2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 13-бабының 5) тармақшасына, 108-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазакстан Республикасының Заңы 11-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Шаға, Жаңа Иқан, Ескі Иқан, Үшқайық, Иассы, Ораңғай, Қарашық, Жүйнек, Бабайқорған, Шорнақ, Жібек жолы, Майдантал ауылдық округтерінің және Ащысай ауылы аумағының айналасында орналасқан жерлерді қоса алғанда, жалпы көлемі 721745,0 гектар жерлерін Түркістан облысы Сауран ауданының шекарасына қосу арқылы Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын өзгерту туралы "Түркістан облысы Кентау қаласының шекарасын (шегін) өзгерту туралы ұсынысты Қазақстан Республикасының Үкіметіне келісуге енгізу туралы" бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2021 жылғы 19 наурыздағы № 81 қаулысы мен Түркістан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 19 наурыздағы № 3/23-VІІ шешіміне келісім берілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Премьер-Министрі | А.Мамин |
Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2021 жылғы 13 мамырдағы № 316 қаулысына қосымша |
Түркістан облысы Сауран ауданының шекарасына қосылатын Түркістан облысы Кентау қаласы жерлері бөлігінің экспликациясы
Ауданның атауы | Түркістан облысы Сауран ауданының шекарасына қосылатын жерлердің алаңы (гектар) | соның ішінде: | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер (гектар) | елді мекендер жерлері (гектар) | өнеркәсіп, көлік, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтаждығына және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатына арналмаған жерлер (гектар) | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жерлер (гектар) | орман қорының жерлері (гектар) | су қорының жерлері (гектар) | босалқы жерлер (гектар) | ||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Кентау қаласының ауылдық округтерінің жерлері | 721 745,0 | 364 918 | 57 827 | 4920 | 39 424 | 66 145 | 2 429 | 186 082 |
Жиыны: | 721 745,0 | 364 918 | 57 827 | 4920 | 39 424 | 66 145 | 2 429 | 186 082 |