Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы "Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 9 ақпандағы № 303 өкіміне өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |
"Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығына және "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкіміне өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай актілеріне өзгерістер енгізілсін:
1) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 1 ақпандағы № 56 Жарлығында:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия туралы ережеде:
12-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) Мемлекет басшысының алдында жылына 2 рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей Комиссияның қызметі туралы есеп береді;";
2) "Қазақстан Республикасы Президентінің жанында Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы № 303 өкімінде:
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы ережеде:
2-тараудың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"5) Қазақстан Республикасының Президентін елдегі заңдылық пен құқықтық тәртіптің жай-күйі туралы жылына кемінде 2 рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей хабардар ету.".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ.Тоқаев |