас көмір.
Экономиканың ең көп зардап шеккен секторларының тізбесі
Р/с № | ЭҚЖЖ | Қызмет түрлері |
1 | 2 | 3 |
1. | 10.1 | Етті өңдеу және консервілеу және ет өнімдерінің өндірісі |
2. | 10.91.0 | Ауыл шаруашылығы жануарларына арналған дайын азық өндірісі |
3. | 10.92.0 | Үй жануарларына арналған дайын азық өндірісі |
4. | 13.91.1 | Тоқылған және трикотаж кездемелерді шығару және өңдеу |
5. | 13.91.2 | Жасанды тері өндірісі |
6. | 13.92.0 | Киімнен басқа, дайын тоқыма бұйымдарының өндірісі |
7. | 13.93.0 | Кілемдер мен кілем бұйымдарының өндірісі |
8. | 13.94.1 | Жіптер, арқандар, жіңішке арқандар, шпагат және тор өндірісі |
9. | 13.94.2 | Торлар мен жіп бұйымдарының өндірісі |
10. | 13.95.0 | Киімнен басқа, тоқылмаған тоқыма бұйымдарының өндірісі |
11. | 13.96.0 | Өзге де техникалық және өндірістік мақсаттағы тоқыма бұйымдарының өндірісі |
12. | 13.99.1 | Тоқыма галантереясының өндірісі |
13. | 13.99.2 | Киізден басылған бұйымдардың өндірісі |
14. | 13.99.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген басқа да тоқыма бұйымдарының өндірісі |
15. | 14.1 | Теріден жасалған киімнен басқа киім өндірісі |
16. | 15.1 | Былғары илеу және өңдеу; жол керек-жарақтарын, ер-тұрман бұйымдарының өндірісі; теріні илеу және бояу |
17. | 18.1 | Полиграфиялық қызмет және осы саладағы көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
18. | 18.2 | Жазылған ақпарат жеткізгіштерін дыбыстап шығару |
19. | 22.2 | Пластмасса бұйымдарының өндірісі |
20. | 31.0 | Жиһаз өндірісі |
21. | 33.11.1 | Металл цистерналарын, резервуарлар мен контейнерлерді жөндеу |
22. | 33.11.2 | Орталық жылыту радиаторлары мен қазандықтарын жөндеу |
23. | 33.11.3 | Орталық жылыту қазандықтарынан басқа, бу қазандықтарын жөндеу |
24. | 33.11.4 | Атыс қаруы мен артиллериялық құралдарды жөндеу |
25. | 33.11.9 | Өзге де металл бұйымдарын жөндеу |
26. | 33.12.1 | Механикалық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
27. | 33.12.2 | Жалпы мақсаттағы басқа да жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
28. | 33.12.3 | Ауыл және орман шаруашылығына арналған машиналар мен жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
29. | 33.12.4 | Станоктарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
30. | 33.12.5 | Арнайы мақсаттағы басқа да машиналар мен жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
31. | 33.12.6 | Офистік машиналар мен есептеуіш техникаларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
32. | 33.13.1 | Өлшеуге, тестілеуге және навигацияға арналған құралдар мен аспаптарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
33. | 33.13.2 | Бақылау жабдығын жөндеу |
34. | 33.13.3 | Сәулелендіргіш, электрмедициналық және электртерапиялық жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
35. | 33.13.4 | Оптикалық аспаптар мен фотографиялық жабдықты жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
36. | 33.14.1 | Электр қозғалтқыштар, генераторлар мен трансформаторларды жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
37. | 33.14.2 | Электр таратушы және реттеу аппаратураларын жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
38. | 33.14.3 | Электр жарықтандыру жабдығын жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
39. | 33.14.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де электр жабдықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
40. | 33.15.1 | Кемелерді жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
41. | 33.15.2 | Спорттық және серуендеу қайықтарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
42. | 33.16.0 | Әуе мен ғарыштық ұшу аппараттарын жөндеу және техникалық қызмет көрсету |
43. | 33.17.1 | Теміржолдардың жылжымалы құрамын жөндеу |
44. | 33.17.2 | Трамвайларды, метро вагондары мен троллейбустарды жөндеу |
45. | 33.17.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де көлік құралдары мен жабдықтарын жөндеу |
46. | 33.19.0 | Өзге де жабдықтарды жөндеу |
47. | 33.2 | Өнеркәсіптік машиналар мен жабдықты монтаждау, орнату |
48. | 45.11.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілеріндегі автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарының бөлшек саудасы |
49. | 45.11.3 | Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілеріндегі автомобильдер мен жеңіл автокөлік құралдарының бөлшек саудасы |
50. | 45.19.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілеріндегі өзге де автокөлік құралдарының бөлшек саудасы |
51. | 45.19.3 | Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және үлкен) сауда объектілеріндегі өзге де автокөлік құралдарының бөлшек саудасы |
52. | 45.20 | Автомобильдерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
53. | 45.32.1 | Сауда алаңы 2000 ш.м. кем сауда объектілеріндегі автомобильдерге арналған бөлшектердің, тораптар мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы |
54. | 45.32.2 | Сауда алаңы 2000 ш.м. астам (2000 ш.м. және одан үлкен) сауда объектілеріндегі автомобильдерге арналған бөлшектердің, тораптар мен керек-жарақтардың бөлшек саудасы |
55. | 45.40.2 | Мотоциклдер, мотороллерлер, олардың бөлшектері мен құрал-саймандарының бөлшек саудасы |
56. | 45.40.3 | Мотоциклдер мен мотороллерлерге техникалық қызмет көрсету және жөндеу |
57. | 47 | Автомобильдер мен мотоциклдер саудасынан басқа, бөлшек сауда (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда) |
58. | 49.10.0 | Қалааралық қатынаста жолаушыларға арналған теміржол көлігінің қызметі |
59. | 49.31.1 | Автобустармен тасымалдау |
60. | 49.31.2 | Трамвайлармен тасымалдау |
61. | 49.31.3 | Троллейбустармен тасымалдау |
62. | 49.31.4 | Метрополитенмен тасымалдау |
63. | 49.31.9 | Кестеге бағынатын өзге де көлік түрлерімен тасымалдау |
64. | 49.32 | Такси қызметі |
65. | 49.39.0 | Басқа топтамаларға енгізілмеген, өзге де құрлықтағы жолаушылар көлігінің қызметі |
66. | 49.4 | Жүк автомобиль көлігінің қызметі және көшу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
67. | 49.50 | Құбыр көлігінің қызметі |
68. | 50.10 | Теңіз және су жағасындағы жолаушылар көлігінің қызметі |
69. | 50.20 | Теңіз және су жағасындағы жүк көлігінің қызметі |
70. | 51.10 | Әуе жолаушылар көлігінің қызметі |
71. | 51.21 | Жүк әуе көлігінің қызметі |
72. | 52.22 | Су көлігінің қосалқы қызметі |
73. | 52.23.2 | Әуежайлар қызметі |
74. | 52.24 | Жүктерді көліктік өңдеу |
75. | 52.29.1 | Көліктік-экспедициялық көрсетілетін қызметтер |
76. | 52.29.2 | Көліктегі техникалық қадағалау |
77. | 52.29.9 | Өзге де көліктік-экспедициялық қызметтер |
78. | 53.10 | Ортақ пайдаланылатын көрсетілетін қызметтерді ұсыну шеңберіндегі пошта қызметі |
79. | 53.20 | Пошта және курьерлік өзге де қызмет |
80. | 55.10 | Қонақ үйлердің және тұруға арналған ұқсас орындардың қызметтерді ұсынуы |
81. | 55.20.0 | Демалыс күндерінде және өзге де қысқа мерзімді тұру кезеңдеріне тұрғын үй беру |
82. | 55.30.0 | Кемпингте, рекреациялық автопаркте және трейлерлік парктерде тұру үшін көрсетілетін қызметтер |
83. | 55.30.1 | Жол бойындағы белдеулерде орналасқандарды қоспағанда, кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызметтерді көрсетуі |
84. | 55.30.2 | Жол бойында белдеулерде орналасқан кемпингтердің, автофургондарға арналған тұрақтар мен тұруға арналған автотіркемелердің қызметтерді көрсетуі |
85. | 56.10 | Мейрамханалар қызметі және тамақ өнімдерін жеткізу бойынша көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
86. | 56.21 | Тапсырыспен дайын тамақ жеткізу |
87. | 56.29.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген тамақтануды қамтамасыз ету бойынша өзге де қызмет |
88. | 56.30.0 | Сусындарды ұсыну |
89. | 58.11.0 | Кітап шығару |
90. | 58.12.0 | Анықтамалықтар мен мекенжайлық тізімдерді шығару |
91. | 58.13.0 | Газет шығару |
92. | 58.14.0 | Журналдар мен мерзімдік басылымдарды шығару |
93. | 58.19.0 | Баспа қызметінің өзге де түрлері |
94. | 58.2 | Бағдарламалық қамтылымды шығару |
95. | 59.11.0 | Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды шығару бойынша қызмет |
96. | 59.12.0 | Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды аяқтау жөніндегі қызмет |
97. | 59.13.0 | Кино-, бейнефильмдер мен телевизиялық бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет |
98. | 59.14 | Кинофильмдерді көрсету жөніндегі қызмет |
99. | 59.20.0 | Дыбыс жазбалары және музыкалық шығармаларды шығару саласындағы қызмет |
100. | 60.10.0 | Радио хабарлар тарату |
101. | 60.20.0 | Телевизиялық бағдарламаларды жасау және тарату қызметі |
102. | 61.10.1 | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін сымдық телекоммуникациялық байланыс |
103. | 61.10.9 | Өзге де сымдық телекоммуникациялық байланыс |
104. | 61.20.1 | Бірыңғай көлік ортасы арқылы сымсыз телекоммуникациялық байланыс |
105. | 61.20.2 | Телерадио хабарларын таратудың ұлттық операторы желісі арқылы теле-, радио хабарларды таратуды ұйымдастыру |
106. | 61.20.9 | Өзге де сымсыз телекоммуникациялық байланыс |
107. | 61.30.1 | Бірыңғай көлік ортасы арқылы мемлекеттік органдар үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет |
108. | 61.30.2 | Телерадио хабарларын тарату мақсаттары үшін спутниктік телекоммуникация саласындағы қызмет |
109. | 61.30.3 | Байланысты ұйымдастыру үшін спутниктік телекоммуникациялар саласындағы қызмет |
110. | 61.90.1 | Интернет желісі арқылы телерадио бағдарламаларды тарату жөніндегі қызмет |
111. | 61.90.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген телекоммуникация саласындағы өзге де қызмет |
112. | 62.01 | Компьютерлік бағдарламалау саласындағы қызмет |
113. | 68.20 | Меншікті немесе жалға алынған жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару (дәріханаларды және азық-түлік өнімдерін, сусындар мен темекі бұйымдарының бөлшек саудасын қоспағанда, сауда желілері мен стационарлық сауда объектілері, меншікті жылжымайтын мүлікті жалға беру және басқару, коммерциялық үй-жайларды (сауда және ойын-сауық орталықтарын, сауда объектілерін) жалға беру) |
114. | 69.10 | Құқық саласындағы қызмет (заң консультанттары) |
115. | 70.22 | Коммерциялық қызмет мәселелері бойынша консультация беру және өзге де басқару мәселелері бойынша консультациялар беру |
116. | 71.20.1 | Санитариялық-эпидемиологиялық ұйымдардың қызметі |
117. | 71.20.9 | Техникалық сынақтар мен талдауды жүзеге асыратын өзге де мекемелердің қызметі |
118. | 73.11 | Жарнама агенттіктерінің қызметі |
119. | 77.35.1 | Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарын жалдау |
120. | 77.35.2 | Әуе көлігі құралдары мен жабдықтарының лизингі |
121. | 79.1 | Туристік агенттіктер мен операторлардың қызметі |
122. | 82.19.0 | Құжаттарды көшіру, дайындау жөніндегі және өзге де мамандандырылған офистік қосалқы қызмет |
123. | 82.30.0 | Конференциялар мен сауда көрмелерін ұйымдастыру |
124. | 85.10 | Мектепке дейінгі білім беру (жеке меншік мектепке дейінгі (бастауышқа дейінгі) білім беру) |
125. | 85.20 | Бастауыш білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер) |
126. | 85.3 | Орта білім беру (халықаралық мектептерді қоспағанда, жеке мектептер) |
127. | 85.42.1 | Жоғары білім беру |
128. | 85.42.2 | Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру |
129. | 85.51.0 | Спорт және демалыс саласындағы білім беру |
130. | 85.52.0 | Мәдениет саласындағы білім беру |
131. | 85.53.0 | Көлік құралдарын жүргізушілерді дайындайтын мектептердің қызметі |
132. | 85.59.1 | Кешкі жалпы білім беретін мектептердің қызметі |
133. | 85.59.2 | Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру түрлері |
134. | 85.59.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген білім беру саласындағы өзге де қызмет |
135. | 85.60.1 | Ұлттық компаниялар мен олардың еншілес ұйымдары ұсынатын білім беру саласындағы қосалқы қызмет |
136. | 85.60.9 | Білім беру саласындағы өзге де қосалқы қызмет |
137. | 86.10 | Аурухана ұйымдарының қызметі (жекеменшік ұйымдар) |
138. | 86.10.3 | Санаторий-курорттық ұйымдардың қызметі |
139. | 86.2 | Дәрігерлік практика және стоматология саласындағы қызмет (жекеменшік ұйымдар) |
140. | 86.90 | Денсаулық сақтау саласындағы өзге де қызмет |
141. | 90.01.1 | Театр қызметі |
142. | 90.01.2 | Концерт қызметі |
143. | 90.01.3 | Цирктердің қызметі |
144. | 90.02.0 | Мәдени-ойын-сауықтық іс-шараларын өткізуге ықпал ететін қызмет |
145. | 90.04 | Концерттік және театр залдарының қызметі |
146. | 91.02.0 | Музейлер қызметі |
147. | 93.11.0 | Спорттық құрылысжайларын пайдалану |
148. | 93.12.0 | Спорт клубтарының қызметі |
149. | 93.13 | Фитнес клубтардың қызметі |
150. | 93.19.0 | Спорт саласындағы өзге де қызмет |
151. | 93.21.0 | Ойын-сауық және тақырыптық парктердің қызметі |
152. | 93.29.1 | Би залдары, дискотекалар қызметі |
153. | 93.29.9 | Демалысты және ойын-сауықты ұйымдастыру бойынша өзге де қызмет түрлері |
154. | 94.91.0 | Діни ұйымдардың қызметі |
155. | 95.11.0 | Компьютерлер мен перифериялық жабдықтарды жөндеу |
156. | 95.12.0 | Коммуникациялық жабдықтарды жөндеу |
157. | 95.21.0 | Электрондық тұрмыстық техниканы жөндеу |
158. | 95.22.0 | Тұрмыстық аспаптарды, үй және бау-бақша жабдықтарын жөндеу |
159. | 95.23.1 | Аяқ киімдерді жөндеу |
160. | 95.23.2 | Табиғи және жасанды былғарыдан жасалған жол және галантерея бұйымдарын жөндеу |
161. | 95.24.0 | Жиһаздарды және интерьер заттарын жөндеу |
162. | 95.25.1 | Қолсағаттар мен өзге де сағаттарды жөндеу |
163. | 95.25.2 | Зергерлік бұйымдарды жөндеу |
164. | 95.29.1 | Трикотаж және тоқыма бұйымдарын жөндеу |
165. | 95.29.2 | Тігін бұйымдарын, бас киімдерді және тоқыма галантерея бұйымдарын жөндеу |
166. | 95.29.3 | Тері мен былғары бұйымдарын және бас киімдерді жөндеу |
167. | 95.29.4 | Музыкалық аспаптарды жөндеу |
168. | 95.29.5 | Кілемдер мен кілем бұйымдарын жөндеу |
169. | 95.29.6 | Велосипедтер жөндеу |
170. | 95.29.9 | Басқа топтамаларға енгізілмеген жеке пайдаланатын өзге де заттар мен тұрмыстық тауарларды жөндеу |
171. | 96.01 | Тоқыма және тері бұйымдарын жуу және (химиялық) тазалау |
172. | 96.02 | Шаштараз және сұлулық салондарының қызмет көрсетуі |
173. | 96.04.0 | Физикалық жайлылықты қамтамасыз ету жөніндегі қызмет |
174. | 96.09.0 | Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жеке көрсетілетін қызметтерді ұсыну |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына 4-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына 5-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына 6-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына 7-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің |
|
2021 жылғы 31 наурыздағы № 194 қаулысына 8-қосымша |
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.