Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2021 жылғы 15 наурызда Нұр-Сұлтанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Жапония Үкіметі арасындағы Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасы шеңберінде жапондық грант алу туралы ноталар алмасу нысанындағы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 20 мамырдағы № 333 қаулысымен бекітілген |
|
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 15 наурыз, № 1 (Қазақстан тарапының нотасы) |
(2021 жылғы 21 мамырда күшіне енді – Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2021 ж., № 3, 18-құжат)
Жоғары мәртебелі,
Жоғары мәртебелі нотаңызды алғанымды растау құрметіне ие болып отырмын, бүгінгі күні онда былай делінген:
"Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Алушы деп аталады) өкілдерінің арасында таяуда өткізілген талқылауларға сүйене отырып, Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсыну құрметіне ие болып отырмын:
1. Алушының Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын (бұдан әрі Бағдарлама деп аталады) жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның тиісті заңдарының, ережелерінің және бюджетінің қаржы бөлу тәртібінің сақталуын ескере отырып, Алушыға төрт жүз миллион жапон иені (¥400,000,000) мөлшерінде грант (бұдан әрі Грант деп аталады) береді.
2. (1) Грантты және есептелген проценттерді Алушы тиісті түрде және Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті, екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында өзара келісуге жататын тізбеде санамаланған Тауарларды және/немесе Көрсетілетін қызметтерді сатып алу (бұдан әрі тиісінше Тауарлар және Көрсетілген қызметтер деп аталады), сондай-ақ Тауарлардың тиісті шығарушы елдерде өндірілуі, ал Көрсетілген қызметтерді тиісті шығарушы елдер азаматтарының ұсынуы шартымен Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті алымдарды төлеу үшін ғана пайдаланады.
Жоғары мәртебелі, КАСАИ Тацухико мырза Жапонияның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі |
(2) Жоғарыда (1) тармақшада аталған тізбе екі үкіметтің тиісті органдары арасында келісілгеннен кейін өзгертуге жатады.
(3) Жоғарыда (1) тармақшада аталған заңды шығарушы елдердің қамту аясы екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында келісілуі тиіс.
3. (1) Алушы осы Келісім күшіне енген күннен кейін он төрт күннің ішінде Жапония банкінде Алушының атына иенмен әдеттегі депозиттік шот (бұдан әрі Шот деп аталады) ашады және оны ашқан күннен бастап жеті күн ішінде Жапония Үкіметін Шот ашу рәсімінің аяқталғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
(2) Шоттың бірден-бір мақсаты Жапония Үкіметінің жапон иенімен 4-тармақта аталған төлемді алуы, сондай-ақ Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алу үшін қажетті төлемдерді және екі үкіметтің тиісті органдарының арасында келісілуі мүмкін басқа да төлемдерді жүзеге асыру болып табылады.
4. Жапония Үкіметі Грантты 1-тармақта көрсетілген соманы Шотқа 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған жазбаша хабарламаны алған күн мен 2021 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезең ішінде жапон иенімен аудару арқылы береді. Бұл мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
5. (1) Алушы мынадай қажетті шараларды қолдануы тиіс:
(a) Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ Грант берілген күннен бастап он екі ай ішінде, егер осы мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылмаса, әзір болу мақсатында 2-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген алымдарды төлеуге Гранттың және есептелген проценттердің Шоттан толық төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Бағдарлама аяқталғаннан кейін қалған соманы Жапония Үкіметіне өтеу;
(b) Алушының елінде Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алуға байланысты алынуы мүмкін кедендік баждарды, ішкі салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ басқа да салық алымдарын төлеуден босатуды қамтамасыз ету;
(c) Грантты және есептелген проценттерді пайдаланудың экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне тиісті көңіл бөлу;
(d) Грант пен есептелген проценттер Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алу және 2-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген алымдарды төлеу үшін толық пайдаланылғанда, Жапония Үкіметіне немесе Жапония Үкіметінің өтініші бойынша тиісті операцияларға қатысты шарттардың, ваучерлердің және басқа да құжаттардың көшірмелерімен бірге Шот бойынша операциялар туралы Жапония Үкіметі үшін қолайлы жазбаша нысанда дайындалған есепті дереу ұсыну;
(e) Тауарлардың және/немесе Көрсетілген қызметтердің сапасын тиісінше қолдауды және оларды Бағдарламаны іске асыру үшін тиімді пайдалануды, сондай-ақ оларды әскери мақсаттарда қолдануға тыйым салуды қамтамасыз ету;
(f) Алушының өзін қоса алғанда, соңғы пайдаланушылардың Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануына кепілдік беру;
(g) Тауарларды Алушының елінде жылдам түсіруді, кедендік ресімдеуді және ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
(h) Алушының елінде Бағдарламаны іске асыруға қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
(i) Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді жеткізуге байланысты қызметтер көрсетуі талап етілуі мүмкін жапондық жеке тұлғаларға және/немесе үшінші елдердің жеке тұлғаларына Алушының еліне келуге және онда жұмысты орындау үшін болуға қажетті барлық жағдайларды жасау;
(j) Грант және есептелген проценттер есебiнен жабылатындарынан басқа, Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру; сондай-ақ
(k) Бағдарлама аяқталғаннан кейін Жапония Үкіметіне Бағдарлама бойынша қорытынды есеп беру.
(2) Сұрау салу түскен жағдайда Алушы Жапония Үкіметіне Грант және оның есептелген проценттері туралы қажетті ақпаратты береді.
(3) Тауарларды тиеу мен теңіздегі сақтандыруға келсек, Алушы көліктік және теңізде сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін қандай да бір шектеулерді салудан тартынады.
(4) Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді Алушы елден экспорттауға немесе кері экспорттауға болмайды.
6. Осы Келісімді іске асыру үшін одан арғы рәсімдік нақтылаулар екі үкіметтің мүдделі органдарының арасындағы консультациялар арқылы келісіледі.
7. Екі елдің үкіметтері осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселе бойынша бір-бірімен консультациялар өткізеді.
Бұдан әрі, жоғарыда көрсетілген келісімді Алушының атынан растайтын осы Нота мен жауап Нотасы Жоғары Мәртебелі осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті ішкі рәсімдердің аяқталғаны туралы Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен жазбаша хабарламаны алған күнінен бастап күшіне енетін екі үкімет арасындағы Келісімді білдіреді деп ұсынуды мәртебе санаймын.
Мен де жоғарыда баяндалған Келісімді Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан растау және Жоғары мәртебелі Нотаңыз бен осы жауап Нота Жапония Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметінен Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енетін екі үкімет арасындағы Келісім болып табылатынымен келісу құрметіне ие болып отырмын.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі өзімнің жоғары зор/жоғары ілтипатымды қайталағым/білдіргім келеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 мамырдағы № 333 қаулысымен бекітілген |
|
Нұр-Сұлтан, 2021 жылғы 15 наурыз, № 1 (Жапон тарапының нотасы) |
Жоғары мәртебелі Алексей Цой,
Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік дамуына жәрдемдесу мақсатында жапон экономикалық ынтымақтастығын кеңейтуге қатысты Жапония Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Алушы деп аталады) өкілдерінің арасында таяуда өткізілген талқылауларға сүйене отырып, Жапония Үкiметiнiң атынан мынаны ұсыну құрметіне ие болып отырмын:
1. Алушының Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасын (бұдан әрі Бағдарлама деп аталады) жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында Жапония Үкіметі Жапонияның тиісті заңдарының, ережелерінің және бюджетінің қаржы бөлу тәртібінің сақталуын ескере отырып, Алушыға төрт жүз миллион жапон иені (¥400,000,000) мөлшерінде грант (бұдан әрі Грант деп аталады) береді.
2. (1) Грантты және есептелген проценттерді Алушы тиісті түрде және Бағдарламаны жүзеге асыру үшін қажетті, екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында өзара келісуге жататын тізбеде санамаланған Тауарларды және/немесе Көрсетілетін қызметтерді сатып алу (бұдан әрі тиісінше Тауарлар және Көрсетілген қызметтер деп аталады), сондай-ақ Тауарлардың тиісті шығарушы елдерде өндірілуі, ал Көрсетілген қызметтерді тиісті шығарушы елдер азаматтарының ұсынуы шартымен Бағдарламаны жүзеге асыруға қажетті алымдарды төлеу үшін ғана пайдаланады.
(2) Жоғарыда (1) тармақшада аталған тізбе екі үкіметтің тиісті органдары арасында келісілгеннен кейін өзгертуге жатады.
(3) Жоғарыда (1) тармақшада аталған заңды шығарушы елдердің қамту аясы екі үкіметтің мүдделі органдарының арасында келісілуі тиіс.
3. (1) Алушы осы Келісім күшіне енген күннен кейін он төрт күннің ішінде Жапония банкінде Алушының атына иенмен әдеттегі депозиттік шот (бұдан әрі Шот деп аталады) ашады және оны ашқан күннен бастап жеті күн ішінде Жапония Үкіметін Шот ашу рәсімінің аяқталғаны туралы жазбаша хабардар етеді.
(2) Шоттың бірден-бір мақсаты Жапония Үкіметінің жапон иенімен 4-тармақта аталған төлемді алуы, сондай-ақ Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алу үшін қажетті төлемдерді және екі үкіметтің тиісті органдарының арасында келісілуі мүмкін басқа да төлемдерді жүзеге асыру болып табылады.
4. Жапония Үкіметі Грантты 1-тармақта көрсетілген соманы Шотқа 3-тармақтың (1) тармақшасында аталған жазбаша хабарламаны алған күн мен 2021 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезең ішінде жапон иенімен аудару арқылы береді. Бұл мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылуы мүмкін.
Жоғары мәртебелі, Алексей Цой мырза Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
5. (1) Алушы мынадай қажетті шараларды қолдануы тиіс:
(a) Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ Грант берілген күннен бастап он екі ай ішінде, егер осы мерзім екі үкіметтің тиісті органдарының өзара келісуі бойынша ұзартылмаса, әзір болу мақсатында 2-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген алымдарды төлеуге Гранттың және есептелген проценттердің Шоттан толық төленуін қамтамасыз ету, сондай-ақ Бағдарлама аяқталғаннан кейін қалған соманы Жапония Үкіметіне өтеу;
(b) Алушының елінде Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алуға байланысты алынуы мүмкін кедендік баждарды, ішкі салықтарды, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, сондай-ақ басқа да салық алымдарын төлеуден босатуды қамтамасыз ету;
(c) Грантты және есептелген проценттерді пайдаланудың экологиялық және әлеуметтік аспектілеріне тиісті көңіл бөлу;
(d) Грант пен есептелген проценттер Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді сатып алу және 2-тармақтың (1) тармақшасында көрсетілген алымдарды төлеу үшін толық пайдаланылғанда, Жапония Үкіметіне немесе Жапония Үкіметінің өтініші бойынша тиісті операцияларға қатысты шарттардың, ваучерлердің және басқа да құжаттардың көшірмелерімен бірге Шот бойынша операциялар туралы Жапония Үкіметі үшін қолайлы жазбаша нысанда дайындалған есепті дереу ұсыну;
(e) Тауарлардың және/немесе Көрсетілген қызметтердің сапасын тиісінше қолдауды және оларды Бағдарламаны іске асыру үшін тиімді пайдалануды, сондай-ақ оларды әскери мақсаттарда қолдануға тыйым салуды қамтамасыз ету;
(f) Алушының өзін қоса алғанда, соңғы пайдаланушылардың Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануына кепілдік беру;
(g) Тауарларды Алушының елінде жылдам түсіруді, кедендік ресімдеуді және ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;
(h) Алушының елінде Бағдарламаны іске асыруға қатысатын адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
(i) Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді жеткізуге байланысты қызметтер көрсетуі талап етілуі мүмкін жапондық жеке тұлғаларға және/немесе үшінші елдердің жеке тұлғаларына Алушының еліне келуге және онда жұмысты орындау үшін болуға қажетті барлық жағдайларды жасау;
(j) Грант және есептелген проценттер есебiнен жабылатындарынан басқа, Бағдарламаны iске асыру үшiн қажеттi барлық шығыстарды көтеру; сондай-ақ
(k) Бағдарлама аяқталғаннан кейін Жапония Үкіметіне Бағдарлама бойынша қорытынды есеп беру.
(2) Сұрау салу түскен жағдайда Алушы Жапония Үкіметіне Грант және оның есептелген проценттері туралы қажетті ақпаратты береді.
(3) Тауарларды тиеу мен теңіздегі сақтандыруға келсек, Алушы көліктік және теңізде сақтандыру компанияларының арасындағы адал және еркін бәсекеге кедергі келтіруі мүмкін қандай да бір шектеулерді салудан тартынады.
(4) Тауарларды және/немесе Көрсетілген қызметтерді Алушы елден экспорттауға немесе кері экспорттауға болмайды.
6. Осы Келісімді іске асыру үшін одан арғы рәсімдік нақтылаулар екі үкіметтің мүдделі органдарының арасындағы консультациялар арқылы келісіледі.
7. Екі елдің үкіметтері осы Келісімнен немесе оған байланысты туындауы мүмкін кез келген мәселе бойынша бір-бірімен консультациялар өткізеді.
Бұдан әрі, осы Нота мен жоғарыда көрсетілген Келісімді Алушының атынан растайтын Жоғары мәртебелі жауап Нота Жапония Үкіметі осындай Келісімнің күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік рәсімдердің аяқталғаны туралы Қазақстан Республикасының Үкіметінен жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енетін екі үкімет арасындағы Келісімді білдіреді деп ұсынуды мәртебе санаймын.
Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, Жоғары Мәртебелі/Сізге зор/жоғары ілтипатымды қайталағым/білдіргім келеді.