Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 15 наурыздағы № 169 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына мүше мемлекеттердің әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөніндегі мемлекетаралық комиссияның қазақстандық бөлігінің құрамына мыналар енгiзiлсiн:
Сәрсембаев | - | Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі, тең төраға |
Айтақов | - | Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери-техникалық саясат департаменті бастығының орынбасары, тең төрағаның орынбасары |
Сантасов | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамыту департаменті экономика, қорғаныстық ғылыми зерттеулер және әскери-өнеркәсіпік стандарттау басқармасының бас сарапшысы, жауапты хатшы; |
көрсетілген құрамнан Аманияз Қасымұлы Ержанов, Бақытбек Сапарбекұлы Сыдықов, Марат Рахымжанұлы Қожахметов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |