"Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі № 220 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген бензин (авиациялық бензинді қоспағанда) мен дизель отынына арналған акциздер мөлшерлемелерінде:

      реттік нөмірлері 8, 9-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

      "

8.

Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (шілде – қараша)

24 435

9300

9.

Салық Кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген алыс-беріс шикізатын өңдеу өнімі болып табылатын акцизделетін тауарларды беру, көрсетілген тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге кейіннен өткізу жағдайларын қоспағанда (желтоқсан – маусым)

24 435

540

  ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 10-жолмен толықтырылсын:

      "

10.

Алыс-беріс шикізатын қайта өңдеу өнімі болып табылатын, Салық кодексінің 462-бабының 5) тармақшасында көрсетілген акцизделетін тауарларды кейіннен Салық кодексінің 471-бабында көзделген растайтын құжаттарды ұсына отырып, Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерге өткізген жағдайда, көрсетілген тауарларды беру

0

0

  ".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізiледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады