"Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 938 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 938 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
"Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қоса беріліп отырған Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.";
көрсетілген қаулымен бекітілген Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 21 маусымдағы № 426 қаулысына қосымша |
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 938 қаулысымен бекітілген |
Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары
Түркістан облысы еліміздің индустриялық-аграрлық өңірлерінің қатарына кіреді жəне мақта, жеміс-көкөніс өнімдерін, азық-түлік өнімдерін, құрылыс материалдарын ірі өндіруші жəне жеткізуші болып табылады. Өңір ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша республикада 2-орынға ие. Облыс уран қоры бойынша 1-орында (60 %), фосфориттер мен темір кендері бойынша 3-орында. Облыстың бəсекелестік артықшылықтарына табиғи қазбалар қорлары барит кен орындары, темір жəне полиметалл кендері, уран, фосфор, бентонит саздары, вермикулит, тальк, асбест, гранит, мəрмəр, гипс жəне кварц құмдары жатады.
Облыстың дамыған көлік-логистика инфрақұрылымы бар.
Елдің жалпы ішкі өнімінің құрылымында өңірдің үлес салмағы 3,3 % құрайды (2020 жыл). Жалпы өңірлік өнім (бұдан әрі – ЖӨӨ) көлемі 2 353,5 млрд теңгені немесе 2019 жылға 104,9 % құрады.
ЖӨӨ-нің өндірісінде ауыл, орман және балық шаруашылығының үлесі 18,7 % (441,1 млрд теңге), өнеркәсіп – 16,7 % (392,8 млрд теңге), білім беру – 10,7 % (251,2 млрд теңге), құрылыс – 10,2 % (239,7 млрд теңге) құрады.
Түркістан облысында өнеркәсіп өндірісінің төмендеуі байқалады. Өнеркәсіп көлемінің төмендеуіне Түркістан облысының уранды қайта өңдеу компанияларының ("Қаратау", "Орталық" өндіруші кәсіпорын", "Оңтүстік тау-химия компаниясы" БК", "Инкай" БК", "АППАК", "Катко" БК" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері, "Заречное" БК" акционерлік қоғамы) өнім көлемінің төмендеуі әсер етті. Өнеркәсіптің нақты көлемі индексінде уран өңдіруші кәсіпорындардың үлесі 46 % асады, өнеркәсіптегі металлургияның үлесі – 12 % ("Қаратау", "Оңтүстік тау-химия компаниясы" БК", "Kazatomprom-SaUran" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер). Әлемдік уран нарығында бағаларды тұрақтандыру мақсатында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі жыл сайын уран өндіру көлемін 20 %-ға төмендетуді көздейді. Бұл өз кезегінде облыстың өнеркәсіп өнімі көлеміне теріс әсер етуде.
Сондай-ақ Түркістан облысында металлургия өндіру (95,7 %), сусындар өндіру (75,5 %), тоқыма бұйымдарын өндіру (64,9 %), қағаз және қағаздан жасалған өнімдер өндіру (89,5 %) көлемінің азаюынан өңдеу өнеркәсібі өндірісінің төмендеуі орын алуда (2021 жылғы қаңтар-наурыз).
Сонымен бірге, облыстың ауыл шаруашылығын дамыту әлеуеті зор, мал шаруашылығын дамытудағы позициясы жоғары. Өңірдің перспективалы дамуы оны аграрлық-индустриялық әртараптандыру негізінде ауыл шаруашылығының жоғары әлеуетін одан әрі нығайтуға негізделетін болады.
Облыс ірі сауда-логистика орталығына айналу мүмкіндігі бар маңызды көлік торабы болып табылады.
Туризм Түркістан облысы экономикасының басым салаларының бірі болып табылады. Қазіргі таңда облыста 1 000-нан астам тарихи-мәдени мұра және 4 ерекше қорғалатын табиғи аумақ бар.
Туризм саласында облысқа келуші туристердің саны жыл сайын өсуде. Мәселен, соңғы 3 жылда туристер саны 25 % артты, орналастыру объектілерінің саны 131 бірлікті құрайды.
Үдемелі жаңғырту, әлеуетті инвесторлар үшін тартымдылықты арттыру мақсатында Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2021 – 2025 жылдарға арналған кешенді жоспары (ары қарай – Жоспар) әзірленді.
Жоспар 141 ұйымдастырушылық және іске асыру іс-шарасынан тұрады.
Р/с № | Іс-шараның атауы | Аяқталу нысаны | Жауапты орындаушылар | Орындалу мерзімі |
Болжамды шығыстар* (млн теңге) | Қаржыландыру көздері |
---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
---|---|---|---|---|---|---|
1. Өнеркәсіп және кәсіпкерлік | ||||||
1 | "TURKISTAN" АЭА өнеркәсіптік аймағының аумағында инфрақұрылым салу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 611,0 | РБ |
2022 | 1 500,0 | РБ | ||||
800,0 | ЖБ | |||||
2023 | 1 000,0 | РБ | ||||
950,0 | ЖБ | |||||
2024 | 1 000,0 | РБ | ||||
2025 | 1 000,0 | РБ | ||||
2 | Түлкібас ауданында химиялық кешен салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 56 300,0 | ЖИ |
2023 | 80 000,0 | |||||
3 |
Ордабасы ауданында мұнай өңдейтін зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 18 576,0 | ЖИ |
2022 | 111 424,0 | |||||
4 | Созақ ауданында фосфорит кенін өңдейтін зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 10 000,0 | ЖИ |
2022 | 10 000,0 | |||||
2023 | 20 000,0 | |||||
2024 | 89 900,0 | |||||
5 | Түркістан қаласында тұрмыстық техника шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 21 000,0 | ЖИ |
2023 | 15 000,0 | |||||
6 | Түркістан қаласында ветеринариялық препараттар шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 630,0 | ЖИ |
2022 | 1 470,0 | |||||
7 | Сайрам ауданында ересектер мен балаларға арналған жөргектер шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 2 000,0 | ЖИ |
8 | Отырар ауданында қуаты 50 Мвт күн электр станциясын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 6 250,0 | ЖИ |
2022 | 6 250,0 | |||||
9 | Түркістан қаласында сумен жабдықтауға, газбен жабдықтауға, кәрізге және кабель төсеуге арналған полиэтилен құбырларын шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 800,0 | ЖИ |
10 | Түркістан қаласында желатин шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 8 520,0 | ЖИ |
2022 | 6 980,0 | ЖИ | ||||
11 | Түркістан қаласында арнайы техника мен жүк көліктерін құрастыру зауытын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 2 000,0 | ЖИ |
12 | Түркістан қаласында керамикалық кірпіш шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 10 000,0 | ЖИ |
13 | Түркістан қаласында ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын зауыт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 2 500,0 | ЖИ |
14 | Түркістан қаласында эко базар салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 5 000,0 | ЖИ |
2022 | 5 000,0 | |||||
15 | Түркістан қаласында McDonald’s жылдам тамақтану мейрамханасын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 300,0 | ЖИ |
2022 | 500,0 | |||||
16 | Түркістан қаласында "Turkistan Mall" сауда және ойын-сауық орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 2 500,0 | ЖИ |
2022 | 5 000,0 | |||||
2023 | 5 000,0 | |||||
17 | Түркістан қаласында "Otau" сауда және ойын-сауық орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 8 400,0 | ЖИ |
18 | Түркістан қаласында "Бульвар" бизнес орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 2 000,0 |
ЖИ |
2022 | 1 000,0 | |||||
19 | Түркістан қаласында "Soho" бизнес орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 500,0 | ЖИ |
2022 | 1 000,0 | |||||
20 | Түркістан қаласында "Yassy tower" бизнес орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 10 500,0 | ЖИ |
21 | Түркістан қаласында сауда және ойын-сауық орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі |
2021 |
350,0 | ЖИ |
22 | Түркістан қаласында индустриялық аймақтарды 130 га кеңейту және инфрақұрылым тарту | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 000,0 | РБ |
600,0 | ЖБ | |||||
2022 | 700,0 | РБ | ||||
100,0 | ЖБ | |||||
2023 | 550,0 | РБ | ||||
100,0 | ЖБ | |||||
2024 | 450,0 | РБ | ||||
100,0 | ЖБ | |||||
2025 | 200,0 | РБ | ||||
100,0 | ЖБ | |||||
23 | "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесін субсидиялау |
Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 700,0 | РБ |
1 864,0 | ЖБ | |||||
2022 | 3 700,0 | РБ | ||||
1 864,0 | ЖБ | |||||
2023 | 3 700,0 | РБ | ||||
2024 | 3 700,0 | РБ | ||||
2025 | 3 700,0 | РБ | ||||
24 | "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлердің кредиттері бойынша кепілдік беру |
Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 600,0 | РБ |
701,0 | ЖБ | |||||
2022 | 600,0 | РБ | ||||
701,0 | ЖБ | |||||
2023 | 600,0 | РБ | ||||
2024 | 600,0 | РБ | ||||
2025 | 600,0 | РБ | ||||
25 | "Бизнестің жол картасы – 2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде жаңа-бизнес идеяларды іске асыруға үшін мемлекеттік гранттар беру |
Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 48,0 | РБ |
2022 | 48,0 | |||||
2023 | 48,0 | |||||
2024 | 48,0 | |||||
2025 | 48,0 | |||||
26 | Облыс орталықтарын, моноқалаларда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге кредит беру |
Үкіметке ақпарат | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 300,0 | РБ |
2022 | 300,0 | |||||
2023 | 300,0 | |||||
2024 | 300,0 | |||||
2025 | 300,0 | |||||
Жиыны | 569 781,0 | |||||
2. Ауыл шаруашылығы | ||||||
27 | АӨК 93 инвестициялық жобасын іске асыру бойынша 2021 – 2025 жылдарға арналған жол картасын іске асыру (2021 жылы – 36 жоба, 2022 жылы – 31 жоба, 2023 жылы – 16 жоба, 2024 жылы – 7 жоба, 2025 жылы – 3 жоба) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі, АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) | 2021 | 83 581,0 | ЖИ |
2022 | 116 977,0 | |||||
2023 | 92 838,0 | |||||
2024 | 514 920,0 | |||||
2025 | 1 650,0 | |||||
28 | Түркістан қаласының айналасында 11 000 га азық-түлік белдеуін құру (2021 жылы – 3 жоба, 2022 жылы – 1 жоба, 2023 жылы – 1 жоба, 2024 жылы – 1 жоба, 2025 жылы – 1 жоба) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі, АШМ, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ (келісім бойынша) | 2021 | 2 520,0 | ЖИ |
500,0 | ЖБ | |||||
2022 | 1 100,0 | ЖИ | ||||
500,0 | ЖБ | |||||
2023 | 1 600,0 | ЖИ | ||||
2024 | 4 400,0 | |||||
2025 | 4 400,0 | |||||
29 | Шардара ауданының Жаушықұм алқабында 12 192 га алаңда су тартқышты және сорғы станциясын реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ | 2021 | 1 800,0 |
ЖИ |
2022 | 5 000,0 | |||||
2023 | 5 000,0 | |||||
30 | Сауран, Бәйдібек, Ордабасы аудандарының және Түркістан қаласының суармалы жерлерін сумен қамтамасыз етуді арттыру мақсатында Бөген өзенінде "Сарқырама" су қоймасын салу | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 80,0 | ЖБ |
2022 | 3 276,0 | РБ | ||||
324,0 | ЖБ | |||||
2023 | 3 276,0 | РБ | ||||
324,0 | ЖБ | |||||
31 | Кентау қаласы Орынғай ауылдық округінде Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасын салу | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 890,0 | РБ |
32 | Түркістан қаласында Шаға өзенінде қашыртқы арнасын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 036,0 | ЖБ |
2022 | 3 000,0 | |||||
33 | Түркістан қаласында Түркістан магистральдық арнасын ПК-476-ден ПК-1082 дейін күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 7 783,0 | РБ |
464,0 | ЖБ | |||||
2022 | 2 221,0 | РБ | ||||
1 267,0 | ЖБ | |||||
34 | Түркістан қаласында Түркістан магистральдық арнасын ПК-247-ден ПК-496 дейін күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 30,0 | ЖБ |
2022 | 3 150,0 | РБ | ||||
350,0 | ЖБ | |||||
2023 | 3 150,0 | РБ | ||||
350,0 | ЖБ | |||||
35 | Арыс қаласында Арыс магистральдық арнасын күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 70,0 | ЖБ |
2022 | 7 000,0 | РБ | ||||
700,0 | ЖБ | |||||
2023 | 6 642,0 | РБ | ||||
658,0 | ЖБ | |||||
36 | Ордабасы ауданында Қараспан магистральдық арнасын күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 33,0 | ЖБ |
2022 | 1 500,0 | РБ | ||||
176,0 | ЖБ | |||||
2023 | 1 673,0 | РБ | ||||
176,0 | ЖБ | |||||
37 | Ордабасы ауданында Қараспан су торабын күрделі жөндеу | пайдалануға беру актісі | ЭГТРМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 17,0 | ЖБ |
2022 | 566,0 | РБ | ||||
62,0 | ЖБ | |||||
2023 | 566,0 | РБ | ||||
61,0 | ЖБ | |||||
38 | Түркістан қаласының айналасында жасыл белдеу жасау (22 000 га) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 9 500,0 | ЖИ |
2022 | 9 500,0 | |||||
Жиыны | 907 657,0 | |||||
3. Құрылыс | ||||||
Тұрғын үй | ||||||
39 | Түркістан қаласында жеке құрылыс салушылар есебінен тұрғын үй салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 24 606,0 | ЖИ |
2022 | 27 389,0 | |||||
2023 | 29 566,0 | |||||
2024 | 32 548,0 | |||||
2025 | 35 803,0 | |||||
40 | Түркістан облысы бойынша сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үйлерді салу және (немесе) сатып алу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 7 790,0 | РБ |
15 000,0 | ЖБ | |||||
Жиыны | 172 702,0 | |||||
Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым | ||||||
41 | Түркістан облысы бойынша жаңа тұрғын үй құрылысы аудандарына инфрақұрылым салу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 14 002,0 | РБ |
1 387,0 | ЖБ | |||||
2022 | 7 500,0 | РБ | ||||
2 208,0 | ЖБ | |||||
2023 | 7 600,0 | РБ | ||||
2 024,0 | ЖБ | |||||
2024 | 7 700,0 | РБ | ||||
1 626,0 | ЖБ | |||||
2025 | 7 800,0 | РБ | ||||
1 718,0 | ЖБ | |||||
42 | Түркістан қаласында әкімшілік, қоғамдық-мәдени ғимараттарға инфрақұрылым салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 634,0 | РБ |
1 324,0 | ЖБ | |||||
2022 | 4 869,0 | РБ | ||||
1 500,0 | ЖБ | |||||
2023 | 4 869,0 | РБ | ||||
1 200,0 | ЖБ | |||||
2024 | 1 200,0 | ЖБ | ||||
2025 | 1 200,0 | ЖБ | ||||
43 | Түркістан қаласында ЖЭО сыртқы инженерлік желілерін салу (сумен жабдықтау, су бұру) | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 765,0 | РБ |
85,0 | ЖБ | |||||
44 | Түркістан қаласында ЖЭО сыртқы инженерлік желілерін салу (газбен жабдықтау) | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2024 | 5 400,0 | РБ |
600,0 | ЖБ | |||||
45 | Түркістан қаласында ЖЭО сыртқы инженерлік желілерін салу (байланыс) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 150,0 | ЖБ |
Жиыны | 80 361,0 | |||||
Әкімшілік ғимараттар | ||||||
46 | Түркістан қаласында облыстық сот ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ЖС (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 2 000,0 | РБ |
2022 | 5 219,0 | |||||
47 | Түркістан қаласында облыстық прокуратура ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | БП (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 867,0 | РБ |
2022 | 2 800,0 | |||||
48 | Түркістан қаласында ҰҚК департаментінің әкімшілік ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ҰҚК (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 4 412,0 | РБ |
2022 | 3 364,0 | |||||
49 | Түркістан қаласында туберкулез диспансерінің ғимаратын Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің әкімшілік ғимараты етіп реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | СҚА (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 108,0 | ЖБ |
2022 | 972,0 | РБ | ||||
50 | Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде аудандық әкімдік ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 30,0 | ЖБ |
2022 | 900,0 | РБ | ||||
100,0 | ЖБ | |||||
51 | Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде орталық мемлекеттік органдардың аумақтық департаменттеріне арналған ғимарат салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 40,0 | ЖБ |
2022 | 1 440,0 | РБ | ||||
160,0 | ЖБ | |||||
52 | Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде ҰҚКД әкімшілік ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 16,0 | ЖБ |
2022 | 540,0 | РБ | ||||
60,0 | ЖБ | |||||
53 | Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде төтенше жағдайлар департаментінің ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 23,0 | ЖБ |
2022 | 270,0 | РБ | ||||
30,0 | ЖБ | |||||
54 | Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде аудандық сот ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 30,0 | ЖБ |
2022 | 540,0 | РБ | ||||
60,0 | ЖБ | |||||
55 | Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде аудандық прокуратура ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 30,0 | ЖБ |
2022 | 540,0 | РБ | ||||
60,0 | ЖБ | |||||
56 | Сауран ауданы Шорнақ ауылдық округінде полиция бөлімінің ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 30,0 | ЖБ |
2022 | 450,0 | РБ | ||||
50,0 | ЖБ | |||||
57 | Түркістан қаласында Халық банк ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 |
1 500,0 | ЖИ |
2022 | 1 500,0 | ЖИ | ||||
Жиыны | 29 141,0 | |||||
4. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық | ||||||
Сумен жабдықтау және су бұру | ||||||
58 | Түркістан облысы бойынша сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салу және реконструкциялау | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 14 421,0 | РБ |
2 240,0 | ЖБ | |||||
2022 | 6 600,0 | РБ | ||||
3 387,0 | ЖБ | |||||
2023 | 5 000,0 | РБ | ||||
7 580,0 | ЖБ | |||||
2024 | 5 000,0 | РБ | ||||
7 954,0 | ЖБ | |||||
2025 | 5 000,0 | РБ | ||||
4 843,0 | ЖБ | |||||
59 | Қазығұрт ауданында Өгем өзенінде Түркістан облысының елді мекендерін ауыз сумен қамтамасыз ету үшін СЭС каскады бар су тартқыш салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 13 000,0 | ЖИ |
2023 | 26 000,0 | |||||
2024 | 45 500,0 | |||||
2025 | 45 500,0 | |||||
Жиыны | 191 725,0 | |||||
Газбен жабдықтау | ||||||
60 | Түркістан облысы бойынша газбен жабдықтау объектілерін салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 7 932,0 | РБ |
793,0 | ЖБ | |||||
2022 | 13 850,0 | РБ | ||||
1 385,0 | ЖБ | |||||
2023 | 8 960,0 | РБ | ||||
896,0 | ЖБ | |||||
2024 | 14 562,0 | РБ | ||||
1 456,0 | ЖБ | |||||
2025 | 13 875,0 | РБ | ||||
1 387,0 | ЖБ | |||||
Жиыны | 65 096,0 | |||||
Электрмен жабдықтау | ||||||
61 | Түркістан қаласында Қызылорда тас жолы бойында қуаты 2х25 МВА 110 кВ электр желісі бар 110/35/10 кВ "Солтүстік" қосалқы станциясын салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 500,0 | РБ |
2022 | 4 736,0 | РБ | ||||
587,0 | ЖБ | |||||
62 | Түркістан қаласында 110 кВ тиісті желісі бар 110 кВ жобаланатын қосалқы станциясын айнала қоршау үшін 110 кВ электр беру желісін салу ("Орталық" ҚС 220 кВ бастап "Яссы" ҚС 110/10-10кВ дейінгі ЭБЖ-110кВ желісін салу) (1-кезең) | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 150,0 | РБ |
2022 | 1 000,0 | РБ | ||||
2023 | 1 542,0 | РБ | ||||
304,0 | ЖБ | |||||
63 | Түркістан қаласында 110 кВ тиісті желісі бар 110 кВ жобаланатын қосалқы станциясын айнала қоршау үшін 110 кВ электр беру желісін салу (ЖЭО (ПМУ) бастап "Орталық" 220 кВ ҚС дейін 110 кВ желісін салу) (2-кезең) | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2024 | 1 600,0 | РБ |
200,0 | ЖБ | |||||
2025 | 2 000,0 | РБ | ||||
400,0 | ЖБ | |||||
64 | Түркістан қаласында 110 кВ тиісті желісі бар 110 кВ жобаланатын қосалқы станциясын айнала қоршау үшін 110 кВ электр беру желісін салу (110 кВ желісі бар "Сауран" 110/35/10 кВ қосалқы станциясын салу) (3-кезең) | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 500,0 | РБ |
2023 | 3 550,0 | РБ | ||||
450,0 | ЖБ | |||||
65 | Түркістан қаласында 110 кВ тиісті желісі бар 110 кВ жобаланатын қосалқы станциясын айнала қоршау үшін 110 кВ электр беру желісін салу (110 кВ желісі бар "Нұртас" 110/35/10 кВ қосалқы станциясын салу) (4-кезең) | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 500,0 | РБ |
2023 | 2 650,0 | РБ | ||||
350,0 | ЖБ | |||||
66 | Мақтаарал ауданы Жетісай қаласында ауданы 80 га аумағында 110/35/10 кВ ҚС қосалқы станциясын салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 445,0 | РБ |
55,0 | ЖБ | |||||
2024 | 500,0 | РБ | ||||
50,0 | ЖБ | |||||
67 | Төле би ауданы Леңгір қаласында "Алатау" шағын ауданындағы ҚС 110/35/10 кВ ӘЖ-110 кВ қосалқы станциясын салу және пайдалану | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 445,0 | РБ |
50,0 | ЖБ | |||||
2024 | 400,0 | РБ | ||||
44,0 | ЖБ | |||||
68 | Ордабасы ауданында 220/110/10 кВ "Бадам" қосалқы станциясын салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 500,0 | РБ |
2022 | 3 000,0 | РБ | ||||
2023 | 3 000,0 | РБ | ||||
2024 | 3 287,0 | РБ | ||||
1 100,0 | ЖБ | |||||
69 | Ордабасы ауданында "Бадам" қосалқы станциясынан 110 кВ электр беру желілерін салу | пайдалануға беру актісі | ЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 250 | ЖБ |
2023 | 2 000,0 | РБ | ||||
70 |
Қазығұрт ауданында Өгем өзенінде СЭС үшін 110/35/10 кВ қосалқы станциясын және 35/10 кВ 3 қосалқы станциясын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 10,0 | ЖБ |
2022 | 110,0 | ЖБ | ||||
2023 | 2 000,0 | РБ | ||||
225,0 | ЖБ | |||||
2024 | 2 050,0 | РБ | ||||
225,0 | ЖБ | |||||
71 | Түркістан қаласында қуаты 2х125 МВА 220/110/10 кВ "Орталық" қосалқы тірек станциясын салу | пайдалануға беру актісі |
Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 450,0 | ЖИ |
2022 | 5 450,0 | |||||
Жиыны | 49 665,0 | |||||
Жылумен жабдықтау | ||||||
72 | Түркістан қаласында ЖЭО салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 15 000,0 | МЖӘ |
2023 | 15 000,0 | |||||
2024 | 10 000,0 | |||||
Жиыны | 40 000,0 | |||||
Тұрғын үйлерді жаңғырту | ||||||
73 | Түркістан облысы бойынша тұрғын үйлерді жаңғырту | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 274,0 | РБ |
2022 | 1 275,0 | |||||
Жиыны | 4 549,0 | |||||
5. Көліктік инфрақұрылым | ||||||
74 | "Түркістан – Кентау" бағытындағы автомобиль жолын реконструкциялау (0-7 км) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 2 000,0 | РБ |
1 000,0 | ЖБ | |||||
2024 | 1 500,0 | РБ | ||||
1 000,0 | ЖБ | |||||
75 | Қонысбаев өткізу пункті арқылы Өзбекстан Республикасына шығатын Сарыағаш қаласының айналма жолын салу (102 км) | пайдалануға беру актісі |
ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 48 000,0 | ЖИ |
2023 | 48 000,0 | |||||
2024 | 28 500,0 | |||||
2025 | 28 500,0 | |||||
76 | Шымкент қаласының оңтүстік-батыс айналма жолын салу (48 км) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 10 000,0 | ЖИ |
2023 | 10 000,0 | |||||
2024 | 10 000,0 | |||||
2025 | 9 000,0 | |||||
77 | "Түркістан – Шәуілдір" бағытында автомобиль жолын реконструкциялау (70 км) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 5 500,0 | РБ |
5 500,0 | ЖБ | |||||
2023 | 5 500,0 | РБ | ||||
5 500,0 | ЖБ | |||||
2024 | 6 500,0 | РБ | ||||
6 500,0 | ЖБ | |||||
78 | Облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды салу, реконструкциялау және жөндеу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 12 344,0 | РБ |
4 200,0 | ЖБ | |||||
2022 | 5 250,0 | РБ | ||||
5 250,0 | ЖБ | |||||
2023 | 5 250,0 | РБ | ||||
5 250,0 | ЖБ | |||||
2024 | 5 250,0 | РБ | ||||
5 250,0 | ЖБ | |||||
2025 | 5 250,0 | РБ | ||||
5 250,0 | ЖБ | |||||
79 | Түркістан қаласының көшелерін салу, реконструкциялау және жөндеу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 400,0 | ЖБ |
2022 | 5 220,0 | |||||
2023 | 5 220,0 | |||||
2024 | 5 220,0 | |||||
2025 | 5 220,0 | |||||
80 | Түркістан қаласының Шығыс айналма жолын салу (30 км) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 4 000,0 | ЖИ |
2022 | 7 500,0 | |||||
2023 | 9 500,0 | |||||
2024 | 5 000,0 | |||||
81 | Түркістан қаласына Кентау қаласы жағынан кіреберіс жолды реконструкциялау (24 км) | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 000,0 | РБ |
300,0 | ЖБ | |||||
2022 | 4 253,0 | РБ | ||||
506,0 | ЖБ | |||||
82 | Түркістан қаласында жаңа теміржол вокзалын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 4 000,0 | ЖИ |
2023 | 5 010,0 | |||||
83 | Түркістан қаласының солтүстік бөлігінде жаңа автовокзал салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 1 100,0 | ЖИ |
84 | "Түркістан – Шымкент – Ташкент" жылдамдығы жоғары теміржол магистралін салу | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 93 800,0 | ЖИ |
2023 | 99 800,0 | |||||
2024 | 113 900,0 | |||||
85 | Дарбаза – Мақтаарал жаңа теміржол тармағының құрылысы | пайдалануға беру актісі | ИИДМ, "ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша), Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 4 000,0 | ЖИ |
2023 | 68 900,0 | |||||
2024 | 88 900,0 | |||||
Жиыны | 828 793,0 | |||||
6. Білім беру | ||||||
86 | Түркістан қаласында 500 орынға арналған жатақханасы бар 700 орынға арналған "Дарын" мектеп-интернатын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 200,0 |
ЖБ |
2022 | 4 930,0 | |||||
87 | Түркістан қаласында "Назарбаев зияткерлік мектебін" салу | пайдалануға беру актісі | БҒМ | 2021 | 1 627,0 | РБ |
88 | Түркістан облысы бойынша білім беру объектілерін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 17 031,0 | ЖБ |
2022 | 18 449,0 | |||||
2023 | 30 550,0 | |||||
2024 | 32 952,0 | |||||
2025 | 35 531,0 | |||||
Жиыны | 141 270,0 | |||||
7. Денсаулық сақтау | ||||||
89 | Түркістан қаласында көпбейінді аурухана салу және пайдалануға беру | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 37 630,0 | МЖӘ |
2022 | 47 038,0 | |||||
2023 | 103 484,0 | |||||
90 | Түркістан қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 1 741,0 | МЖӘ |
2024 | 2 000,0 | |||||
91 | Түркістан қаласында 190 төсектік облыстық балалар ауруханасын салу | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 9 000,0 | РБ |
1 000,0 | ЖБ | |||||
2023 | 9 000,0 | РБ | ||||
1 000,0 | ЖБ | |||||
2024 | 12 113,0 | РБ | ||||
1 345,0 | ЖБ | |||||
92 | Түркістан қаласында симуляциялық орталық (жоғары медициналық технологиялар білім беру орталығы) салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 5 000,0 | МЖӘ |
2024 | 10 568,0 | |||||
93 | Түркістан қаласында бір ауысымда 300 адам қабылдайтын стоматологиялық клиника салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 1 000,0 | ЖИ |
2023 | 3 100,0 | |||||
94 | Түркістан қаласында 25 бригадаға арналған медициналық жедел жәрдем станциясын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 000,0 | ЖИ |
2022 | 483,0 | |||||
95 | Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласындағы орталық аудандық аурухана жанынан 240 төсектік перинаталдық орталық салу | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 3 500,0 | РБ |
500,0 | ЖБ | |||||
2023 | 5 000,0 | РБ | ||||
500,0 | ЖБ | |||||
2024 | 12 200,0 | РБ | ||||
1 300,0 | ЖБ | |||||
96 | Сарыағаш ауданы Сарыағаш қаласында бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 900,0 | РБ |
100,0 | ЖБ | |||||
2024 | 2 700,0 | РБ | ||||
300,0 | ЖБ | |||||
97 | Арыс қаласында жедел медициналық жәрдем станциясы бар бір ауысымда 500 адам қабылдайтын қалалық емхана салу | пайдалануға беру актісі | ДСМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 900,0 | РБ |
100,0 | ЖБ | |||||
2024 | 2 700,0 | РБ | ||||
300,0 | ЖБ | |||||
98 | Түркістан қаласында H.H. Sheikh Mohamed Bin Zayed Al Nahyan атындағы ана мен бала орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 500,0 | ЖИ |
2022 | 1 000,0 | |||||
2023 | 1 480,0 | |||||
Жиыны | 280 482,0 | |||||
8 .Халықты әлеуметтік қорғау | ||||||
99 | Кентау қаласында ересек мүгедектер үшін 200 орындық оңалту орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Еңбекмині, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 219,0 | РБ |
2022 | 2 344,0 | РБ | ||||
285,0 | ЖБ | |||||
Жиыны | 2 848,0 | |||||
9. Мәдениет пен туризм | ||||||
100 | Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи және Рабия Сұлтан Бегім кесенелерін реставрациялау | пайдалануға беру актісі | МСМ | 2021 | 68,0 | РБ |
2022 | 91,0 | |||||
101 | Түркістан қаласында Күлтөбе қалашығында тарихи объектілерді қалпына келтіру | пайдалануға беру актісі | МСМ | 2021 | 1 200,0 | ЖИ |
102 | Түркістан қаласында "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің аумағын абаттандыру | пайдалануға беру актісі | МСМ,Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 15 102,0 | РБ |
1 575,0 | ЖБ | |||||
2022 | 7 745,0 | РБ | ||||
774,0 | ЖБ | |||||
103 | Түркістан қаласында "Karavansaray Turkistan" туристік кешенін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 30 000,0 | ЖИ |
104 | Түркістан қаласында "Emir Plaza" қонақ үйін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 |
500,0 | ЖИ |
105 | Түркістан қаласында "Medina Palace" қонақ үйін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 000,0 | ЖИ |
106 | Түркістан қаласында "Нұр-Әлем" қонақ үйін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі |
2021 |
1 800,0 | ЖИ |
107 | Түркістан қаласында университеттің ботаникалық бағын салу (182 га) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 6 000,0 | ЖИ |
2022 | 6 000,0 | |||||
2023 | 6 000,0 | |||||
108 | Түркістан қаласында "Хилует" рухани-мәдени орталығын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі |
2021 |
2 000,0 | ЖИ |
109 | Түркістан қаласында мешіт салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 14 700,0 | ЖИ |
110 | Түркістан қаласында "Түркістан" туристік-сауықтыру орталығының инфрақұрылымын салу (1-кезек) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 2 000,0 | ЖИ |
2022 | 7 000,0 | |||||
111 | Түркістан қаласында "Түркістан" туристік-сауықтыру орталығына инфрақұрылымын салу (2-кезек) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 617,0 | РБ |
2022 | 579,0 | МБ | ||||
112 | Төлеби ауданында "Қасқасу" туристік-рекреациялық орталығының инженерлік инфрақұрылымын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 2 921,0 | ЖБ |
113 | Төлеби ауданында "Қасқасу" туристік-рекреациялық орталығының тау инфрақұрылымын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 10 800,0 | ЖИ |
2022 | 16 200,0 | |||||
Жиыны | 136 672,0 | |||||
10. Спорт | ||||||
114 | Түркістан қаласында дарынды балаларға арналған облыстық спорт мектеп-интернатын салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 1 000,0 | ЖБ |
2024 | 2 700,0 | |||||
115 | Түркістан қаласында жоғары спорт шеберлігі мектебін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 1 000,0 | ЖБ |
2024 | 1 900,0 | |||||
116 | Түркістан қаласында облыстық дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 900,0 | ЖБ |
2024 | 1 000,0 | |||||
117 | Түркістан қаласында олимпиадалық резерв мектебін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 500,0 | ЖБ |
2024 | 1 600,0 | |||||
118 | Түркістан қаласындағы олимпиадалық резерв мектебіне әкімшілік ғимарат пен 100 орындық жатақхана салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 068,0 | ЖБ |
119 | Түркістан қаласындағы Ә. Нұрмаханов атындағы олимпиада резервінің мамандырылған балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің спорт кешенін реконструкциялау және 320 орындық қосымша ғимарат салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 400,0 | ЖБ |
2022 | 1 578,0 | |||||
120 | Түркістан қаласында теннис орталығын салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, Түркістан облысының әкімдігі |
2021 | 1 000,0 | РБ |
105,0 | ЖБ | |||||
2022 | 1 031,0 | РБ | ||||
121,0 | ЖБ | |||||
121 | Түркістан қаласында мұз сарайын салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 000,0 | РБ |
1 000,0 | ЖБ | |||||
2022 | 989,0 | РБ | ||||
989,0 | ЖБ | |||||
122 | Түркістан қаласында ӘІО-да ескек есу каналын салу | пайдалануға беру актісі | МСМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 3 000,0 | РБ |
3 000,0 | ЖБ | |||||
2022 | 2 500,0 | РБ | ||||
2 500,0 | ЖБ | |||||
2023 | 3 250,0 | РБ | ||||
3 250,0 | ЖБ | |||||
123 | Түркістан қаласында ат спорты кешенін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2022 | 1 000,0 | ЖИ |
2023 | 1 000,0 | |||||
124 | Түркістан қаласында гимнастика мектебін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 700,0 | ЖБ |
2024 | 1 500,0 | |||||
125 | Түркістан қаласында ипподром салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 1 000,0 | ЖБ |
2024 | 2 000,0 | |||||
126 | Түркістан қаласында фитнес-клуб салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 500,0 | ЖИ |
Жиыны | 46 081,0 | |||||
11. Қоғамдық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және азаматтық қорғау | ||||||
127 | Түркістан қаласында 470 адамға арналған үлгілік жоба бойынша полиция департаменті ғимаратының кешенін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 1 926,0 | ЖБ |
2022 | 946,0 | |||||
128 | Түркістан қаласында полиция департаментінің жедел басқару орталығын салу | пайдалануға беру актісі | ҰЭМ, Түркістан облысының әкімдігі | 2021 | 2 500,0 | РБ |
2022 | 1 922,0 | РБ | ||||
493,0 | ЖБ | |||||
129 | Түркістан қаласындағы Түркістан облысы полиция департаментінің ауысымына 100 адам қабылдай алатын емханасы бар 60 төсек-орындық госпиталь ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ІІМ | 2021 | 54,0 | МБ |
2023 | 1 789,0 | РБ | ||||
2024 | 1 193,0 | |||||
130 | Түркістан қаласында Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына арналған әскери қалашық салу | пайдалануға беру актісі | ІІМ | 2023 | 440,0 | РБ |
2024 | 3 860,0 | |||||
2025 | 3 860,0 | |||||
131 | Түркістан қаласында әкімшілік ғимарат пен 4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосын салу (037 орам) | пайдалануға беру актісі | ТЖМ | 2021 | 1 298,0 | РБ |
132 | Түркістан қаласында (Түркістан қаласынан Кентау қаласына шыға берісте) "4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені" үлгілік жобасына байланыстыра отырып, өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | ТЖМ | 2021 | 222,0 | РБ |
2022 | 618,0 | |||||
133 | Түркістан қаласында (Түркістан – Шәуілдір тас жолында) "4 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені" үлгілік жобасына байланыстыра отырып, өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | ТЖМ | 2022 | 24,0 | РБ |
2023 | 280,0 | |||||
2024 | 280,0 | |||||
134 | Келес ауданы, Ақтөбе ауылдық округінің Қызыләскер ауылында "2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені" үлгілік жобасына байланыстыра отырып, өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | ТЖМ | 2022 | 21,0 | РБ |
2023 | 366,0 | |||||
135 | Ордабасы ауданы, Шұбарсу ауылында "2 автокөлікке арналған өрт сөндіру депосы кешені" үлгілік жобасына байланыстыра отырып, өрт сөндіру депосын салу | пайдалануға беру актісі | ТЖМ | 2023 | 21,0 | РБ |
2024 | 370,0 | |||||
136 | Түркістан қаласында Түркістан облысы әкімі басқармасының қосалқы пунктін салу | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 867,0 | ЖБ |
2024 | 867,0 | |||||
137 | Түркістан облысы әкімі басқармасының қаладан тыс қосалқы пунктін салу (Түркістан қаласынан 20-100 км қашықтықта орналасқан) | пайдалануға беру актісі | Түркістан облысының әкімдігі | 2023 | 867,0 | ЖБ |
2024 | 867,0 | |||||
138 | Түркістан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің әкімшілік ғимаратын салу | пайдалануға беру актісі | ІІМ | 2022 | 713,0 | РБ |
2023 | 713,0 | |||||
139 | Түркістан қаласында 500 орынға арналған тергеу изоляторын салу | пайдалануға беру актісі | ІІМ | 2022 | 3 195,0 | РБ |
2023 | 2 000,0 | |||||
2024 | 2 000,0 | |||||
140 | Түркістан қаласында тұтқындалған адамдарды ұстайтын 50 орынға арналған арнайы қабылдау орнын салу | пайдалануға беру актісі | ІІМ | 2023 | 887,0 | РБ |
2024 | 887,0 | |||||
141 | Түркістан облысы үшін облыстық хабардар ету жүйесін сөйлеу-хабарландыру құрылғыларымен толық жарақтандыру | өткізу-қабылдау актісі | ТЖМ | 2023 | 444,0 | РБ |
2024 | 444,0 | |||||
2025 | 444,0 | |||||
Жиыны | 36 678,0 |
Қаржыландыру көзі | 2021 жыл | 2022 жыл | 2023 жыл | 2024 жыл | 2025 жыл | Жиыны |
---|---|---|---|---|---|---|
Республикалық бюджет | 121 111,0 | 134 887,0 | 102 306,0 | 98 594,0 | 44 077,0 | 500 975,0 |
Жергілікті бюджет | 63 636,0 | 69 646,0 | 75 057,0 | 81 156,0 | 55 649,0 | 345 144,0 |
Жеке инвестициялар | 283 283,0 | 620 323,0 | 533 894,0 | 944 136,0 | 124 853,0 | 2 506 489,0 |
МЖӘ | 37 630,0 | 62 038,0 | 120 225,0 | 12 000,0 | 231 893,0 | |
ЖИЫНЫ | 505 660,0 | 886 894,0 | 831 482,0 | 1 135 886,0 | 224 579,0 | 3 584 501,0 |
* – республикалық және жергілікті бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі Түркістан облысының әкімдігі бюджет заңнамасына сәйкес қажетті құжаттаманы ұсынған кезде тиісті жоспарлы кезеңге республикалық және жергілікті бюджетті қалыптастыру және нақтылау кезінде нақтыланатын болады;
** – жеке инвестициялар мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік қаражаты есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар бойынша шығыстар көлемі объектілерді салу барысында нақтыланатын болады.
Кешенді жоспарды іске асырудан мынадай нәтижелер күтіледі:
Жалпы өңірлік өнім
2025 жылға қарай облыстың ЖӨӨ 2020 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге немесе номиналды мәнде 2,4 трлн теңгеден 3,6 трлн теңгеге ұлғаяды деп күтілуде. Облыстың ЖӨӨ құрылымында 2025 жылы құрылыс (22,5 %) және ауыл шаруашылығы (20,6 %) басым болады.
Мыналар:
1) халықтың нақты ақшалай табысының өсуін 54,8 %-ға ұлғайту;
2) еңбек өнімділігін 52,1 %-ға арттыру;
3) 39,9 мың жұмыс орнын ашу, оның ішінде тұрақты 15,9 мың жұмыс орнын құру жоспарланған.
Негізгі капиталға тартылған инвестициялар өндіріс көздерінің бірі ретінде және ЖӨӨ-нің өсу нәтижесі болып табылады. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 2021 жылы 800,0 млрд теңгеге, 2022 жылы 1,1 трлн теңгеге, 2023 жылы 1,4 трлн теңгеге, 2024 жылы 1,7 трлн теңгеге, 2023 жылы 2,1 трлн теңгеге жетеді.
2025 жылға қарай ЖӨӨ-дегі шағын және орта бизнес үлесі 25 %-ға жетеді.
Өнеркәсіп
Облыста тамақ өнімдерінің өндірісі, жеңіл және химия өнеркәсібі, фармацевтика және т.б. сияқты салалардағы өңдеу өнеркәсібі дамыған. 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын құра отырып, 498,1 млрд теңге сомасына 13 жобаны іске асыру жоспарланған.
Жұмыс істеп тұрған және жаңа кәсіпорындардың қуаттарын жүктеу қамтамасыз етіледі.
"Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде өнеркәсіптік кәсіпорындарда "Индустрия 4.0" цифрлық технологиясын енгізу бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай өнеркәсіп өндірісінің көлемі номиналды мәнде 2020 жылмен салыстырғанда 1,3 есе ұлғаяды және 713,0 млрд теңгені, НКИ 102,4 % құрайды.
Ауыл шаруашылығы
Түркістан қаласының айналасында азық-түлік белдеуін құру күтілуде (11 мың га). 809,9 млн теңге сомаға 93 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда.
Жасанды су қоймаларын салу және жөндеу, 11,6 мың га жаңбырлатып суару технологияларын енгізу жоспарлануда.
Ауыл шаруашылығы техникасы мен тракторлар паркі 37 %-ға жаңартылатын болады, бұл ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 2,5 есеге арттырады.
Нәтижесінде 2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы өндірісінің жалпы өнімі 1 313,5 млрд теңгені, НКИ 105 % құрайды.
Денсаулық сақтау
Халық үшін денсаулық сақтау объектілерінің қолжетімділігін арттыру мақсатында 2025 жылға дейін бір ауысымда 500 адам қабылдайтын 3 денсаулық сақтау объектісін, сондай-ақ балалар ауруханасы үшін 190 төсек орындық емдеу корпусын пайдалануға беру жоспарлануда. Түркістан қаласында жедел медициналық жәрдем станцияларын, симуляциялық орталық және стоматологиялық клиника, көпбейінді аурухана салу жоспарлануда. Сарыағаш қаласында перинаталдық орталық, Түркістан қаласында H. H. Sheikh Mohamed Bin Zayed Al Nahyan атындағы ана мен бала орталығы салынатын болады.
Аталған іс-шаралар бекітілген халыққа профилактикалық жұмыстарды жүргізу үшін білікті, мамандандырылған және шұғыл медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігін, тиімділігін және сапасын арттыруға, халықтың денсаулығын жақсартуға, бала тууды арттыруды және өлім-жітімді азайтуды қамтамасыз етуге, халықтың медициналық көмек іздеп шетелге шығуын азайтуға мүмкіндік береді. Медициналық туризм дамитын болады. Өлім-жітім коэффициенті 5,9-ға дейін төмендейді деп күтілуде.
Халықты әлеуметтік қорғау
Кентау қаласында 200 орындық оңалту орталығын салу мүгедектерге барынша тәуелсіздікке, дене, ақыл-ой, әлеуметтік, кәсіби қабілеттерге толық қол жеткізуге, сақтауға және өмірдің барлық аспектілеріне толық араласуға мүмкіндік беру үшін тиімді және тиісті шараларды арттыруға мүмкіндік береді. Осы мақсатта кешенді оңалту қызметтері мен бағдарламалардың мүгедектердің тікелей тұрғылықты жерлеріне мүмкіндігінше жақын қолжетімділігін ескере отырып ұйымдастыру, нығайту және кеңейту қажет.
Білім
2025 жылға қарай 130 (36 700 оқу орны) жалпы білім беретін мектеп салу жоспарлануда, оның ішінде: 2021 жылы – 47 мектеп, 2022 жылы – 26 мектеп, 2023 жылы – 21 мектеп, 2024 жылы – 24 мектеп, 2025 жылы – 12 мектеп.
Нәтижесінде облыста 3 ауысымды және авариялық мектептер толығымен жойылады.
Мектептерді салу нәтижесінде оқушылар оқу орындарымен қамтамасыз етіледі.
Дарынды балаларға арналған мектепке деген сұранысты ескере отырып, Түркістан қаласында "Назарбаев Зияткерлік мектебі" мен 700 оқушыға арналған "Дарын" мектеп-интернатын, қала мен жақын орналасқан аудандардың оқушылары үшін 500 орындық жатақхана салу жоспарлануда.
Мәдениет
Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерде ұлттық өнер мен әдет-ғұрыпты кеңінен насихаттау, жас таланттарды қолдау, заманауи материалдық-техникалық жабдықтармен жарақтандырылған және әлемдік стандарттарға сәйкес келетін жаңа мәдени объектілер салу.
Спорт
Халықты бұқаралық спортқа тарту, республикалық және халықаралық спорттық жарыстарда жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында Түркістан қаласында 10 спорт нысанының құрылысы жоспарлануда, оның ішінде ескек есу каналы, мұз сарайы, ипподром және т.б., сондай-ақ олимпиадалық резерв мектебіне әкімшілік ғимарат пен 100 орындық жатақхана салу жоспарлануда.
2025 жылға қарай дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын азаматтарды қамту 45 %-ға жетеді.
Туризм
Туризм облыс экономикасының перспективалы салаларының біріне айналуда. Облыс Орта Азия мен Қазақстанның қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының түйіскен жерінде орналасқан.
Өңірдің туристік тартымдылығын арттыру, құрылатын жұмыс орындарының санын және туристер ағынын ұлғайтады.
Жаңа туристік дестонациялар құрылады және туристік индустрия дамытылады.
2025 жылға дейін туризм инфрақұрылымын дамыту мыналарды қамтиды:
"Қасқасу" туристік-рекреациялық орталығының тау-кен инфрақұрылымын салу;
Түркістан қаласының туристік-рекреациялық орталығының инфрақұрылымын салу;
Түркістан қаласының түркі әлемінің рухани астанасы ретінде дамуын және 2025 жылға қарай көптеген туристік және мәдени объектілердің салынуын ескере отырып, туристер саны 2,5 млн адамға дейін өседі. Орналасу орындарында қызмет көрсетілген келушілер санының жыл сайынғы өсімі 11 % құрайды.
Көлік және инженерлік инфрақұрылым
2025 жылға дейін облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын салу және реконструкциялау жоспарланған. Көлік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық күйдегі жолдардың деңгейі 2025 жылы 99,5 %-ға жетеді.
Түркістан қаласында жаңа теміржол вокзалын және "Түркістан – Шымкент – Ташкент" жылдамдығы жоғары теміржол магистралін салу күтілуде.
Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық
2025 жылға дейін халықты орталықтандырылған сумен және су бұрумен 100 % қамтуға қол жеткізу жоспарланған.
Газбен жабдықтау саласында халықты немесе 722 елді мекенді 85,4 % қамтуға қол жеткізіледі.
2025 жылға дейін 220-110 кВ желісі бар 220-110 кВ 5 қосалқы станциясын салу нәтижесінде 7 ауданның (Сауран, Жетісай, Ордабасы, Отырар, Төлеби, Кентау және Арыс қаласы) тұрғындарын сапалы, тұрақты электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігі пайда болады.
Экономиканың өсу нүктелері болып табылатын жоғарыда көрсетілген қалалар мен елді мекендерді коммуналдық инфрақұрылымдармен қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеуді дамыту, өнеркәсіптің ірі және шағын кәсіпорындарын ұйымдастыру және ШОБ-ты дамыту үшін жағдай туғызады.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
АШМ | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі |
БҒМ | – | Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі |
БП | – | Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы |
"Бәйтерек" ҰБХ" АҚ | – | "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингі" акционерлік қоғамы |
БК | бірлескен кәсіпорын | |
ДСМ | – | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
Еңбекмині | – | Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі |
ЖБ | – | жергілікті бюджет |
ЖИ | – | жеке инвестициялар |
ЖӨӨ | – | жалпы өңірлік өнім |
ЖС | – | Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты |
ЖЭО | – | жылу электр орталығы |
ИИДМ | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі |
"ҚТЖ" ҰК" АҚ | – | "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы |
МЖӘ | – | мемлекеттік-жекешелік әріптестік |
МСМ | – | Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі |
НКИ | – | нақты көлем индексі |
РБ | – | республикалық бюджет |
СҚА | – | Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) |
СЭС | – | су электр станциясы |
ТЖМ | – | Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі |
ҰҚК | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті |
ҰЭМ | – | Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі |
ШОБ | – | шағын және орта бизнес |
ІІМ | – | Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі |
ЭМ | – | Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі |
ЭГТРМ | – | Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі |