"Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 тамыздағы № 540 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 23 тамыздағы № 716 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 23.08.2023 № 716 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 20 маусымдағы № 670 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 6 тамыздағы
№ 540 қаулысына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2011 жылғы 20 маусымдағы
№ 670 қаулысымен
бекітілген

Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық қаржыландыру нормалары

      1. Базалық қаржыландыру ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге, мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналына еңбекақы төлеуге, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызметін ақпараттық сүйемелдеуге арналған базалық қаржыландыру нормалары бойынша шығыстарды қамтиды.

      2. Ғылыми инфрақұрылым мен мүлікті, оның ішінде ғимараттарды, жабдықтар мен материалдарды ағымдағы қамтамасыз етуге арналған шығыстар мыналарды қамтиды:

      1) коммуналдық қызметтерге (су, газ, электр энергиясы, жылу, кәріз, желдету) ақы төлеу;

      2) байланыс қызметтеріне және әмбебап байланыс қызметтеріне ақы төлеу;

      3) көлікті жалға алу;

      4) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарға және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

      5) негізгі құралдарға жататын тауарларды сатып алу, өзге тауарларды сатып алу шығындары, өзге де ағымдағы шығындар, күзет (жеке және заңды тұлғалардың объектісін және (немесе) мүлкiн, оның iшiнде оны тасымалдау кезiнде күзету) шығындары, күзет сигнализациясына арналған шығындар;

      6) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметте пайдаланылатын негізгі құралдардың тозуы (амортизация), ғимаратты, жабдықты ағымдағы жөндеу.

      Бұл шығыстар Қазақстан Республикасы Үкіметінің:

      1) басқару органдарының ғимараттары үшін бекітілген үлестік нормалар бойынша "Бюджет қаражатынан қаржыландырылатын ұйымдар бойынша электр энергиясын, жылуды, ыстық және суық суды және басқа да коммуналдық қызмет көрсетулерді тұтынудың нормативтері туралы" 1998 жылғы 2 қарашадағы № 1118;

      2) "Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулыларында белгіленген нормативтерге ұқсас нормативтерге сәйкес айқындалады.

      3. Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік ғылыми ұйымдардың және мемлекеттік ғылыми ұйымдарға теңестірілген ғылыми ұйымдардың, мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғаларға тиесілі жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналының еңбегіне ақы төлеуді, оның ішінде өтемақы төлемдерін (сауықтыру үшін жәрдемақы төлеуді) қамтиды.

      Әкімшілік және қызмет көрсетуші персоналдың еңбегіне ақы төлеу жөніндегі шығыстар мемлекеттік бюджет есебінен ұсталатын азаматтық қызметшілерге сауықтыруға арналған жәрдемақы төлеуді қамтиды.

      Жедел басқару құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындар үшін осы шығыстар "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес айқындалады.

      Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорындар, акционерлік қоғамдар, коммерциялық емес акционерлік қоғамдар, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер үшін еңбекке ақы төлеу шығыстары "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысына сәйкес ең төменгі төлем мөлшерінде, Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік мүлік туралы", "Акционерлік қоғамдар туралы", "Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктер туралы" заңдарына сәйкес меншікті кірістер есебінен ең төменгі төлемнен жоғары мөлшерде айқындалады.

      4. Ғылыми-техникалық қызметті ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі шығыстар нақты шығындар бойынша қалыптастырылады және бұқаралық ақпарат құралдарында материалдарды орналастыру жөніндегі көрсетілетін қызметтерді қамтиды.

      5. Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес есептеледі.

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2011 года № 670 "Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 6 августа 2021 года № 540. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 23 августа 2023 года № 716.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 23.08.2023 № 716 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 20 июня 2011 года № 670 "Об утверждении норм базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности" следующее изменение:

      нормы базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности, утвержденные указанным постановлением, изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин

  Приложение
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 6 августа 2021 года № 540
  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 20 июня 2011 года № 670

Нормы базового финансирования научной и (или) научно-технической деятельности

      1. Базовое финансирование включает расходы по нормам базового финансирования на текущее обеспечение научной инфраструктуры и имущества, в том числе зданий, оборудования и материалов, оплату труда административного и обслуживающего персонала, а также информационное сопровождение научно-технической деятельности государственных научных организаций и научных организаций, приравненных к государственным, государственных организаций высшего и (или) послевузовского образования, организаций высшего и (или) послевузовского образования, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, а также организаций высшего и (или) послевузовского образования, в которых пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) прямо либо косвенно принадлежат юридическим лицам, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству.

      2. Расходы на текущее обеспечение научной инфраструктуры и имущества, в том числе зданий, оборудования и материалов, включают:

      1) оплату коммунальных услуг (вода, газ, электроэнергия, отопление, канализация, вентиляция);

      2) оплату услуг связи и универсальных услуг связи;

      3) аренду транспорта;

      4) взносы на социальные отчисления в Государственный фонд социального страхования и обязательное социальное медицинское страхование;

      5) затраты на приобретение товаров, относящихся к основным средствам, расходных материалов, приобретение прочих товаров, прочие текущие затраты, затраты на охрану (охрана объекта и (или) имущества физических и юридических лиц, в том числе при его транспортировке), затраты на охранную сигнализацию;

      6) износ (амортизация) основных средств, используемых в научной и (или) научно-технической деятельности, текущий ремонт здания, оборудования.

      Данные расходы определяются согласно нормативам, аналогичным нормативам, установленным следующими постановлениями Правительства Республики Казахстан:

      1) от 2 ноября 1998 года № 1118 "О нормативах потребления электроэнергии, тепла на отопление, горячей и холодной воды и других коммунальных услуг по организациям, финансируемым из средств бюджета" по нормам, установленным для зданий органов управления;

      2) от 10 февраля 2003 года № 145 "Об определении механизма проведения мониторинга административных расходов государственных предприятий, акционерных обществ, контрольные пакеты акции которых принадлежат государству, и товариществ с ограниченной ответственностью, размеры государственных долей участия в которых позволяют государству определять решения общего собрания участников, с целью их оптимизации".

      3. Расходы по оплате труда административного и обслуживающего персонала включают оплату труда, в том числе компенсационные выплаты административного и обслуживающего персонала государственных научных организаций и научных организаций, приравненных к государственным, государственным организациям высшего и (или) послевузовского образования, организациям высшего и (или) послевузовского образования, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству, а также организациям высшего и (или) послевузовского образования, в которых пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) прямо либо косвенно принадлежат юридическим лицам, пятьдесят и более процентов голосующих акций (долей участия в уставном капитале) которых принадлежат государству.

      Расходы по оплате труда административного и обслуживающего персонала включают выплаты пособия на оздоровление гражданским служащим, содержащимся за счет государственного бюджета.

      Данные расходы для государственных предприятий на праве оперативного управления определяются в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий".

      Для республиканских государственных предприятий на праве хозяйственного ведения, акционерных обществ, некоммерческих акционерных обществ, товариществ с ограниченной ответственностью расходы на оплату труда определяются в размере минимальной оплаты в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий", сверх минимальной оплаты за счет собственных доходов в соответствии с законами Республики Казахстан "О государственном имуществе", "Об акционерных обществах", "О товариществах с ограниченной и дополнительной ответственностью".

      4. Расходы по информационному сопровождению научно-технической деятельности формируются по фактическим затратам и включают услуги по размещению материалов в средствах массовой информации.

      5. Налоги и другие обязательные платежи в бюджет рассчитываются согласно Кодексу Республики Казахстан "О налогах и других обязательных платежах в бюджет (Налоговый кодекс)".