ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Үкіметінің 03.10.2024 № 815 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 01.01.2025 қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімінің тізбесінде:
реттік нөмірі 12-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом".
реттік нөмірлері 15, 16 және 17-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Магистр дәрежесі берілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом.
16. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом.
17. Дипломға үш тілдегі қосымшалардың (транскрипт) мемлекеттік үлгідегі бланкілері.";
реттік нөмірлері 28, 29, 30 және 31-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (маман).
29. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом (маман).
30. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (жай).
31. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |