Арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін берушіні айқындау, сондай-ақ одан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 3 қазандағы № 815 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз

      "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімін беруші болып айқындалсын.

      2. Қоса беріліп отырған кәсіпорыннан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің тізбесі бекітілсін.

      3. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін, бірақ ерте дегенде 2025 жылғы 1 қаңтарда қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
О. Бектенов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 815 қаулысына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнынан сатып алынатын, арнаулы дәрежеде қорғауды талап ететін баспа өнімінің тізбесі

      1. Ассистентура-тағылымдаманы аяқтағаны туралы куәлік.

      2. Астық қолхаттарының бланкілері.

      3. Аңшы куәлігі.

      4. Ағаш кесу билеті.

      5. Әскери билеттер.

      6. Әскери тасымалдау құжаттары – 1-нысандағы талап, 2-нысандағы талап-жүкқұжат, 3-нысандағы талап, багаж талоны.

      7. Білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама.

      8. Бағалы қағаздардың бланкілері.

      9. Вексельдердің бланкілері.

      10. Визалық жапсырмалар.

      11. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом.

      12. Философия докторы (PhD) дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом.

      13. Кандидат ғылыми дәрежесі берілетін диплом (қайта аттестаттау).

      14. Қауымдастырылған профессор (доцент) аттестаты.

      15. Магистр дәрежесі берілетін жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом.

      16. Бейіні бойынша доктор дәрежесі берілетін мемлекеттік үлгідегі диплом.

      17. Мемлекеттік үлгідегі дипломға қосымшалардың (транскрипт) үш тілдегі бланкілері.

      18. Жануарлар әлемін пайдалануға рұқсаттардың бланкілері.

      19. Интернатураны аяқтағаны туралы куәлік.

      20. Кешенді тестілеу сертификаты.

      21. Кәсіптік даярлығы туралы куәлік.

      22. Бастапқы кәсіптік білім туралы диплом.

      23. Техникалық және кәсіптік білім туралы үздік диплом.

      24. Техникалық және кәсіптік білім туралы дипломға қосымшалардың екі тілдегі бланкілері.

      25. Орта білімнен кейінгі білім туралы диплом.

      26. Орта білімнен кейінгі білім туралы үздік диплом.

      27. Орта білімнен кейінгі білім туралы дипломға қосымшалардың екі тілдегі бланкілері.

      28. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (маман).

      29. Біліктілік берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом (маман).

      30. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі диплом (жай).

      31. Бакалавр дәрежесі берілетін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі үздік диплом.

      32. Резидентураны аяқтағаны туралы куәлік.

      33. Клиникалық ординатураны аяқтағаны туралы куәлік.

      34. Куәлік (шетелдік дипломның қазақстандық дипломға баламалылығы туралы).

      35. Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне біліктілік санаттарын беру туралы куәлік.

      36. Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы рұқсаттарының бланкілері.

      37. Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган беретін хабарламалардың бланкілері.

      38. Мемлекеттік аралық бақылау сертификаты.

      39. Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курсынан өткені туралы сертификат.

      40. Мемлекеттік емес ғылыми ұйымды аккредиттеу туралы куәлік.

      41. Негізгі орта білім туралы куәлік.

      42. Негізгі орта білім туралы үздік куәлік.

      43. Негізгі орта білім туралы куәлікке қосымшалардың бланкілері.

      44. Жалпы орта білім туралы аттестат.

      45. Жалпы орта білім туралы үздік аттестат.

      46. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестаты.

      47. Жалпы орта білім туралы аттестатқа қосымшалардың бланкілері.

      48. Офицерлердің жеке куәлігі.

      49. Орман билеті.

      50. Профессор аттестаты.

      51. Біліктілік беру туралы сертификат.

      52. Теміржол көлігіндегі жүк тасымалын есепке алуға арналған қатаң есепке алынатын бланкілер.

      53. Табиғат пайдалануға рұқсаттардың бланкілері.

      54. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензиялардың бланкілері.

      55. Уәкілетті мемлекеттік органдар беретін лицензияларға қосымшалардың бланкілері.

      56. Ұлттық бірыңғай тестілеу сертификаты.

      57. Чек кітапшалары.

      58. Эмиссиялық бағалы қағаздар шығарылымын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің бланкілері.

      59. Ішкі нарықта балықтың бекіре түрлерінің уылдырығымен сауда жасауға арналған маркалар.

      60. Акциялар шығарылымының күшін жою туралы куәліктердің бланкілері.

      61. Акцияларды орналастыру қорытындылары туралы есепті бекіту туралы хабарламалардың бланкілері.

      62. Бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлғаны аккредиттеу туралы куәліктердің бланкілері.

      63. Қазақстан Республикасы азаматы паспортының бланкісі.

      64. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің бланкісі.

      65. Шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхат бланкісі.

      66. Уақытша жеке куәлік.

      67. Атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруы туралы куәлік.

      68. Бала асырап алу туралы куәлік.

      69. Әкелікті анықтау туралы куәлік.

      70. Некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік.

      71. Туу туралы куәлік.

      72. Неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік.

      73. Қайтыс болуы туралы куәлік.

      74. Ұлттық бірыңғай тестілеудің бланк құжаттамасы.

      75. Мүгедектік туралы анықтама.

      76. Еңбекке уақытша жарамсыздық парағы.

      77. Шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсат.

      78. Мақта қолхаттарының бланкілері.

      79. Қоршаған ортаға шығарылатын эмиссияға рұқсат.

      80. Қазақстан Республикасының дипломаттық паспорты.

      81. Қазақстан Республикасының қызметтік паспорты.

      82. Жолаушылардың қалалық қатынаста жол жүруіне арналған ұзақ пайдаланылатын жол жүру билеттері.

      83. Қандас куәлігі.

      84. Білім беру грантына арналған куәлік.

      85. Жол жүруге рұқсат (жолаушылар мен жүктерді халықаралық қатынаста тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен өтуі үшін).

      86. Шетелдік тасымалдаушылардың Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауына рұқсат.

      87. "А" түріндегі рұқсат (Қытай Халық Республикасының аумағына кіретін автомобильдер үшін).

      88. "В" түріндегі рұқсат (автобустардың Қазақстан Республикасына(н) кіруіне, шығуына)

      89. "С" түріндегі рұқсат (жүк автокөлігінің Қазақстан Республикасына(н) кіруіне, шығуына).

      90. Импорттық карантинтік рұқсат.

      91. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткенде отандық және шетелдік автокөлік құралдарының бақылаудан өту талондары.

      92. Ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) Қазақстан Республикасының аумағында жүруіне арнайы рұқсат.

      93. Ауыр салмақты және ірі габаритті көлік құралдарының (шетелдік көлік құралдарын қоса алғанда) Қазақстан Республикасының аумағында жүруіне арнайы рұқсатқа бақылау талоны.

      94. Жүк көлік құралдарын өлшеудің халықаралық сертификаты.

      95. Фитосанитариялық сертификат.

      96. Карантинтік сертификат.

      97. № 1, 2, 3 нысандардағы ветеринариялық сертификаттар.

      98. Халықаралық автокөлікпен жүк тасымалдауды жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі.

      99. Автокөлік құралына рұқсат беру карточкасы.

      100. Машиналар (тракторлар және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелері, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар) кепілін мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

      101. Теңіз кемесінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы куәлік.

      102. Кемеге меншік құқығы туралы куәлік.

      103. Бербоут-чартер шарттарында жалға алынған шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік.

      104. Кеме билеті.

      105. Кеменің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығы туралы уақытша куәлік.

      106. Кеме куәлігі.

      107. Шетелдік теңіз кемесіне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеріп жүзу құқығын уақытша беру туралы куәлік.

      108. Жасалып жатқан кемеге құқықты мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

      109. Кеме немесе жасалып жатқан кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

      110. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

      111. Автокөлік құралдарына кейбір қауіпті жүктерді тасымалдауға рұқсат беру туралы куәлік.

      112. Қауіпті жүктерді тасымалдауға арнайы рұқсат.

      113. Шағын көлемді кемені басқару құқығына куәлік.

      114. Кәсіптік диплом (ішкі суда жүзетін кемелер үшін).

      115. Ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын тіркеу куәлігі.

      116. Энергетикалық сараптама жүргізуге рұқсат.

      117. Босқын куәлігі.

      118. Жол жүру құжаты.

      119. Қазақстан Республикасы теңізшісінің жеке куәлігі.

      120. Теңізде жүзу кітапшасы.

      121. Қайтып оралуға куәлік.

      122. Кәсіптік дипломның бланкісі.

      123. Кәсіптік дипломды растау бланкісі.

      124. Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы лауреатының дипломы.

      125. Доктор дәрежесі берілетін жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом.

      126. Азаматтығы жоқ тұлға куәлігінің бланкісі.

      127. Автокөлік құралының параметрлерін өлшеу (салмағын өлшеу) актісі.

      128. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ.

      129. Шағын көлемді кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлікке қосымша парақ.

      130. Кеме ипотекасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

      131. Кеме экипажының ең аз құрамы туралы куәлік.

      132. Жүргізуші куәлігінің бланкісі.

      133. Көлік құралын тіркеу туралы куәліктің бланкісі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2024 жылғы 3 қазандағы
№ 815 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысы.

      2. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 17 наурыздағы № 143 қаулысы.

      3. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 маусымдағы № 359 қаулысы.

      4. "Арнайы қорғау дәрежесін талап ететін баспа өнімін берушілерді айқындау, сондай-ақ олардан сатып алынатын осындай өнімнің тізбесін бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1162 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 18 шілдедегі № 489 қаулысы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады