Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 302 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1.  Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.

      2.  Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.

      3.  Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 6 мамырдағы
№ 302 қаулысымен
мақұлданған
 
  Жоба

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы

      2018 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 8-бабын басшылыққа ала отырып,

      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-баптың 3-тармағындағы "24 айды" деген сандар мен сөз "30 айды" деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын;

      3-бапта:

      3-тармақтағы "алты ай ішінде" деген сөздер "бір ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақтағы "алты ай ішінде" деген сөздер "бір ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.

2-бап

      Осы Хаттама оған Тараптардың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қолданыста болады.

      Әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар басым күші бар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.


Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін:
______________________________
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін: ________________________
 
Халықаралық қатынастар директоры
Андреас Шаал

Қолы:
Күні:

Қолы:
Күні:


Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін: ________________________
Атқарушы дирекция
Бағдарламалық, бюджеттік және қаржылық қызмет бастығының орынбасары
Антуан Пайль


Қолы:
Күні:


О подписании Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Стимулирование диверсификации и налаживание связей между прямыми иностранными инвестициями и малым и средним бизнесом"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 мая 2021 года № 302

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Одобрить прилагаемый проект Протокола о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Стимулирование диверсификации и налаживание связей между прямыми иностранными инвестициями и малым и средним бизнесом".

      2. Заместителю Премьер-Министра – Министру иностранных дел Республики Казахстан Тлеуберди Мухтару Бескенулы подписать от имени Правительства Республики Казахстан Протокол о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Стимулирование диверсификации и налаживание связей между прямыми иностранными инвестициями и малым и средним бизнесом", разрешив вносить изменения и дополнения, не имеющие принципиального характера.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Одобрен
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 6 мая 2021 года № 302
  Проект

Протокол о внесении изменений в Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Стимулирование диверсификации и налаживание связей между прямыми иностранными инвестициями и малым и средним бизнесом"

      Правительство Республики Казахстан и Организация экономического сотрудничества и развития, далее именуемые Сторонами,

      руководствуясь статьей 8 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Организацией экономического сотрудничества и развития о реализации проекта "Стимулирование диверсификации и налаживание связей между прямыми иностранными инвестициями и малым и средним бизнесом" от 6 декабря 2018 года (далее – Соглашение),

      согласились о нижеследующем:

      Статья 1

      Внести в Соглашение следующие изменения:

      в пункте 3 статьи 1 цифры и слово "24 месяца" заменить цифрами и словом "30 месяцев";

      в статье 3:

      в пункте 3 слова "в течение шести месяцев" заменить словами "в течение одного месяца";

      в пункте 5 слова "в течение шести месяцев" заменить словами "в течение одного месяца".

      Статья 2

      Настоящий Протокол вступает в силу со дня его подписания последней из Сторон и действует в течение срока действия Соглашения.

      Совершено в двух подлинных экземплярах, каждый на казахском, английском и русском языках. В случае возникновения разногласий при толковании положений настоящего Протокола, Стороны будут обращаться к тексту на английском языке, который является превалирующим.

За Правительство Республики Казахстан:
________________________________
Заместитель Премьер-Министра – Министр иностранных дел
Республики Казахстан
Мухтар Тлеуберди
 

За Организацию экономического сотрудничества и развития:
_______________________________
Директор международных отношений
Андреас Шаал
 

Подпись
Дата

Подпись
Дата
 


За Организацию экономического сотрудничества и развития
_______________________________
Заместитель начальника Службы программной, бюджетной и финансовой деятельности Исполнительная дирекция
Антуан Пайль
 


Подпись
Дата