Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулысы;
2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тауардың шығарылған елін айқындау, шығу тегі туралы сертификатты ресімдеу, куәландыру және беру қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2014 жылғы 16 шілдедегі № 793 және "Қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін айқындау және қауіпті өндірістік объектінің өнеркәсіптік қауіпсіздігі декларацияларын әзірлеу қағидаларын, қауіпті өндірістік объектілерді декларацияланатын объектілерге жатқызу критерийлерін бекіту туралы" 2014 жылғы 31 шілдедегі № 864 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 627 қаулысы.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |