"Ғылым туралы" 2011 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2021 – 2023 жылдарға арналған конкурстан тыс рәсімдер арқылы республикалық бюджеттен бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық министрлігінің "Сирек және жерде сирек кездесетін элементтер негізінде жоғары пайдалану қасиеттері бар жаңа композициялық материалдар жасау" ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша жеке әріптестің қатысуымен жүзеге асырылады деп белгіленсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
А. Мамин |