Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 және "Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың кейбір шаралары туралы" 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 28 маусымдағы № 441 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 26 сәуірдегі № 336 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.04.2024 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Қолжетімді кредит беру міндетін шешу үшін ұзақ мерзімді теңгелік өтімділікті қамтамасыз етудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 11 желтоқсандағы № 820 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде:

      1-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстанның даму банкі" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ҚДБ) және "Өнеркәсіпті дамыту қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – ӨДҚ) жобалары тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен ғана қаржыландырылатын болады.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. ЕДБ-ге және АНК-ге қаражат беру шарттары:

      Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі өз қаражаты мен өзінің басқаруындағы қаражат есебінен жылдық 11 %-ға дейін қорытынды кірістілік мөлшерлемесі бойынша 10 жылға дейінгі өтеу мерзімімен 1 трлн теңгеге дейінгі сомаға ЕДБ мен АНК облигацияларын сатып алуды жүзеге асырады.

      ЕДБ және АНК шығару проспектісінде (облигацияларды шығару талаптары) айқындалатын және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен келісілген шарттарда өздері шығарған облигацияларды мерзімінен бұрын өтеуге құқылы.

      Әрбір ЕДБ-ға облигацияларды ең жоғары сатып алу лимиті 104 млрд теңгеден аспауға тиіс, АНК-ге облигацияларды сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс. ЕДБ өз лимиттерін ішінара не толық пайдаланбаған жағдайда пайдаланылмаған лимит мүдделі ЕДБ арасында қайта бөлінуі мүмкін.

      АНК облигацияларын ең жоғары сатып алу лимиті 170 млрд теңгеден аспауға тиіс, оның 140 млрд теңгеден аспайтын сомасы агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалуға тиіс. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріске және қайта өңдеуге жұмсалатын 70 млрд теңге сомаға АНК облигацияларын сатып алу үшін мемлекеттік кепілдіктің болуы талап етіледі.

      ЕДБ-ның, лизингтік компаниялардың (бұдан әрі – ЛК) және АНК-нің тартылған қаражаты мен өз қаражаты:

      1) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу;

      2) 300 млрд теңгеге дейін – агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс;

      3) 400 млрд теңгеге дейін өңдеу өнеркәсібі және көрсетілетін қызметтер бағыттары бойынша басым жобаларды қаржыландыруға жұмсалуы тиіс.

      ЕДБ-мен, ЛК-мен қатар АНК агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс пен қайта өңдеу жөніндегі басым жобаларды қаржыландыру бойынша оператор болып табылады. АНК тікелей кредит берумен қатар, кейін ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге кредит беру үшін кредиттік серіктестіктерді қорландыруға құқылы.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларға кредит беруге 30 млрд теңгеден аспайтын сома жұмсалады.

      Бұл ретте шағын және орта бизнес (бұдан әрі – ШОБ) субъектілері іске асыратын жобаларға кредит беруге және қаржылық лизингке кемінде 200 млрд теңге жұмсалады. Осы мақсатта әрбір ЕДБ, ЛК мен АНК ШОБ жобаларын осы басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігінде (бұдан әрі – тетік) белгіленген шарттарда берілген кредиттер мен қаржылық лизингтің жалпы көлемінің кемінде 20 %-ы мөлшерінде қаржыландыруды және қаржылық лизингті қамтамасыз етеді.

      ЕДБ мен АНК ЖКС жобаларына өз қаражаты есебінен қарыз бере алады, сондай-ақ ЖКС қарыздары үшін қорландыруды қамтамасыз ету не қалпына келтіру үшін облигациялар шығара алады.

      ҚДБ, ӨДҚ және ЛК қарыздарды тек өз қаражаты (нарықтық қорландыру) есебінен береді.

      ҚДБ үшін жобаларды қаржыландыру лимиті 200 млрд теңгеден аспайтын болады.

      ӨДҚ үшін жобаларды қаржыландыру лимиті белгіленбейді, бұл ретте қаржыландырудың ең жоғары сомасы 100 млрд теңгеден аспайды.

      ҚДБ импортқа тәуелділікті азайтуға және инфрақұрылымдық дамуға бағытталған маңызды жобаларға кредит беруді жүзеге асырады.

      Бұл ретте ҚДБ жобаларына кредит беру Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

      Қаржыландыру мерзімі 5 жылдан асатын және қаржыландыру сомасы 5 млрд теңгеден асатын ӨДҚ жобаларын субсидиялау Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның ұсынымы бойынша жүзеге асырылады.

      Аванстық қорландыру алған жағдайда облигацияларды орналастырудан алынған қаражатты игеру кезеңі, ол ЕДБ мен АНК шотына түскен күннен бастап 12 айдан аспауы тиіс.

      Берілген қаражаттың нысаналы мақсаты – қызметін өңдеу өнеркәсібі мен агроөнеркәсіптік кешенде жүзеге асыратын ЖКС-ке инвестициялау және айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына кредит беру. Жаңартылатын негізде айналым қаражатын толықтыруға жол беріледі.

      Бұл ретте ЕДБ, ЛК мен АНК айналым қаражатын толықтыру мақсаттарына қарыз алушының бір жобасы шеңберінде берілетін кредит қаражатының және қаржы лизингінің 50 %-ынан аспайтын мөлшерін жібере алады. Бұл шектеу ЕДБ, ҚДБ, ӨДҚ, ЛК мен АНК-нің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылатын агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу саласындағы жобаларды, сондай-ақ кредитті қаржыландыру көзіне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобаларды қаржыландыруға және қаржылық лизингіне қолданылмайды. Бұл ретте агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс бойынша көктемгі егіс және/немесе егін жинау жұмыстарын жүргізуге бағытталған жобалар 1 жылдан аспайтын мерзімге қаржыландырылады.";

      7-тармақта:

      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "кредит беру/қаржылық лизинг, субсидиялау және кепілдік беру мерзімін, 10 жылды қоса алғанға дейін, бұл ретте ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК кредит/қаржылық лизинг мерзімі ұзақтығының үштен бірінен аспайтын мерзімге кредит/қаржылық лизинг бойынша сыйақы мөлшерлемесінің субсидияланбайтын бөлігін төлеу және/немесе негізгі борышты өтеу бойынша жеңілдікті кезеңді/кейінге қалдыруды бере алады.";

      он бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) қаржыландыруды және қаржылық лизингті жүзеге асыратын ЕДБ-мен, ӨДҚ-мен, ЛК-мен және АНК-мен ерекше қатынастар арқылы байланысқан тұлғалар болып табылатын;";

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

      Өңдеу өнеркәсібіндегі, агроөнеркәсіптік кешендегі көрсетілетін қызметтер және қайта өңдеу бойынша ЖКС жобаларын субсидиялау шарттары:

      Субсидиялау Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 24 желтоқсандағы № 968 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының іс-шараларын және осы тетікті іске асыруға бөлінетін қаражат есебінен жүзеге асырылады.

      ЖКС-нің ЕДБ, ӨДҚ, ЛК мен АНК беретін кредиттері/қаржылық лизингтер бойынша сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауды қаржыландыру республикалық бюджет қаражатынан жүзеге асырылады.

      Өңдеу өнеркәсібіндегі және көрсетілетін қызметтер бойынша жобаларды субсидиялау номиналдық сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 6 % ЖКС төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайтын болады.

      Агроөнеркәсіптік кешендегі қайта өңдеу бойынша жобаларды субсидиялау номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын кредиттер/лизингтік мәмілелер бойынша жүзеге асырылады, оның 5 %-ын ЖКС төлейді, ал айырмасын мемлекет субсидиялайды.

      Осы тармақтың үшінші және төртінші бөліктерінің қолданысы 2018 жылғы 11 желтоқсаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Инвестицияларға жұмсалған кредиттерді субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 10 жылдан аспайды.

      Айналым қаражатын толықтыруға бағытталған кредиттер мен қаржылық лизингті субсидиялау мерзімі субсидиялау мерзімін ұзарту құқығынсыз 3 жылдан аспайды.

      Осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобаларды субсидиялау шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ мониторингтеу "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларымен регламенттеледі.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. ЖКС жобаларына кепілдік беру шарттары:

      Номиналды сыйақы мөлшерлемесі жылдық 15 %-дан аспайтын ЕДБ кредиттеріне/ЛК қаржылық лизингіне кепілдік беріледі. Қарыз алушының бір жобасы шеңберінде кепілдік көлемі 1 млрд теңгені қоса алғанға дейінгі кредит/қаржылық лизинг сомасының 50 %-ынан аспайды.

      Кепілдік мерзімі кредит мерзімінен аспайды.

      Бұл ретте кредит бойынша қамтамасыз етудегі айырманы (кепілдік құнын) кәсіпкер жабады.

      Қаржылық лизинг бойынша ЖКС лизинг нысанасы құнының кемінде 20 %-ы мөлшерінде өзінің қаражатымен (ақшасымен) қатысуды қамтамасыз етеді.

      Қаржылық лизинг бойынша жылжымайтын және/немесе жылжымалы мүлікті, сондай-ақ құрылтайшылардың/қатысушылардың/акционерлердің және/немесе үшінші тұлғалардың кепілдіктерін қосымша қамтамасыз ету ретінде қабылдауға жол беріледі.

      Кепілдік беру шарттары, тәртібі және тетігі, сондай-ақ осы тетік шеңберінде іске асырылатын жобалардың мониторингі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1060 қаулысымен бекітілген "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде кредиттер бойынша кепілдік беру қағидаларымен регламенттеледі.

      Кепілдік беру шарттары, тәртібі мен тетігі, сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешендегі өндіріс және қайта өңдеу бойынша іске асырылатын жобалардың мониторингі агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның бұйрығымен регламенттеледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қаржы агенттігі:

      1) субсидиялау шарты жасалған ЖКС-нің жаңа кредитті немесе қаржылық лизингті нысаналы пайдалануын мониторингтеуді;

      2) ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға, АНК-ге және ЛК-лер бойынша қаржылық лизинг ұсынылған қаражатты мақсатты және уақтылы қаржыландыру жөнінде ақпаратты жинау мен талдауды жүзеге асырады.

      ЕДБ-ға, ӨДҚ-ға, АНК-ге берілген қаражаттың және ЛК-лер бойынша қаржылық лизингтің мақсатты және уақтылы қаржыландырылуы жөніндегі ақпаратты жинау мен талдауды кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін Басым жобаларға кредит беру тетігінің шеңберінде ұсынылған қаражатты екінші деңгейдегі банктердің мақсатты пайдалануын талдау қағидаларына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК есебінің негізінде қаржы агенттігі жүзеге асырады.

      Бөлінетін қаражаттың экономикалық нәтижелеріне мониторинг жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті қаржы агенттігіне ЖКС келісімі болған жағдайда салықтық құпия болып табылатын және мынадай:

      салық салуға жатпайтын кірістерді ескере отырып, жиынтық жылдық кіріс;

      шетелдік көздерден алынатын, салық салынатын кіріс;

      өткізілген тауарлар (жұмыстар, көрсетілетін қызметтер) бойынша шығыстар;

      қызметкерлердің есептелген кірісі бойынша шығыстар;

      таза кіріс;

      қызметкерлердің (адамдардың) саны;

      бір қызметкерге шаққандағы орташа айлық жалақы;

      салық төлемдерінің сомалары туралы ақпарат қамтылған мәліметтерді береді.

      ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК "Бизнестің жол картасы-2025" бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына және Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру кезінде сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау қағидаларына сәйкес тұрақты негізде қаржы агенттігіне есеп жіберіп тұрады.

      Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және ЕДБ, ЛК және АНК ішкі саясатына сәйкес ЕДБ, ӨДҚ, ЛК және АНК ЖКС кредиттері мен қаржылық лизингін мониторингтеуді жүргізеді.";

      басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      басым жобаларға кредит беру және қаржылық лизинг тетігіне қосымшада:

      басым жобалар бойынша кредит және қаржылық лизинг берілетін тауарлар тізбесінде:

      реттік нөмірі 43-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

43

Басқа тауар позициялары

131.

Басқа да техникалық және өнеркәсіптік тоқыма бұйымдары өндірісі

1396

Тоқылғаннан басқа жабысқақ негіздегі матаны қоса алғанда, тығыздалған маталар өндірісі.
Сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған маталар өндірісі.
Металл қосып иірілген жіп, резеңке жіптерді және тоқыма жіптер, тоқыма иірімжіп немесе сіңірілген, боялған, резеңкеленген және пластик жағылған баулар өндірісі.
Беріктігі жоғары материалдан резеңке маталар жасау.
Жадағайлық мата, өрт сөндіруге арналған түтіктерге/шлангілерге арналған, тор көзді мата, созылмалы киім өндірісі

132.

Зергерлік бұйымдар өндірісі

3212

Қолдан өсірген інжу өндірісі.
Тастар мен синтетикалық және өңделген асыл және жартылай бағалы тастарды өнеркәсіптік өңдеуді қоса алғанда, өңдеу сатысында асыл және жартылай бағалы тастар өндірісі.
Гауһар өңдеу.
Бағалы металдардан және бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан немесе асыл және жартылай асыл тастардан немесе бағалы металдар мен асыл немесе жартылай асыл тастардың немесе өзге де материалдардың қосындысынан құнды заттар жасау.
Бағалы металдардан немесе бағалы металдармен қапталған негізгі металдардан зергерлік бұйымдар: асхана ыдыстарын, ұсақ және жалпақ ыдыстар, шұңғыл ыдыс, туалет керек-жарақтарын, кеңсе немесе үстел бұйымдарын, діни қызметтерде салт-жоралғы үшін пайдалануға арналған бұйымдар және т.б. жасау.
Бағалы металдардан техникалық және зертханалық керек-жарақтар (құралдар мен қосалқы бөлшектерді қоспағанда): тигель, шпательдер, гальван жабыны бар анодтар және т.б. жасау.
Қолсағаттарға, бауларға, білезіктерге және табакеркаларға арналған бағалы металл білезіктер жасау.
Металдан жасалған бағалы дербес және бағалы емес бұйымдарды нақыштау

133.

Медициналық және стоматологиялық құралдар мен керек-жарақтар өндірісі

3250

Хирургиялық салфеткалар, стерильді ақжаймалар мен дәке өндірісі.
Сүйектерді бекітуге арналған пластиналар мен бұрандалар өндірісі.
Тіс техникалық зертханаларда жасалған тіс протездерін, көпірлерді және т.б. жасау.
Ортопедиялық құрылғылар мен протездер өндірісі.
Көз протездерін жасау.
Офтальмологиялық бұйымдар, көруді бейімдеуге арналған көзілдіріктер, күннен қорғайтын көзілдіріктер, көзілдіріктерге арналған линзалар, жанаспалы линзалар, қорғаныш көзілдіріктер, катетерлер, канюля және т.б. өндірісі.
Стоматологиялық зертханалық пештер өндірісі.
Ультрадыбыстық тазалауға арналған зертханалық жабдықтар өндірісі.
Зертханалық стерилизаторлар өндірісі.
Стоматологиялық құралдар өндірісі.
Медициналық термометрлер өндірісі.
Зертханалық дистилляторлар, зертханалық центрифугалар өндірісі.
Медициналық мақсатта пайдаланылатын өзге де аспаптар, аппараттар мен жабдықтар өндірісі.
Операциялық үстелдер, қарау үстелдері, механикалық құрылғылары бар аурухана төсектері, орнатылған стоматологиялық жабдықты қоса алғанда, стоматологиялық креслолар сияқты медициналық, хирургиялық, стоматологиялық немесе ветеринариялық жиһаз өндірісі.
Диализаторлар өндірісі

134.

Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де өнімдер өндірісі

3299

Жеке қорғаныш құралдарының, респираторлар және т.б. өндірісі

      ";

      ескертпе мынадай редакцияда жазылсын:

      "* Алакөл көлі жағалауында (Шығыс Қазақстан облысы, Алматы облысы), Балқаш көлі жағалауында (Қарағанды облысы), Баянауыл курорттық аймағында (Павлодар облысы), Щучье-Бурабай курорттық аймағында (Ақмола облысы), Түркістан және Ақтау қалаларында, Имантау-Шалқар курорттық аймағында (Солтүстік Қазақстан облысы), Алматы таулы кластерінде (Алматы облысының Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Райымбек, Қарасай аудандары), "Медеу" мемлекеттік аумақтық табиғи паркінде, Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іске асырылатын туризм саласындағы жобалар қаржыландырылады.

      ** Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен шекаралас аумақтары.

      *** Үйінділерден алынған тас көмір.";

      2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 маусымдағы
№ 441 қаулысына
1-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 маусымдағы
№ 441 қаулысына
2-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 28 маусымдағы
№ 441 қаулысына
3-қосымша

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.01.2024 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 "О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования" и от 31 декабря 2019 года № 1060 "О некоторых мерах государственной поддержки частного предпринимательства"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 июня 2021 года № 441. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 26 апреля 2024 года № 336.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 26.04.2024 № 336 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:

      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 11 декабря 2018 года № 820 "О некоторых вопросах обеспечения долгосрочной тенговой ликвидности для решения задачи доступного кредитования":

      в механизме кредитования и финансового лизинга приоритетных проектов, утвержденном указанным постановлением:

      часть вторую пункта 1 изложить в следующей редакции:

      "Проекты акционерного общества "Банк развития Казахстана" (далее – БРК) и акционерного общества "Фонд развития промышленности" (далее – ФРП) будут профинансированы исключительно за счет собственных средств (рыночного фондирования).";

      пункт 4 изложить в следующей редакции:

      "4. Условия предоставления средств БВУ и АКК:

      Национальным Банком Республики Казахстан за счет собственных средств и средств, находящихся в его управлении, будет осуществлено приобретение облигаций БВУ и АКК на сумму до 1 трлн тенге со сроком погашения до 10 лет по итоговой ставке доходности до 11 % годовых.

      БВУ и АКК могут досрочно погасить выпущенные им облигации на условиях, определяемых проспектом выпуска (условия выпуска облигаций) и согласованных с Национальным Банком Республики Казахстан.

      Максимальный лимит приобретения облигаций на каждый БВУ не должен превышать 104 млрд тенге, лимит приобретения облигаций на АКК не должен превышать 170 млрд тенге. В случае неиспользования лимита частично либо полностью БВУ, неиспользованный лимит может быть перераспределен среди заинтересованных БВУ.

      Максимальный лимит приобретения облигаций АКК не должен превышать 170 млрд тенге, из которых на производство и переработку в агропромышленном комплексе могут быть направлены не более 140 млрд тенге. При этом, для приобретения облигаций АКК на сумму 70 млрд тенге, направляемых на производство и переработку в агропромышленном комплексе, требуется наличие государственной гарантии.

      Привлеченные и собственные средства БВУ, лизинговых компаний (далее – ЛК) и АКК должны быть направлены на финансирование приоритетных проектов по следующим направлениям:

      1) переработка в агропромышленном комплексе до 300 млрд тенге;

      2) производство в агропромышленном комплексе до 300 млрд тенге;

      3) обрабатывающая промышленность и услуги до 400 млрд тенге.

      Оператором по финансированию приоритетных проектов по производству и переработке в агропромышленном комплексе наряду с БВУ, ЛК является АКК. Наряду с прямым кредитованием АКК имеет право фондировать кредитные товарищества для последующего кредитования сельхозтоваропроизводителей.

      На кредитование проектов, направленных на проведение весенне-полевых и/или уборочных работ по производству в агропромышленном комплексе, будет направлено не более 30 млрд тенге.

      При этом, на кредитование и финансовый лизинг проектов, реализуемых субъектами малого и среднего бизнеса (далее – МСБ), будет направлено не менее 200 млрд тенге. В этих целях каждый БВУ, ЛК и АКК обеспечит финансирование и финансовый лизинг проектов МСБ в размере не менее 20 % от общего объема выданных кредитов и финансовых лизингов на условиях, установленных настоящим механизмом кредитования и финансового лизинга приоритетных проектов (далее – механизм).

      БВУ и АКК могут предоставлять займы под проекты СЧП за счет собственных средств, а также выпускать облигации для обеспечения либо восстановления фондирования для займов СЧП.

      БРК, ФРП и ЛК займы предоставляются только за счет собственных средств (рыночного фондирования).

      Лимит финансирования проектов для БРК будет составлять не более 200 млрд тенге.

      Лимит финансирования проектов для ФРП не устанавливается, при этом максимальная сумма финансирования составляет не более 100 млрд тенге.

      БРК осуществляется кредитование значимых проектов, направленных на снижение импортозависимости и инфраструктурное развитие.

      При этом, кредитование проектов БРК осуществляется по рекомендации Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики.

      Субсидирование проектов ФРП со сроком финансирования более 5 лет и суммой финансирования свыше 5 млрд тенге осуществляется по рекомендации Государственной комиссии по вопросам модернизации экономики.

      В случае получения авансового фондирования, период освоения средств, полученных от размещения облигаций, не должен превышать 12 месяцев с даты их поступления на счет БВУ и АКК.

      Целевое назначение предоставленных средств – кредитование СЧП, осуществляющих деятельность в обрабатывающей промышленности и агропромышленном комплексе, на цели инвестирования и пополнения оборотных средств. Допускается пополнение оборотных средств на возобновляемой основе.

      При этом, на цели пополнения оборотных средств БВУ, ЛК и АКК могут направить не более 50 % от выдаваемых кредитных средств и финансового лизинга в рамках одного проекта заемщика. Данное ограничение не распространяется на финансирование и финансовый лизинг проектов в области производства и переработки в агропромышленном комплексе, которые осуществляются за счет собственных средств БВУ, БРК, ФРП, ЛК и АКК, а также проектов, направленных на проведение весенне-полевых и/или уборочных работ по производству в агропромышленном комплексе, вне зависимости от источника финансирования кредита. При этом, проекты, направленные на проведение весенне-полевых и/или уборочных работ по производству в агропромышленном комплексе, финансируются на срок не более 1 года.";

      в пункте 7:

      абзац шестой изложить в следующей редакции:

      "срок кредитования/финансового лизинга, субсидирования и гарантирования – до 10 лет включительно, при этом БВУ, ФРП, ЛК и АКК могут предоставить льготный период/отсрочку по выплате несубсидируемой части ставки вознаграждения и/или погашению основного долга по кредиту/финансовому лизингу на срок не более одной трети продолжительности срока кредита/финансового лизинга.";

      абзац одиннадцатый изложить в следующей редакции:

      "3) являющиеся лицами, связанными с БВУ, ФРП, ЛК и АКК, осуществляющими финансирование или финансовый лизинг, особыми отношениями;";

      пункт 9 изложить в следующей редакции:

      "9. Условия субсидирования проектов СЧП:

      Условия субсидирования проектов СЧП в обрабатывающей промышленности, по услугам и переработке в агропромышленном комплексе:

      Субсидирование осуществляется за счет средств, выделяемых на реализацию мероприятий Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025", утвержденной постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 декабря 2019 года № 968, и настоящего механизма.

      Финансирование субсидирования ставки вознаграждения по выдаваемым БВУ, ЛК, ФРП и АКК кредитам/финансовым лизингам СЧП осуществляется из средств республиканского бюджета.

      Субсидирование проектов в обрабатывающей промышленности и услугах осуществляется по кредитам/лизинговым сделкам с номинальной ставкой вознаграждения, не превышающей 15 % годовых, из которых 6 % будет оплачиваться СЧП, а разница субсидироваться государством.

      Субсидирование проектов по переработке в агропромышленном комплексе осуществляется по кредитам/лизинговым сделкам с номинальной ставкой вознаграждения, не превышающей 15 % годовых, из которых 5 % будет оплачиваться СЧП, а разница субсидироваться государством.

      Действие третьей и четвертой частей настоящего пункта распространяется на отношения, возникшие с 11 декабря 2018 года.

      Срок субсидирования кредитов, направленных на инвестиции, составляет не более 10 лет без права пролонгации срока субсидирования.

      Срок субсидирования кредитов и финансового лизинга, направленных на пополнение оборотных средств, составляет не более 3 лет без права пролонгации срока субсидирования.

      Условия, порядок и механизм субсидирования, а также мониторинг реализуемых проектов в рамках настоящего механизма регламентируются Правилами субсидирования части ставки вознаграждения в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025".";

      пункт 10 изложить в следующей редакции:

      "10. Условия гарантирования проектов СЧП:

      Гарантированию подлежат кредиты БВУ/финансовый лизинг ЛК с номинальной ставкой вознаграждения, не превышающей 15 % годовых. Размер гарантии в рамках одного проекта заемщика не может превышать 50 % от суммы кредита/финансового лизинга до 1 млрд тенге включительно.

      Срок гарантии – не более срока кредита.

      При этом разница в обеспечении по кредиту (залоговая стоимость) покрывается предпринимателем.

      По финансовому лизингу СЧП обеспечивает участие собственными средствами (деньгами) в размере не менее 20 % от стоимости предмета лизинга.

      По финансовому лизингу допускается принятие в качестве дополнительного обеспечения недвижимого и/или движимого имущества, а также гарантий учредителей/участников/акционеров и/или третьих лиц.

      Условия, порядок и механизм гарантирования, а также мониторинг реализуемых проектов в рамках настоящего механизма регламентируются Правилами гарантирования по кредитам в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025", утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2019 года № 1060.

      Условия, порядок и механизм гарантирования, а также мониторинг реализуемых проектов по производству и переработке в агропромышленном комплексе регламентируются приказом уполномоченного государственного органа в области развития агропромышленного комплекса.";

      пункт 12 изложить в следующей редакции:

      "12. Финансовое агентство будет осуществлять:

      1) мониторинг целевого использования нового кредита и финансового лизинга СЧП, с которым заключен договор субсидирования;

      2) сбор и анализ информации по целевому и своевременному финансированию предоставленных средств БВУ, ФРП, АКК и финансового лизинга по ЛК.

      Сбор и анализ информации по целевому и своевременному финансированию предоставленных средств БВУ, ФРП, АКК и финансового лизинга по ЛК осуществляются финансовым агентством на основании отчета БВУ, ФРП, ЛК и АКК согласно Правилам проведения анализа целевого использования средств банками второго уровня, предоставленных в рамках механизма кредитования приоритетных проектов, утверждаемым уполномоченным органом по предпринимательству.

      В целях проведения мониторинга экономических результатов выделяемых средств Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан представляет в финансовое агентство при наличии согласия СЧП следующие сведения, являющиеся налоговой тайной и содержащие информацию о:

      совокупном годовом доходе с учетом доходов, не подлежащих налогообложению;

      доходах из иностранных источников об облагаемом налогом доходе;

      расходах по реализованным товарам (работам, услугам);

      расходах по начисленным доходам работников;

      чистом доходе;

      численности работников (человек);

      среднемесячной заработной плате на одного работника;

      суммах налоговых выплат.

      БВУ, ФРП, ЛК и АКК на регулярной основе будут направлять в финансовое агентство отчет в соответствии с Правилами субсидирования части ставки вознаграждения в рамках Государственной программы поддержки и развития бизнеса "Дорожная карта бизнеса-2025" и Правилами субсидирования ставок вознаграждения при кредитовании субъектов агропромышленного комплекса.

      БВУ, ФРП, ЛК и АКК проводят мониторинг кредитов и финансового лизинга СЧП в соответствии с требованиями законодательства Республики Казахстан и внутренней политикой БВУ, ЛК и АКК.";

      в приложении к механизму кредитования и финансового лизинга приоритетных проектов:

      в перечне товаров для кредитования и финансового лизинга по приоритетным проектам:

      строку, порядковый номер 43, изложить в следующей редакции:

      "

43

Прочие товарные позиции

131.

Производство прочих технических и промышленных текстильных изделий

1396

Производство сжатых тканей, включая ткани с нетканой липкой основой.
Производство пропитанных, окрашенных, прорезиненных и покрытых пластиком тканей. Производство металлизированной пряжи, резиновых нитей и текстильных веревок, текстильной пряжи или пропитанных, окрашенных, прорезиненных и покрытых пластиком шнуров.
Производство резиновой ткани из высокопрочного материала.
Производство плащевой ткани, ткани для пожарных рукавов/шлангов, сетчатой ткани, эластичной одежды

132.

Производство ювелирных изделий

3212

Производство культивированного жемчуга.
Производство драгоценных и полудрагоценных камней в стадии обработки, включая промышленную обработку камней, синтетических и обработанных драгоценных и полудрагоценных камней.
Обработка бриллиантов.
Производство драгоценностей из драгоценных металлов и основных металлов с покрытием из драгоценных металлов или драгоценных и полудрагоценных камней, или комбинаций из драгоценных металлов и драгоценных или полудрагоценных камней или прочих материалов.
Производство ювелирных изделий из драгоценных металлов или основных металлов с покрытием из ценных металлов: столовой посуды, мелкой и плоской посуды, глубокой посуды, туалетных принадлежностей, офисных или настольных изделий, изделий для ритуального использования в религиозных службах и т.д.
Производство технических и лабораторных принадлежностей из драгоценных металлов (за исключением инструментов и запасных частей): тиглей, шпателей, анодов с гальванопокрытием и т.д.
Производство драгоценных металлических браслетов для наручных часов, ремешков, браслетов и табакерок.
Гравировка драгоценных персональных и не драгоценных изделий из металла

133.

Производство медицинских и стоматологических инструментов и принадлежностей

3250

Производство хирургических салфеток, стерильных простыней и бинтов.
Производство пластин и винтов для фиксации костей.
Производство зубных протезов, мостов и т.д., изготовленных в зуботехнических лабораториях.
Производство ортопедических приспособлений и протезов.
Производство глазных протезов.
Производство офтальмологических изделий, очков для коррекции зрения, солнцезащитных очков, линз для очков, контактных линз, защитных очков, катетеров, канюль и т.д.
Производство стоматологических лабораторных печей.
Производство лабораторного оборудования для ультразвуковой очистки.
Производство лабораторных стерилизаторов.
Производство стоматологических инструментов.
Производство медицинских термометров.
Производство лабораторных дистилляторов, лабораторных центрифуг.
Производство иных инструментов, аппаратов и оборудования, используемого в медицинских целях.
Производство медицинской, хирургической, стоматологической или ветеринарной мебели, такой как операционные столы, смотровые столы, больничные койки с механическими приспособлениями, стоматологические кресла, включая встроенное стоматологическое оборудование.
Производство диализаторов

134.

Производство прочей продукции, не включенной в другие группировки

3299

Производство индивидуальных средств защиты, респираторов и др.

      ";

      примечание изложить в следующей редакции:

      "* Финансируются проекты в сфере туризма, реализуемые на побережье озера Алаколь (Восточно-Казахстанская область, Алматинская область), побережье озера Балхаш (Карагандинская область), в Баянаульской курортной зоне (Павлодарская область), Щучинско-Боровской курортной зоне (Акмолинская область), в городах Туркестане и Актау, Имантау-Шалкарской курортной зоне (Северо-Казахстанская область), Алматинском горном кластере (Талгарский, Енбекшиказахский, Уйгурский, Райымбекский, Карасайский районы Алматинской области), государственном региональном природном парке "Медеу", Иле-Алатауском государственном национальном природном парке.

      **Приграничные с Китайской Народной Республикой и Республикой Узбекистан территории Республики Казахстан.

      ***Извлеченного каменного угля из отвалов.";

      2) Утратил силу постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Сноска. Пункт 1 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания и подлежит официальному опубликованию.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 28 июня 2021 года № 441
  Приложение 4
к Правилам субсидирования
части ставки вознаграждения в
рамках Государственной
программы поддержки и
развития бизнеса "Дорожная
карта бизнеса-2025"
  Форма

Заявление

      Сноска. Приложение 1 утратило силу постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 28 июня 2021 года № 441
  Приложение 5
к Правилам субсидирования
части ставки вознаграждения в
рамках Государственной
программы поддержки и
развития бизнеса "Дорожная
карта бизнеса-2025"
  Форма

                                                      Куда: финансовое агентство
                                                      __________________________
                                                      От кого: __________________
                                                      (далее – предприниматель)

Заявление-анкета № __________

      Сноска. Приложение 2 утратило силу постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

  Приложение 3
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 28 июня 2021 года № 441
  Приложение 9-1
к Правилам субсидирования
части ставки вознаграждения в
рамках Государственной
программы поддержки и
развития бизнеса "Дорожная
карта бизнеса-2025"

Перечень наиболее пострадавших секторов экономики, подлежащих субсидированию в период с 1 апреля 2021 года до 30 июня 2021 года (включительно)

      Сноска. Приложение 3 утратило силу постановлением Правительства РК от 18.01.2024 № 18 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).