Каспий итбалығына ен салу және популяциясының құрылымын зерделеу мақсатында және "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 жылғы 15 наурыздан бастап 15 мамыр аралығындағы және 2021 жылғы 15 қыркүйектен бастап 15 қараша аралығындағы кезеңде Маңғыстау және Атырау облыстарының Дурнева және Ремонтные шалыги (Ақтоты) аралдарында Каспий итбалығының 156 дарағын ғылыми зерттеулер үшін алуға рұқсат етілсін, олар кейіннен табиғи мекендеу ортасына жіберілсін.
2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері ретінде аккредиттелген заңды тұлғаларға Каспий итбалығын ғылыми зерттеулер үшін алуға рұқсат берсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |