Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Бескенұлы Тілеубердіге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қағидаттық сипаты жоқ өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 302 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
2018 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы арасындағы "Әртараптандыруды ынталандыру және тікелей шетелдік инвестициялар мен шағын және орта бизнес арасында байланыс орнату" жобасын іске асыру туралы келісімнің (бұдан әрі – Келісім) 8-бабын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімге мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-баптың 3-тармағындағы "24 айды" деген сандар мен сөз "30 айды" деген сандармен және сөзбен ауыстырылсын;
3-тармақтағы "алты ай ішінде" деген сөздер "бір ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтағы "алты ай ішінде" деген сөздер "бір ай ішінде" деген сөздермен ауыстырылсын.
Осы Хаттама оған Тараптардың соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді және Келісімнің қолданылу мерзімі ішінде қолданыста болады.
Әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды. Осы Хаттаманың ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар басым күші бар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін: |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін: ________________________ |
Қолы: |
Қолы: |
Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы үшін: ________________________ | |
Қолы: |