Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 сәуірдегі № 229 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 18 қаңтардағы № 4 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жеке табыс салығы мен әлеуметтік төлемдер түрінде бірыңғай жиынтық төлемді төлеу, бөлу және аудару, сондай-ақ оларды қайтару қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Бірыңғай жиынтық төлем жалпы сомамен төленуге жатады. Бірыңғай жиынтық төлемді төлеу тұрғылықты жері бойынша "Төлемдер мен төлем жүйелері туралы" 2016 жылғы 26 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Төлемдер туралы заң) талаптарын ескере отырып, банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы қолма-қол ақшамен немесе қолма-қол ақшасыз тәсілмен Мемлекеттік корпорацияның банк шотына төлеушінің бірыңғай жиынтық төлемді енгізуі арқылы жүргізіледі.

      Бұл ретте, көрсетілген ұйымдар бірыңғай жиынтық төлем осы Қағидалардың 4-тармағында белгіленген бірыңғай жиынтық төлемнің мөлшеріне сәйкес келмеген жағдайда оны қабылдамайды.";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Төлеушілер бірыңғай жиынтық төлемді төлеуді тұрғылықты жері бойынша "ААЖЖЖЖ" форматында бірыңғай жиынтық төлем жүргізілетін күнтізбелік жылдың айын көрсетіп дербес жүзеге асырады немесе олардың пайдасына үшінші тұлға жүзеге асырады.

      Бұл ретте, бірыңғай жиынтық төлемді күнтізбелік жылдың ағымдағы және одан кейінгі айлары үшін төлеуге болады.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2019 года № 4 "Об утверждении Правил уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 2021 года № 229.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2019 года № 4 "Об утверждении Правил уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата" следующие изменения:

      в Правилах уплаты, распределения и перечисления единого совокупного платежа в виде индивидуального подоходного налога и социальных платежей, а также их возврата, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. Единый совокупный платеж подлежит уплате общей суммой. Уплата единого совокупного платежа производится по месту жительства путем внесения единого совокупного платежа плательщиком наличными деньгами либо безналичным способом через банки и организации, осуществляющие отдельные виды банковских операций, на банковский счет Государственной корпорации с учетом требований Закона Республики Казахстан от 26 июля 2016 года "О платежах и платежных системах" (далее – Закон о платежах).

      При этом указанные организации не принимают единый совокупный платеж в случае несоответствия его размеру единого совокупного платежа, установленного пунктом 4 настоящих Правил.";

      пункт 5 изложить в следующей редакции:

      "5. Уплата единого совокупного платежа плательщиками осуществляется по месту жительства самостоятельно или третьим лицом в их пользу с указанием месяца календарного года, за который производится уплата единого совокупного платежа в формате "ММГГГГ".

      При этом единый совокупный платеж может уплачиваться за текущие и последующие месяцы календарного года.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования и распространяется на отношения, возникшие с 1 января 2021 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин