Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 31 тамыздағы № 585 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары (бұдан әрі – Кешенді жоспар) бекітілсін.

      2. Орталық мемлекеттік органдар және жергілікті атқарушы органдар, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісу бойынша), сондай-ақ Кешенді жоспардың орындалуына жауапты басқа да ұйымдар (келісу бойынша):

      1) Кешенді жоспарда көзделген іс-шаралардың уақтылы іске асырылуын қамтамасыз етсін;

      2) жылына екі рет, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 қаңтарынан және 10 шілдесінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне Кешенді жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 ақпанынан және 1 тамызынан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне Кешенді жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
А. Мамин

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2021 жылғы 31 тамыздағы
№ 585 қаулысымен
бекітілген

Мемлекет шекараларында заңсыз сауда айналымына қарсы іс-қимылдың кешенді жоспары

      Ескерту. Кешенді жоспарға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.03.2022 № 130 қаулысымен.

р/с

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындау мерзімдері

Жауапты орындаушылар

Болжамды шығыстар (мың теңге)


1

2

3

4

5

6

1-бағыт. Заңнамалық процестер және халықаралық ынтымақтастық

1.

Жеке тұлғалар жеке пайдалануға арналған тауарлар түрінде өткізетін тауарларды заңсыз әкелуді анықтау жөніндегі өзара іс-қимыл тетігін әзірлеу және бекіту

Қаржымині және ҚМА бірлескен бұйрығы

2021 жылғы
3-тоқсан
 

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша)

талап етілмейді

2.

ЕАЭО елдерінен тауарларды әкелу кезінде ТІЖ жазып беруді бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2022 жылғы
1-тоқсан
 

Қаржымині, ИИДМ
 
 

талап етілмейді

3.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына тыйым салынған балық ресурстарын және басқа да жануарларды аулау құралдарын заңсыз әкелу, әкету, сатып алу, өткізу, қолдану, дайындау, сақтау бөлігінде әкімшілік жауапкершілікті күшейту, сондай-ақ ЭГТРМ, ЖАО уәкілетті органдарына әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды қарау және жасау өкілеттіктерін беру бөлігінде ұсыныстар енгізу
 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар

2021 жылғы
4-тоқсан
 

ЭГТРМ, Қаржымині, СИМ, ІІМ, ЖАО

талап етілмейді

4.

Мыналар:
1) отандық өнім өндірісінің болуы;
2) импорттаушылар тарапынан отандық өнімді өндірушілерге көрсетілетін адал емес бәсекелестік фактілері анықталған жағдайда, оларға қатысты шартты шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін кеңейту бөлігінде "Шартты түрде шығаруға жол берілмейтін тауарлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 21 шілдедегі № 441 қаулысына толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

жыл сайын

СИМ, Қаржымині, ҰЭМ, мүдделі мемлекеттік органдар, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

талап етілмейді

5.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына ЕАЭО елдері арасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде ТІЖ-нің ұсынылмауы, болмауы, ТІЖ-ге мәліметтердің сәйкес келмеуі үшін әкімшілік жауапкершілікті қайта қарау бөлігінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, ИИДМ, ҰЭМ

талап етілмейді

6.

Автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезекті енгізу бойынша пилоттық жобаны жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне өткізілген пилоттық жобаның қорытындылары бойынша ұсыныстар

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, ҰЭМ, ИИДМ,
ҰҚК (келісу бойынша),
"Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

талап етілмейді

7.

Көлеңкелі экономикаға қарсы тиімді күрес мақсатында экономикалық контрабанда, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтарғаны үшін жауапкершілікті көздейтін қылмыстық заңнаманы жетілдіру, сондай-ақ экономикалық контрабанда бойынша шекті мәнді азайту жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат
 

2021 жылғы
4-тоқсан
 

ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

8.

Көлеңкелі экономикаға қарсы тиімді күрес мақсатында кеден ісі саласындағы құқық бұзушылықтар үшін жауапкершілікті көздейтін әкімшілік заңнаманы жетілдіру жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, ҚМА (келісу бойынша), БП (келісу бойынша), "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша)

талап етілмейді

9.

Түркия Республикасының уәкілетті органдарымен ақпарат алмасуды ұйымдастыру және кедендік бақылау рәсімдерін оңайлату туралы, Иран Ислам Республикасымен тауарлар және көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтермен алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық шарттар жасасу

халықаралық шарттар

2021 жылғы
4-тоқсан
 
 

Қаржымині, СІМ, Әділетмині, ИСМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ

талап етілмейді

10.

Түрікменстанның уәкілетті органдарымен Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала мәліметтер алмасуды ұйымдастыру туралы халықаралық шарт жасасу

халықаралық шарттар

2023 жылғы
2-тоқсан
 

Қаржымині, СІМ, Әділетмині, ИСМ, ҰЭМ, ЦДИАӨМ

талап етілмейді

11.

Қазақстан Республикасының заңнамасын ЕАЭО елдерімен сауда шеңберінде зияткерлік меншік құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету бөлігінде жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар

2022 жылғы
1-тоқсан
 

Қаржымині, Әділетмині, СИМ

талап етілмейді

12.

"Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына автокөлік құралдарын ЕАЭО елдерінен Қазақстан Республикасына және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзитпен өткізу кезінде жүк автокөлік құралдарына ілінетін электрондық сәйкестендіргіштерді (навигациялық пломбаларды) қасақана зақымдағаны немесе жойғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу бөлігінде ұсыныстар енгізу

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі әзірлейтін ӘҚБтК-ға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі заң жобасына ұсыныстар

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині,
"Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), ИИДМ, ҰЭМ

талап етілмейді

2-бағыт. IT-инфрақұрылымын құру

13.

МКК АЖ және "ҚТЖ" ҰК" АҚ АЖ-ны тауарларды кедендік транзит кедендік рәсімімен орналастыру бөлігінде интеграциялауды қамтамасыз ету

өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, ЦДИАӨМ,
"ҚТЖ" ҰК" АҚ (келісу бойынша)

РБ
(7974,3 мың теңге)
 

14.

"АСТАНА-1" АЖ-ны және "ПЕЖ" АЖ-ны тауарларды декларациялау бойынша шешім қабылдау үшін халықаралық пошта жөнелтілімдері бойынша алдын ала мәліметтер ұсыну мақсатында интеграциялауды іске асыру

өнеркәсіптік пайдалануға беру актісі

2021 жылғы
3-тоқсан
 
 

Қаржымині, ЦДИАӨМ,
"Қазпошта" АҚ (келісу бойынша)

РБ
(3971,3 мың теңге)
 

15.

Инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттерін талдау кезінде жасанды интеллект тетіктерін енгізу

пайдалануға беру актісі

2024 жылғы
4-тоқсан
 
 

Қаржымині, ЦДИАӨМ

ратификацияланған Негіздемелік келісім шеңберінде көзделген (18.05.2019 ж. №257-VI ҚР Заңы) 2020-2023 жж. арналған бюджетте 82 891 739 мың теңге сомасында қаражат салынды (205 "Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру" бағдарламасы, 004 "Сыртқы қарыздар есебінен" кіші бағдарламасы)

16.

"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды камералдық бақылау" сервистік бағдарламалық өнімін "АСТАНА-1" АЖ-мен сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар бойынша мәліметтер беру бөлігінде интеграциялау жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2022 жылғы
1-тоқсан
 

ДСМ, Қаржымині

талап етілмейді

17.

"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды камералдық бақылау" сервистік бағдарламалық өнімін "Бірыңғай терезе" АЖ-мен сәйкестікті бағалау туралы берілген құжаттар бойынша мәліметтер беру бөлігінде интеграциялау жөніндегі мәселені пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2022 жылғы
1-тоқсан
 

ДСМ, СИМ, Қаржымині

талап етілмейді

18.

Мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінен және "Бүркіт" ақпараттық жүйесінен ЕАЭО елдерінен өткізілетін автокөлік құралдары мен тауарлар бойынша мәліметтермен алмасу

нәтижелерді талдау

2021 жылғы
4-тоқсан, бұдан әрі тоқсан сайын

Қаржымині, ҰҚК (келісу бойынша)

талап етілмейді

19.

Экспорттық бақылау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға (ИИДМ) экспорттық бақылау және лицензиялау саласында берілген рұқсат беру құжаттарының (лицензиялардың, рұқсаттардың) орындалуы туралы ақпаратты МКК ақпараттық жүйелерінен беру процесін автоматтандыру

"E-license" ақпараттық жүйесін МКК ақпараттық жүйелерімен интеграциялау

2022 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, ЦДИАӨМ, ИИДМ,
"ҰАТ" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

20.

"E-Freight" модулін (әуе көлігімен әкелінетін тауарлар туралы алдын ала хабардар ету) "Тауарларды декларациялау" (тауарларға арналған декларация) және "Жолаушылар кедендік декларациясы" модульдерімен деректерді автоматты түрде салыстыру үшін пысықтау

салыстыру мүмкіндігі туралы талдамалық есеп

2022 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, ИИДМ

талап етілмейді

21.

"АСТАНА-1" АЖ арқылы кедендік жете тексерудің (қарап тексерудің) электрондық актісін ресімдеу жөніндегі жаңа модулін енгізу

пайдалануға беру актісі

2023 жыл

Қаржымині

талап етілмейді

3-бағыт. Бақылау рәсімін жетілдіру

22.

Тауарларды шығарғанға дейін кедендік операцияларды жасайтын және тауарларды шығарғаннан кейін кедендік операцияларды жасайтын тұлғаларды санаттау нәтижелеріне мониторинг жүргізу

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині

талап етілмейді

23.

ТБЖ-ға енгізу үшін сыртқы экономикалық қызметтің жоғары тәуекелді қатысушылары бойынша камералдық бақылау нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның ақпарат беруі

"АСТАНА-1" АЖ-ға тәуекелдерді бейіндеуді енгізу (жоғары тәуекелді СЭҚҚ бойынша)

тоқсан сайын

ДСМ, Қаржымині

талап етілмейді

24.

Мемлекеттік кіріс органдары қолданатын ТБЖ тиімділігін арттыру, оның ішінде СЭҚҚ-тарды санаттау кезінде деректерді зияткерлік талдау нәтижелерін пайдалану арқылы субъектілік-бағдарланған тәсілді жетілдіру

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині

талап етілмейді

25.

Кеден өкілдерін санаттау нәтижелерін ТБЖ-да қолдану мақсатында пайдалану

ТБЖ-да іске асыру

үнемі

Қаржымині

талап етілмейді

26.

Қосымша отын бактарымен қайта жабдықталған автокөлік құралдарында жанар-жағармай материалдарының әкетілуін бақылауды жетілдіру мәселесін пысықтау

нәтижелерді талдау

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, ИИДМ

талап етілмейді

27.

Тауарлардың негізгі топтарының импортына мониторинг жүргізу, көлеңкелі айналым деңгейін төмендету бойынша ұсыныстар әзірлеу

нәтижелерді талдау

тоқсан сайын

Қаржымині, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

талап етілмейді

28.

Әкелінген сәттен бастап сатуға дейін таңбалауға жататын тауарларды бақылауды күшейту

нәтижелерді талдау

тоқсан сайын

Қаржымині

талап етілмейді

29.

ТБЖ-да тәуекел деңгейі төмен СЭҚҚ-тарға қатысты селективті іріктеу тетігін қолдану

нәтижелерді талдау

ай сайын

Қаржымині, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

талап етілмейді

30.

МКК сайтында тәуекел дәрежесі төмен компаниялар импорттаған тәуекел тобы тауарларының орташа статистикалық құны туралы ақпаратты жариялау

МКК сайтында жариялау

ай сайын

Қаржымині

талап етілмейді

31.

ҚХР-дан ҚР арқылы транзитпен өткізілетін тауарлар көлеміне ҚХР кедендік статистикасымен алшақтықтардың болуы тұрғысынан бірлескен талдау жүргізу

нәтижелерді талдау

тоқсан сайын

Қаржымині, "Атамекен" ҰКП
(келісу бойынша)

талап етілмейді

32.

"Атамекен" ҰКП мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін Telegram мессенджерінің "Тасымалдаушылар мәселелері" деген чатына қосу мәселесі бойынша "Атамекен" ҰКП-мен өзара іс-қимыл

"Атамекен" ҰКП мен бизнес-қоғамдастық өкілдерін чатқа қосу

үнемі

Қаржымині

талап етілмейді

33.

ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінің теңдестірілген көрсеткіштер жүйесін (KPI) енгізу

МКК сайтында жариялау

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині

талап етілмейді

34.

"Таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін айқындау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 10 қыркүйектегі № 568 қаулысына таңбалауға жататын тауарлардың тізбесін кеңейту бөлігінде толықтырулар енгізу

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

қажеттілігіне қарай

СИМ, ИИДМ, Қаржымині, ДСМ, АШМ, "Атамекен" ҰКП (келісу бойынша), "Қазақтелеком" АҚ (келісу бойынша)

талап етілмейді

35.

ЕАЭО елдерімен өзара сауда шеңберінде көлеңкелі тауар айналымына қарсы іс-қимыл жасау мақсатында ЕАЭО елдерінің фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтермен алмасуды көздеу

ЕЭК-ге ұсыныстар

2021 жылғы
4-тоқсан
 
 
 

Қаржымині, СИМ

талап етілмейді

36.

Қырғыз Республикасымен өзара саудада көлеңкелі тауар айналымын қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының фискалдық органдары арасында экспорттық операциялар бойынша мәліметтермен алмасуды жалғастыру

нәтижелерді талдау

үнемі

Қаржымині

талап етілмейді

37.

"Мемлекеттік кірістер органдары лауазымды тұлғаларының тауарларды кедендік тазартуды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 25 қаңтардағы № 73 бұйрығына "Тауарларды кедендік тазарту" мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті берушілерді және олардың жұмыс кестесін айқындау бөлігінде өзгерістер енгізу

Қаржымині бұйрығы

2021 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині

талап етілмейді

38.

ЕАЭО елдерімен шекарада орналасқан автомобиль өткізу пункттерін инспекциялық-тексеру кешендерімен жарақтандыру

пайдалануға беру актісі

Инфрақұрылымды дамытудың 2020 –2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасының кестесіне сәйкес

ИИДМ, Қаржымині
 
 

талап етілмейді

39.

Алып қойылған тауарларды сақтау үшін аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына үй-жайлар бөлу мәселесін пысықтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині

талап етілмейді

40.

Мемлекеттік кірістер комитетінің "Ахуалдық орталық" және "Электрондық декларациялау орталығы" басқармаларының базасында инспекциялық-тексеріп қарау кешендерінің рентген-суреттеріне қашықтықтан талдау жүргізу және тауарлар мен көлік құралдарына кедендік жете тексеруді жүргізуді бақылау үшін бас диспетчерлік басқарма құру

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы

2022 жылғы 2-тоқсан

Қаржымині, АШМ, ҰҚК (келісу бойынша)

талап етілмейді

41.

Бас диспетчерлік басқармада Мемлекеттік шекарадағы бақылаушы органдардың өкілдерін орналастыру

бірлескен бұйрық

2024 жылғы
4-тоқсан
 

Қаржымині, АШМ, ҰҚК (келісу бойынша)

талап етілмейді

42.

ЕАЭО елдерінің салық органдары арасында тауарға ілеспе құжаттардан фискалдық маңызы бар көрсеткіштері бойынша автоматтандырылған ақпарат алмасуды енгізу

ЕЭК-ге ұсыныстар

2022 жылғы
2-тоқсан
 

Қаржымині, СИМ

талап етілмейді

43.

"АСТАНА-1" АЖ интеграциясымен автомобиль өткізу пункттерінде электрондық кезек жүйесін енгізу

пайдалануға беру актісі

2022 жылғы
2-тоқсан
 

Қаржымині

талап етілмейді

44.

ЕАЭО кедендік шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерін ("Алакөл", "Қалжат", "Майқапшағай", "Бақты", "Қапланбек", "Қазығұрт", "Атамекен", "Тәжен", "Темір баба") және Бас диспетчерлік басқарманы (Ахуалдық орталық) жаңғыртуды және техникалық жарақтандыруды аяқтау

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат

2024 жылғы
3-тоқсан
 

Қаржымині

ратификацияланған Негіздемелік келісім шеңберінде көзделген (18.05.2019 ж. №257-VI ҚР Заңы) 2020-2023 жж. арналған бюджетте 82 891 739 мың теңге сомасында қаражат салынды (205 "Шекарадағы өткізу пункттерін жаңғырту және техникалық жете жарақтандыру" бағдарламасы, 004 "Сыртқы қарыздар есебінен" кіші бағдарламасы)

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      Әділетмині – Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

      ИИДМ – Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      ҰҚК – Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі

      "ҰАТ"АҚ – "Ұлттық ақпараттық технологиялар" акционерлік қоғамы

      ЕАЭО – Еуразиялық экономикалық одақ

      ЦДИАӨМ – Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ТІЖ – тауарларға ілеспе жүкқұжат

      ҚМА – Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі

      МКК АЖ – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесі

      "ҚТЖ"ҰК" АҚ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы

      "ҚТЖ"ҰК" АҚ АЖ – "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының ақпараттық жүйесі

      СЭҚҚ – сыртқы экономикалық қызметке қатысушы

      ТБЖ – тәуекелдерді басқару жүйесі

      "АСТАНА-1" АЖ – "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі

      "ПЕЖ" АЖ– "Пошта-есепке алу жүйесі" ақпараттық жүйесі

      БП – Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы

      ЭГТРМ – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

      ЖАО – жергілікті атқарушы органдар

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      МКК – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті

      ҚХР – Қытай Халық Республикасы

      ҚР – Қазақстан Республикасы

      "Қазақтелеком" АҚ – "Қазақтелеком" акционерлік қоғамы

      "Бірыңғай терезе" АЖ – "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесі

      ЕЭК – Еуразиялық экономикалық комиссия

      ӘҚБтК – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі

      РБ – республикалық бюджет

Об утверждении Комплексного плана противодействия нелегальному торговому обороту на границах государства

Постановление Правительства Республики Казахстан от 31 августа 2021 года № 585.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Комплексный план противодействия нелегальному торговому обороту на границах государства (далее – Комплексный план).

      2. Центральным государственным органам и местным исполнительным органам, государственным органам, непосредственно подчиненным и подотчетным Президенту Республики Казахстан (по согласованию), а также другим организациям (по согласованию), ответственным за исполнение Комплексного плана:

      1) обеспечить своевременную реализацию мероприятий, предусмотренных в Комплексном плане;

      2) два раза в год, не позднее 10 января и 10 июля года, следующего за отчетным периодом, представлять информацию о ходе исполнения Комплексного плана в Министерство финансов Республики Казахстан.

      3. Министерству финансов Республики Казахстан не позднее 1 февраля и 1 августа года, следующего за отчетным периодом, представлять в Правительство Республики Казахстан сводную информацию о ходе реализации Комплексного плана.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство финансов Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
А. Мамин


  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 31 августа 2021 года № 585

Комплексный план противодействия нелегальному торговому обороту на границах государства

      Сноска. Комплексный план с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 16.03.2022 № 130.

№ п/п

Наименование мероприятия

Форма завершения

Сроки исполнения

Ответственные исполнители

Предполагаемые расходы
(тысяч тенге)

1

2

3

4

5

6

Направление 1. Законодательные процессы и международное сотрудничество

1.

Разработка и утверждение механизма взаимодействия по выявлению незаконного ввоза товаров, перемещаемых физическими лицами, под видом товаров для личного пользования

совместный приказ МФ и АФМ

3 квартал
2021 года
 

МФ, АФМ (по согласованию)

не требуются

2.

Выработка предложений по совершенствованию системы контроля выписки СНТ при ввозе товаров со стран ЕАЭС

предложения в Правительство Республики Казахстан

1 квартал
2022 года
 

МФ, МИИР
 

не требуются

3.

Внесение предложений в законопроект "О внесении изменений и дополнений в Кодекс об административных правонарушениях" в части усиления административной ответственности в части незаконного ввоза, вывоза, приобретения, реализации, применения, изготовления, хранения запрещенных орудий лова рыбных ресурсов и других животных, а также наделения полномочиями рассмотрения и составления протоколов об административных правонарушениях уполномоченных органов МЭГПР, МИО

предложения в законопроект по внесению изменений и дополнений в КоАП, разрабатываемый Министерством юстиции Республики Казахстан
 

4 квартал
2021 года

МЭГПР, МФ, МТИ, МВД, МИО
 

не требуются

4.

Внесение дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2018 года № 441 "Об утверждении перечня товаров, в отношении которых условный выпуск не допускается" в части расширения перечня товаров, в отношении которых условный выпуск не допускается, при установлении:
1) наличия производства отечественной продукции;
2) фактов недобросовестной конкуренции, оказываемой со стороны импортеров производителям отечественной продукции

постановление Правительства Республики Казахстан

ежегодно

МТИ, МФ, МНЭ, заинтересованные государственные органы, НПП "Атамекен"
(по согласованию)

не требуются

5.

Внесение предложений в законопроект "О внесении изменений и дополнений в Кодекс об административных правонарушениях" в части пересмотра административной ответственности за непредставление, отсутствие СНТ, несоответствие сведений в СНТ при осуществлении международных автомобильных перевозок между странами ЕАЭС

предложения в законопроект по внесению изменений и дополнений в КоАП, разрабатываемый Министерством юстиции Республики Казахстан

4 квартал
2021 года

МФ, МИИР, МНЭ

не требуются

6.

Проведение пилотного проекта по внедрению электронной очереди на автомобильных пунктах пропуска
 

предложения в Правительство Республики Казахстан по итогам проведенного пилотного проекта

4 квартал
2021 года

МФ, МНЭ, МИИР,
КНБ (по согласованию),
НПП "Атамекен" (по согласованию)

не требуются

7.

Проработка вопроса по совершенствованию уголовного законодательства, предусматривающего ответственность за совершение экономической контрабанды, уклонение от уплаты налогов и других обязательных платежей в бюджет в целях эффективной борьбы с теневой экономикой, а также снижение порогового значения по экономической контрабанде

информация в Правительство Республики Казахстан
 

4 квартал
2022 года
 

АФМ (по согласованию), ГП (по согласованию), НПП "Атамекен" (по согласованию)
 

не требуются

8.

Проработка вопроса по совершенствованию административного законодательства, предусматривающего ответственность за правонарушения в сфере таможенного дела, в целях эффективной борьбы с теневой экономикой

предложения в законопроект по внесению изменений и дополнений в КоАП, разрабатываемый Министерством юстиции Республики Казахстан

4 квартал
2021 года

МФ, АФМ (по согласованию), ГП (по согласованию), НПП "Атамекен" (по согласованию)

не требуются

9.

Заключение международных договоров с уполномоченными органами Турецкой Республики об организации информационного обмена и упрощении процедур таможенного контроля, Исламской Республикой Иран об организации обмена предварительными сведениями о товарах и транспортных средствах

международные договоры

4 квартал
2021 года
 

МФ, МИД, МЮ, МТИ, МНЭ, МЦРИАП

не требуются

10.

Заключение международного договора с уполномоченными органами Туркменистана об организации обмена предварительными сведениями о товарах и транспортных средствах, перемещаемых между Республикой Казахстан и Туркменистаном

международный договор

2 квартал
2023 года

МФ, МИД, МЮ, МТИ, МНЭ, МЦРИАП

не требуются

11.

Выработка предложений по совершенствованию законодательства Республики Казахстан в части обеспечения защиты прав интеллектуальной собственности в рамках торговли со странами ЕАЭС

предложения в Правительство Республики Казахстан
 

1 квартал
2022 года

МФ, МЮ, МТИ

не требуются

12.

Внесение предложений в законопроект "О внесении изменений и дополнений в Кодекс об административных правонарушениях" в части введения административной ответственности за умышленное повреждение или уничтожение электронных идентификаторов (навигационных пломб), навешиваемых на грузовые автотранспортные средства при перемещении автотранспортных средств из стран ЕАЭС в Республику Казахстан и транзитом по территории Республики Казахстан

предложения в законопроект по внесению изменений и дополнений в КоАП, разрабатываемый Министерством юстиции Республики Казахстан
 

4 квартал
2021 года

МФ,
НПП "Атамекен" (по согласованию), МИИР, МНЭ

не требуются

Направление 2. Создание IT - инфраструктуры

13.

Обеспечение интеграции ИС КГД и ИС АО "НК "КТЖ" в части помещения товаров под таможенную процедуру таможенного транзита

акт ввода в промышленную эксплуатацию

4 квартал
2021 года

МФ, МЦРИАП,
АО "НК "КТЖ" (по согласованию)

РБ
(7974,3 тысяч тенге)
 

14.

Реализация интеграции ИС "АСТАНА-1" и ИС "ПУС" в целях предоставления предварительных сведений по международным почтовым отправлениям для принятия решения по декларированию товаров

акт ввода в промышленную эксплуатацию

3 квартал
2021 года
 

МФ, МЦРИАП,
АО "Казпочта" (по согласованию)

РБ
(3971,3 тысяч тенге)
 

15.

Внедрение механизмов искусственного интеллекта при анализе рентген-снимков инспекционно-досмотровых комплексов

акт ввода в эксплуатацию

4 квартал
2024 года
 

МФ, МЦРИАП

предусмотрено в рамках ратифицированного Рамочного соглашения (Закон РК №257-VI от 18.05.2019 г.) в бюджете на 2020-2023 гг. заложены средства в сумме 82 891 739 тыс. тенге (программа 205 "Модернизация и техническое дооснащение пунктов пропуска на границе", подпрограмма 004 "За счет внешних займов")

16.

Проработка вопроса по интеграции сервисного программного продукта "Камеральный контроль за участниками внешнеэкономической деятельности" с ИС "АСТАНА-1" в части передачи сведений по участникам внешнеэкономической деятельности

информация в Правительство Республики Казахстан

1 квартал
2022 года

МЗ, МФ

не требуются

17.

Проработка вопроса по интеграции сервисного программного продукта "Камеральный контроль за участниками внешнеэкономической деятельности" с ИС "Единое окно" в части передачи сведений по выданным документам об оценке соответствия

информация в Правительство Республики Казахстан

1 квартал
2022 года

МЗ, МТИ, МФ

не требуются

18.

Обмен сведениями по автотранспортным средствам и товарам, перемещаемым со стран ЕАЭС, из информационных систем органов государственных доходов и информационной системы "Беркут"

анализ результатов

4 квартал
2021 года, далее - ежеквартально

МФ, КНБ (по согласованию)

не требуются

19.

Автоматизация процесса предоставления уполномоченному государственному органу в сфере экспортного контроля (МИИР) информации об исполнении выданных разрешительных документов (лицензии, разрешения) в сфере экспортного контроля и лицензирования из информационных систем КГД

интеграция информационной системы "E-license" c информационными системами КГД

4 квартал
2022 года

МФ, МЦРИАП, МИИР,
АО "НИТ" (по согласованию)

не требуются

20.

Проработка модуля "E-Freight" (предварительное информирование о товарах, ввозимых воздушным транспортом) с модулями "Декларирование товаров" (декларация на товары) и "Пассажирская таможенная декларация" для автоматического сопоставления данных

аналитический отчет о возможности сопоставления

4 квартал
2022 года

МФ, МИИР

не требуются

21.

Внедрение через ИС "АСТАНА-1" нового модуля по оформлению электронного акта таможенного досмотра (осмотра)

акт ввода в эксплуатацию

2023 год

МФ

не требуются

Направление 3. Совершенствование процедуры контроля

22.

Проведение мониторинга результатов категорирования лиц, совершающих таможенные операции до выпуска товаров и совершающих таможенные операции после выпуска товаров

информация в Правительство Республики Казахстан

4 квартал
2021 года

МФ

не требуются

23.

Предоставление информации государственным органом в сфере санитарно-эпидемиологического благополучия населения по результатам камерального контроля по высокорисковым участникам внешнеэкономической деятельности для включения в СУР

внедрение в ИС "АСТАНА-1" профилирования рисков (по высокорисковым УВЭД)

Ежеквартально

МЗ, МФ

не требуются

24.

Повышение эффективности СУР, применяемой органами государственных доходов, в том числе совершенствование субъектно-ориентированного подхода путем использования результатов интеллектуального анализа данных при категорировании УВЭД

информация в Правительство Республики Казахстан

4 квартал
2021 года

МФ

не требуются

25.

Использование результатов категорирования таможенных представителей в целях применения в СУР

реализация в СУР

постоянно

МФ

не требуются

26.

Проработка вопроса совершенствования контроля за вывозом горюче-смазочных материалов на автотранспортных средствах, переоборудованных дополнительными топливными баками

анализ результатов

4 квартал
2021 года

МФ, МИИР

не требуются

27.

Проведение мониторинга импорта основных групп товаров, выработка предложений по снижению уровня теневого оборота

анализ результатов

ежеквартально

МФ, НПП "Атамекен"
(по согласованию)

не требуются

28.

Усиление контроля за товарами, подлежащими маркировке, с момента ввоза до реализации

анализ результатов

ежеквартально

МФ

не требуются

29.

Применение в СУР механизма селективного отбора в отношении УВЭД низкого уровня риска

анализ результатов

ежемесячно

МФ, НПП "Атамекен"
(по согласованию)

не требуются

30.

Публикация на сайте КГД информации о средней статистической стоимости товаров группы риска, импортированных компаниями низкой степени риска

публикация на сайте КГД

ежемесячно

МФ

не требуются

31.

Проведение совместного анализа объемов товаров, перемещаемых из КНР транзитом через РК, на предмет наличия расхождений с таможенной статистикой КНР

анализ результатов

ежеквартально

МФ, НПП "Атамекен"
(по согласованию)

не требуются

32.

Взаимодействие с НПП "Атамекен" по вопросу включения в чат мессенджера Telеgram "Проблемы перевозчиков" представителей НПП "Атамекен" и бизнес-сообщества

включение в чат представителей НПП "Атамекен" и бизнес-сообщества

постоянно

МФ

не требуются

33.

Внедрение системы сбалансированных показателей (KPI) автомобильных пунктов пропуска на таможенной границе ЕАЭС

публикация на сайте КГД

4 квартал
2021 года
 

МФ

не требуются

34.

Внесение дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 сентября 2020 года № 568 "Об определении перечня товаров, подлежащих маркировке" в части расширения перечня товаров, подлежащих маркировке

постановление Правительства Республики Казахстан

по мере необходимости

МТИ, МИИР, МФ, МЗ, МСХ, НПП "Атамекен" (по согласованию),
АО "Казахтелеком" (по согласованию)

не требуются

35.

В целях противодействия теневому товарообороту в рамках взаимной торговли со странами ЕАЭС предусмотреть обмен между фискальными органами стран ЕАЭС сведениями по экспортным операциям

предложения в ЕЭК

4 квартал
2021 года
 

МФ, МТИ

не требуются

36.

В целях сокращения теневого товарооборота во взаимной торговле с Кыргызской Республикой продолжить обмен между фискальными органами Республики Казахстан и Кыргызской Республики сведениями по экспортным операциям

анализ результатов

постоянно

МФ

не требуются

37.

Внесение изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 25 января 2018 года № 73 "Об утверждении Правил совершения таможенной очистки товаров должностными лицами органов государственных доходов" в части определения услугодателей по оказанию государственной услуги "Таможенная очистка товаров" и графика их работы

приказ МФ

4 квартал
2021 года

МФ

не требуются

38.

Оснащение автомобильных пунктов пропуска, расположенных на границе со странами ЕАЭС, инспекционно-досмотровыми комплексами

акт ввода в эксплуатацию

в соответствии с графиком Государственной программы инфраструктурного развития Республики Казахстан
"Нурлы жол" на 2020-2025 годы

МИИР, МФ
 

не требуются

39.

Проработка вопроса выделения территориальным органам государственных доходов помещений для хранения изъятых товаров

информация в Правительство Республики Казахстан

4 квартал
2024 года

МФ

не требуются

40.

Создание главного диспетчерского управления для проведения дистанционного анализа рентген-снимков инспекционно-досмотровых комплексов и контроля проведения таможенного досмотра товаров и транспортных средств на базе управлений "Ситуационный центр" и "Центр электронного декларирования" Комитета государственных доходов

постановление Правительства Республики Казахстан

2 квартал 2022 года

МФ, МСХ, КНБ (по согласованию)

не требуются

41.

Размещение в Главном диспетчерском управлении представителей контролирующих органов на Государственной границе

совместный приказ

4 квартал
2024 года

МФ, МСХ, КНБ (по согласованию)

не требуются

42.

Внедрение автоматизированного информационного обмена между налоговыми органами стран ЕАЭС по фискально значимым показателям из товаросопроводительных документов

предложения в ЕЭК

2 квартал
2022 года

МФ, МТИ

не требуются

43.

Внедрение системы электронной очереди на автомобильных пунктах пропуска с интеграцией с ИС "АСТАНА-1"

акт ввода в эксплуатацию

2 квартал
2022 года

МФ

не требуются

44.

Завершение модернизации и технического дооснащения автомобильных пунктов пропуска на таможенной границе ЕАЭС ("Алаколь", "Кольжат", "Майкапчагай", "Бахты", "Капланбек", "Казыгурт", "Атамекен", "Тажен", "Темир баба") и Главного диспетчерского управления (Ситуационный центр)

информация в Правительство Республики Казахстан

3 квартал
2024 года

МФ

предусмотрено в рамках ратифицированного Рамочного соглашения (Закон РК №257-VI от 18.05.2019 г.) в бюджете на 2020-2023 гг. заложены средства в сумме 82 891 739 тыс. тенге (программа 205 "Модернизация и техническое дооснащение пунктов пропуска на границе", подпрограмма 004 "За счет внешних займов")


      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МСХ – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

      МЮ – Министерство юстиции Республики Казахстан

      МИИР – Министерство индустрии и инфраструктурного развития Республики Казахстан

      МФ – Министерство финансов Республики Казахстан

      МИД – Министерство иностранных дел Республики Казахстан

      КНБ – Комитет национальной безопасности Республики Казахстан

      МНЭ – Министерство национальной экономики Республики Казахстан

      МВД – Министерство внутренних дел Республики Казахстан

      НПП "Атамекен" – Национальная палата предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен"

      МТИ – Министерство торговли и интеграции Республики Казахстан

      АО "НИТ" – акционерное общество "Национальные информационные технологии"

      ЕАЭС – Евразийский экономический союз

      МЦРИАП – Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

      СНТ – сопроводительная накладная на товары

      АФМ – Агентство Республики Казахстан по финансовому мониторингу

      ИС КГД – информационная система Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан

      АО "НК "КТЖ" – акционерное общество "Национальная компания "Казакстан темир жолы"

      ИС АО "НК "КТЖ" – информационная система акционерного общества "Национальная компания "Казакстан темир жолы"

      УВЭД – участник внешнеэкономической деятельности

      СУР – система управления рисками

      ИС "АСТАНА-1" – информационная система "АСТАНА-1"

      ИС "ПУС" – информационная система "Почтово-учетная система"

      ГП – Генеральная прокуратура Республики Казахстан

      МЭГПР – Министерство экологии, геологии и природных ресурсов Республики Казахстан

      МИО – местные исполнительные органы

      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан

      КГД – Комитет государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан

      КНР – Китайская Народная Республика

      РК – Республика Казахстан

      АО "Казахтелеком" – акционерное общество "Казахтелеком"

      ИС "Единое окно" – информационная система "Единое окно"

      ЕЭК – Евразийская экономическая комиссия

      КоАП – Кодекс Республики Казахстан об административных правонарушениях

      РБ – республиканский бюджет.