Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 10 қазандағы № 198 Жарлығына мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Комиссияның шешімі оның қатысып отырған мүшелерінің көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең бөлінген жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады. Комиссия шешімі төраға қол қоятын хаттамамен ресімделеді.";
17-тармақта жетінші және он үшінші абзацтар алып тасталсын;
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Ішкі істер органдары:
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адамның басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан;
егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса;
шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде баланың ерікті ниеті бойынша;
адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекеттерге қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркейді.
29. Шет елдердегі мекемелер:
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, адам басқа мемлекеттің әскери қызметіне, қауіпсіздік қызметіне, полициясына, әділет органдарына немесе өзге де мемлекеттік билік және басқару органдарына қызметке кіруі салдарынан;
егер Қазақстан Республикасының азаматтығы көрінеу жалған мәліметтер немесе жалған құжаттар ұсыну нәтижесінде алынса;
Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарында көзделген негіздер бойынша;
егер адам басқа мемлекеттің азаматтығын алған болса;
егер адамның Қазақстан Республикасының азаматтығын алуына негіз болған Қазақстан Республикасының азаматымен некені сот жарамсыз деп таныса;
шетелдіктерге асырап алуға берілген Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатын бала кәмелетке толған кезде баланың ерікті ниеті бойынша;
адамның шетелдік қарулы қақтығыстарға, шет мемлекет аумағындағы экстремистік және (немесе) террористік әрекеттерге қатысуы салдарынан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде тұратын адамдарға қатысты Қазақстан Республикасының азаматтығынан айыруды тіркейді.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |