Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерінде:
реттік нөмірлері 8, 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
8. | Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (шілде – қараша) | 24 435 | 9300 |
9. | Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (желтоқсан – маусым) | 24 435 | 540 |
"; |
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:
"
10. | Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды кейіннен Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру | 0 | 0 |
". |
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |