Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 9 маусымдағы № 392 қаулысы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т.қараңыз.

      "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" 2020 жылғы 2 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 35) тармақшасын және "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі ағымдағы нысаналы трансферттерінің бекітілген сомаларын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне аударуды қамтамасыз етсін.

      3. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері ағымдағы нысаналы трансферттердің бөлінген сомаларын уақтылы және мақсатты пайдалануды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2021 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 9 маусымдағы
№ 392 қаулысымен
бекітілген

Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 14-бабының 35) тармақшасына және "2021 – 2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 желтоқсандағы № 840 қаулысына сәйкес әзірленді және 074 "Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер" республикалық бюджеттік бағдарламасы (бұдан әрі – 074 бюджеттік бағдарлама) бойынша көзделген облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібін, 226 "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі" республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісін айқындайды.

      2. Ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

2-тарау. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің жалақысын көтеруге берілетін 2021 жылға арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану тәртібі

      3. Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге пайдаланылады, оның ішіңде:

      1) ана мен баланы қорғау жөнінде қызметтер көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары;

      2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында мамандар даярлауды жүзеге асыратын денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары;

      3) облыстық мамандандырылған медициналық жабдықтау базалары;

      4) тегін медициналық көмектің кепілдендірілген қөлемі шеңберінде медициналық көмектің қосымша көлемін көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары жұмыскерлерінің жалақысын көтеруге пайдаланылады.

      4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі облыстық бюджеттерге, республикалық манызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды 074 бюджеттік бағдарламасы бойынша қаржы жылына арналған төлемдер бойынша жеке қаржыландыру жоспарының негізінде жүргізеді.

      5. Жергілікті атқарушы органдардың денсаулық сақтау саласындағы ұйымдары қызметкерлерінің жалақысын көтеруге арналған ағымдағы нысаналы трансферттерді пайдалану кезінде үнемдеу қалыптасқан жағдайда, Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Үкіметіне 074 бюджеттік бағдарлама бойынша ағымдағы нысаналы трансферттер сомасын түзету туралы ұсыныс енгізеді.

Об утверждении Правил использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 июня 2021 года № 392

      Примечание ИЗПИ!
Вводится в действие с 01.01.2021.

      В целях реализации подпункта 35) статьи 14 Закона Республики Казахстан от 2 декабря 2020 года "О республиканском бюджете на 2021 – 2023 годы" и постановления Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2020 года № 840 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2021 – 2023 годы" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые Правила использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год.

      2. Министерству здравоохранения Республики Казахстан обеспечить перечисление утвержденных сумм целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы в установленном законодательством Республики Казахстан порядке.

      3. Акимам областей, городов Нур-Султана, Алматы и Шымкента обеспечить своевременное и целевое использование выделенных сумм целевых текущих трансфертов.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и распространяется на правоотношения, возникшие с 1 января 2021 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 9 июня 2021 года № 392

Правила использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год

Глава 1. Общие положения

      1. Настоящие Правила использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год (далее – Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 35) статьи 14 Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2021 – 2023 годы" и постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 декабря 2020 года № 840 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2021 – 2023 годы" и определяют порядок использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год, предусмотренных по республиканской бюджетной программе 074 "Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов" (далее – бюджетная программа 074) администратора республиканских бюджетных программ 226 "Министерство здравоохранения Республики Казахстан".

      2. Использование целевых текущих трансфертов осуществляется в соответствии с бюджетным законодательством Республики Казахстан.

Глава 2. Порядок использования целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год

      3. Целевые текущие трансферты областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" используются на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов на 2021 год, в том числе:

      1) организациям здравоохранения, оказывающим услуги по охране материнства и детства;

      2) организациям образования в области здравоохранения, осуществляющим подготовку специалистов в организациях технического и профессионального, послесреднего образования;

      3) областным базам специализированного медицинского снабжения;

      4) организациям здравоохранения, оказывающих дополнительный объем медицинской помощи в рамках гарантированного объема бесплатной медицинской помощи.

      4. Министерство здравоохранения Республики Казахстан производит перечисление целевых текущих трансфертов областным бюджетам, бюджетам городов республиканского значения, столицы на основании индивидуального плана финансирования по платежам на финансовый год по бюджетной программе 074.

      5. В случае образования экономии при использовании целевых текущих трансфертов на повышение заработной платы работников организаций в области здравоохранения местных исполнительных органов Министерство здравоохранения Республики Казахстан в установленном законодательством порядке вносит предложение в Правительство Республики Казахстан о корректировке сумм целевых текущих трансфертов по бюджетной программе 074.